Тарбие са?аты: Жол ережесін білейік, аман — есен ж?рейік
Тақырыбы: «Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік»
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі.- Бүгінгі «Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік» атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.Психологиялық тренинг. «Достық шеңбері» сәлемдесу.Ұл - қыз сәлем береміз,Өнегелі өренбіз.Біздер - қазақ баласы,Сәлем - сөздің анасы.Тәрбиеші: - Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?Балалар: көшелер, көліктер.Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?Балалар: Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.Ізденістер ұйымдастыру: Астананың көшелері кең, үлкен қаламызда көліктер көп.Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді.
(Бағдаршам)Төбесінде шырағы,Жолаушының пырағы.Барасың деп қай жаққа,Алдын күтіп тұрды.Шахматтың тақтасы,Секілді онда таңба бар.Бұл қай көлік?
(Такси)Тәрбиеші: - Бәрекелді! Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен.Бүгінгі тәрбие сағатымызда жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысып, аялдама таңбалардың белгісімен танысамыз.1. Өлең шумақтарымен ортаға:Санап кетсек сіз бен біз,Сан көлікке мінеміз.Троллейбус, трамвай,Автобуспен жүреміз.
2. Көлік, көлік,Көліктерге мінеміз.Көшелермен, көшелермен,Күнде тынбай жүреміз.3. Жол жүрудің тәртібін,Ережесін білеміз.Сақтағанда қатерден,Сау - саламат жүреміз.4. Көшеде бағдаршам болмаса,Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.Кідірме, абыржып онда аса,Сенгейсің өзіңе көзіңе.5. Көшеде ортаға жеткенше,Әуелі көзің сал сол жаққа.Балақай, ортадан өткен соң,Мойның сал сол жақтан оң жаққа.6. Мен білемін, бәрін деме,Отырған жоқсың бөлмеде.Машина өтіп кеткесін,Жолаушы алға беттесін.Тәрбиеші: Менің үш көзім бар,Бір көзім «кідір» дейді.Бір көзім «абайла» дейді,Бір көзім «қарап қалма» дейді.Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?Менің атым «бағдаршам», Жақсы білем міндетімді,Мекен - жайым тұрақты. Мүдірмеймін ешқашан.«Бағдаршам» ойынын ойнату.Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде - балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)Тәрбиеші: – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.
Оқушы қалай өтетінін көрсетеді.
Қорытындылау:
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.