?аза? тілі п?нінен саба? жоспары Д?рыс тама?тану — денсаулы? кепілі ( 5сынып)
Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Білім сапасын арттыру құралы ретінде оқушы тұлғасының
функционалды сауаттылығын қалыптастыру».
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қатысымдық,
ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің
басты тетігі – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру».
Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық
технологияны қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту».
Күні: 10.10.2016
Сынып: 5 Б,5В
Сабақ тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Мақсаты:
Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 1.Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде ас атаулары жөнінде толық ақпарат беру.
2.Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді меңгерту. 3.Тілдік коммуникация барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
4.Қысқа мәтіндер арқылы оқушыларды ас атаулыны қадірлеуге тәрбиелеу.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығыЖетістік критерийлері (күтілетін нәтижелер) Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): ас, тағам атаулары жөнінде айтады,сипаттап таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ас, тағам атауларын қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен, тағам атаулары, ас мәзірі жайлы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілеріарқылы сұхбаттасады.
Негізгі түсініктер: Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, жеңіл тамақ, қуыру,
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, өзара бағалау парағы, смайликтер,картішке
Оқыту әдістері: Сипаттау, түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, диалог, жұптық жұмыс, «Баспалдақ» әдісі, сергіту жаттығуы.
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалықматериалдар, сөздік. Білгеннің пайдасы.
Балалар кітапханасы.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті Оқушыларға психологиялық ахуал туғызуМұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады. Оқушылар параққа маркерменөзінің көңіл-күйін сипаттайтынсурет (смайлик) (күліп немесеезу тартып тұрған, қабағы түюлі,
бейтарап,
т. б.) салады.
Фонетикалық жаттығу 1.Оқушылардың тілдерін жаттықтыру мақсатында фонетикалық жаттығу өткізеді. 1.Жаңылтпашты оқиды, тез айтуға жаттығады, жасырылған дауысты дыбыстарды тауып, мінездеме береді.
Тіл дамытуға арналған сұрақтар «Иә, жоқ » ойыны арқылы сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап береді.
Өткен сабақты тексеруӨткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді,бағалайды. Тапсырманы айтады, «Әлібекті киіндіру» тақырып
бойынша сұрақтарға жауап
береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың
жаңа сабаққа деген
қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру әдісін пайдаланып, тамақ» сөзіне
ассоциаграмма құрғызады. Әр оқушы тақтада ілулі тұрған
плакатқа маркермен өз түсінігін
жазады.
ІІ. Мағынаны тану1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті
тақтадан «Сыр сандық» әдісі арқылы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа
сөздерді тыңдайды, мұғаліммен
бірге оқиды.
Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Жазылым. Дұрыс айтуға,
жазуға дағдыландыру үшін 1, 2-тапсырманы орындатады.
3. «5 жол өлеңі» әдісі арқылы жаңа сөздермен жұмыс өткізеді. 2.Айтылым. Жазылым. «Тамақ»
сөзіне кластер жасайды, диалогті
толықтырады, сөйлемдерді өз
сөзімен толықтырып айтады.
3. Дәптерлеріне құрастырған сөйлемдерлі жазады.
Ә) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 5-тапсырманы орындатады. Тілдесім. Қандай тамақтарды
ұнататыны туралы диалог құрады.
3. Грамматика. Буын үндестігінмеңгертеді. Буын үндестігін меңгереді.
Жаңа тақырып Топпен жұмысын ұйымдастырады. Әр топқа тапсырмаларын түсіндіреді. Әр топ өз жауаптарын плакатқа жазып, қорғайды.
ІІІ. Ойтолғаныс
Бейнетаспадан «Қыста қалай тамақтану керек?» атты бейне көрсетеді. Бейне бойынша кесте толтырады.
IV. Бекіту
1.Тапсырма беріледі. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.
2. Буын түрлерін тексереді. 1. Тапсырманы дәптерлеріне орындайды.
2. Берілген сөздерді буынға бөліп түрін анықтайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім
Оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. «Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды.
VI. Үйге тапсырмаЖаңа сөздерді жаттау.
«Дұрыс тамақтану» эссе жазу, әңгімелеу. VII. Рефлексия
Стикерлер таратады. Оқушылар сабақта не білемін, не білдім, не білгім келеді сұрақтарға жазып
тақтаға іледі.