?ткізгіш ж?не б?ліп шы?арушы ?лпа (6 сынып)


Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпаларБиология 6 сыныпСабақтың тақырыбы: Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпаларСабақтың мақсаты: Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалардың құрылысы, қызметі, маңызы жайлы түсіндіру.2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.3. Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.Сабақтың типі: араласСабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау, талдау, салытыру.Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру3. Жаңа сабақты түсіндіру.5. Өткізгіш ұлпа – қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді (6 - сурет). Тамырдың сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді. Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесі тамырға өткізеді. Атқаратын қызметіне байланысты өткізгіш ұлпа жасушаларының пішіндері де түрліше болып өзгерген. Ұзынша жасушасының қабырғасы ағаштанған (сүректенген) қалың. Жұқарған жерлері (саңылауы) арқылы қоректік ерітінді сүзіліп екінші жасушаға өтеді.Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар сүзгілі түтіктер деп аталады. Бұл жасушалардың қабырғаларында өте көп сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулар болады. Сүзгілі түтік жасушалары ағаштар мен бұталарда 3 - 4 жылдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады. Өсімдікте өткізгіш ұлпа, тірек ұлпасы, қоректік ұлпа бірлесіп, өткізгіш шоқ немесе түтікшелі - талшықты шоқ түзеді. Өткізгіш шоқтардың екі ұшы сүйірленген ұзынша жасушалары сүректе орналасады. Сүзгілі түтік жасушаларының топтасқан бөлімі қабықта болады. Сондықтан органикалық заттар қабықтағы өткізгіш ұлпалармен қозғалады. Минералды тұздардың судағы ерітіндісі сүректегі өткізгіш ұлпаларымен қозғалып, өсімдік мүшелеріне жеткізіледі. Күзде сүзгілі түтік жасушаларының саңылаулары уыз тәрізді затпен бітеліп, органикалық заттардың өтуі (қозғалуы) тоқталады. Өсімдік тыныштық күйге көшеді. Көктемде уыз тәрізді заттар еріп, жолдар ашылып, органикалық заттар қозғалысы қайта басталады.6. Бөліп шығарушы ұлпа. Өсімдіктің жануарлар сияқты керексіз заттарды бөліп шығаратын арнаулы мүшелері болмайды. Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп шығарушы ұлпа жасушаларының пішіндері әр түрлі. Жасуша қабықшасы қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде ұзақ сақталады. Керексіз заттар жасушада шектен тыс артық жиналғанда цитоплазмасы жойылып, қабықшасы қатайып, қалыңдап тозданады. Керексіз заттар өсімдіктің зақымданған жерінен шайыр түрінде бөлінсе, жапырақтан артық тұздар тамшы (сұйық ерітінді) күйінде бөлінеді. Керексіз қалдық заттар өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде түгелімен сыртқа шығарылады. Сондықтан бөліп шығарушы ұлпа дейді.Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыранды орналасқан Өсімдікте зат алмасудың нәтижесінде бөлінетін қатты және сұйық заттардың бөліп шығарылуы ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады. Бөлінген заттар өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайды.Бөлінетін заттардың біразы өсімдіктің ішінде қалса, біразы сыртқа шығарылады. Сондықтан олар ішке бөлетін және сыртқа шығаратын ұлпалар деп екіге бөлінеді.Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар – шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары. Сүт жолы өсімдіктің барлық мүшесінде орналасқан. Сүтті шырын – ақ және сары түсті қоймалжың сұйықтық. Оның құрамында көмірсулар, майлар, нәруыздар бар.Заттарды сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар: домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) түктер, жабысқақ (безді) қабыршақтар, шірнеліктер.Домалақ басты түктер жабын ұлпаның өңінен пайда болады, эфир майын бөледі. Сондықтан өсімдік хош иісті. Мысалы, қазтамақ (пеларгония) өсімдігінің жапырақтары мен сабақтарындағы түктер эфир майын көп бөледі. Мәдени түрде өсіріледі. Эфир майын иіссудың, сабынның, бетке жағатын майдың, шаш жуатын сұйық сабындардың құрамына қосады.Жабысқақ (безді) түктер мен безді қабыршақтар – көп жасушалы. Бөлінетін заттар жасуша қабықшасы арқылы сыртқа шығарылады. Безді жасушаларда тез ұшқыш эфир майы жиналады. Мысалы, мандарин, апельсин, лимон қабықтарын қолмен қысып қалса, эфир майы шашырап шығады. Осы жиналған эфир майына сіріңке шақса, дереу жалын пайда болады. Безді жасушалар шайқурай, эвкалипт, дәмжапырақ (лавр), магнолия жапырақтарында, шүйіншөптің (валерьяна) тамырларында, қабықта көп.Шірнеліктер гүл тостағаншасы, күлтесінің түбіне, аналық жатынының қабырғасына, гүл табанына орналасқан. Пішіні мен құрылысы әр түрлі (түтік, шырынды өсінді, күлте тәрізді жалпақ және т. б.). Шірнеліктерден бөлінетін шірненің құрамындағы қант, витамин, минералды заттардың ерітіндісі, хош иістері бунақденелілерді еліктіреді.