Жол ережесін білейік,аман-есен ж?рейік! (1-сынып)


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
№11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Шалкарова Мадина Исаевна
Сабақтың тақырыбы: «Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!»
Сабақтың мақсаты: 
1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол
ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1.  Ала таяқ ұстаған,                                                       2.   Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған.                                                    Адам тасып аялайды.
Өміріңді  күзеткен, (Автобус) Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)
 
3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
 
4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,
Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)
 
5.     Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)
 
6.     Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
 
Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.
1.     Неге ?Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.
2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.
3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.
 
Тақтада
Қызыл — Тоқта !
Сары  — Сақтан !
Жасыл — Жол ашық!
Құндызай :  Қызыл көзін ашқанда ,Сынық сүйем  баспа  алға !Диана  :      Сары  көзін ашқанда ,Қарап қалма  аспанға !Сұлупан:   Жасыл көзін ашқанда ,Өте  бергін , жасқанба !
Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.
 
Ән: Бағдаршам
1.     Көшеде біз сақ болайық ,Қаймықпасын ата — ана .Жолда сен бол  лайық,
Жас ұлан деген  атқа
 
Қ- сы :
Әрқашан күн  сөнбесін,
Аспаннан бұлт  төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре  аласың ,Сен өзіңді сау сақтап
 
Мұғалім : — Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?
Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.
Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
 
Инспектор Олжас:
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
 
Бағдаршам Берекет:
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
 
Бағдаршам Мадияр:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
 
Жанерке:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі Анар :
Қып — қызыл  үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт — сапар  жолдаған.
Аман — сау жүреді  жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.
 
Тыйым салу  белгісі Ержан:
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .
Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,
Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан — жақты.
 
Міндеттеу белгісі Әсем :Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,
Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті  орында !
Ңұсқау белгісі Нұрлыбек:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн — түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.
Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,
Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.
 
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
 
Қорытындылау :
Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.