ИНФОРМАТИКА САБА?ЫНДА СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ?ОЛДАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мамытжанова Г.А.
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы
e-mail: mgulmiraa@mail.ru Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпараттық технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Ел президенті Н.Назарбаев «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп атап көрсеткеніндей, оқытуда инновациялық әдіс – тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.
Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың оқушылардың білімін көтеруде маңызы зор. Солардың бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сыни ойлауды дамыту педагогикалық технологиясы – оқушының өз бетімен оқу, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен дамуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесіне интерактивті қосылу арқылы оқушы өзін іс жүзінде көрсете алады, әртүрлі қызмет сфераларында бүгінде талап етілетін маңызды істі жете білушілік қайсыбір проблемаларды шешуде дербес шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Ол білім беруде мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: білім саласында үнемі жаңарып тұратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасай білу, өз ойларын жеткізе білу (ауызша және жазбаша түрде), айналасындағылармен анық, сенімді, нақты қарым – қатынас жасай білу, түрлі тәжірибелерге, идеяларға және ұсыныстарға өз пікірін пайымдау негізінде жеткізу; проблемаларды шеше білу, өз бетінше білім алу; топта бірлесе еңбектену және жұмыс жасау; басқа адамдармен сындарлы қарым-қатынас жасауға қабілеттілік.
Сыни ойлауды дамыту технологиясына үш кезеңнен тұратын сабақ түрі жатады:
1-кезең – қызығушылықты ояту (evocation);
2-кезең – мағынаны ашу (realization of meaning);
3-кезең – ой толғаныс (рефлексия) (reflection);
Психологтардың пікірінше, сабақтың мұндай түрі адамның қабылдау кезеңдеріне сәйкес келеді:
Әуелі бұл тақырып бойынша сізге не белгілі екенін еске түсіру керек, көңілді аудару керек (кіріспе ой қозғау);
Сосын жаңа ақпаратпен танысу керек, оны ұғыну керек (танымдық кезең);
Содан кейін бұл алынған білім саған не үшін керек, оны қалай қолданатыныңды ойлану керек (рефлексия бағалау кезеңі).
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану арқылы информатика пәні сабақтарын түрлендіріп өткізуге болады.
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Негізі ұғымдар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды электронды кесте ұғымымен, Excel бағдарламасының терезе интерфейсі және жұмыс кітабы, жұмыс парағымен таныстыру, Excel бағдарламасына мәліметтер енгізуге, бағдарламаны сауатты қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтиже. Оқушы жасай алады:
Білімді проблема бойынша актуалдандыру;
Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі;
Ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады;
Мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс жасау дағдысын дамыту;
Өзінің және кластастарының білім алуына жауапкершілікпен қарайды;
Ұсынылған проблема бойынша жан-жақты түйіндеме жасай алады;
Ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде тұжырымдай алады.
Сабақтың типі. Жаңа сабақты меңгерту.
Оқыту әдісі. СТО технологиясы (Ассоциация, ЖИГСО, Синквейн әдістері).
Көрнекілігі: Маркерлі-интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы: Оқушыларға оқу, білім туралы мақал-мәтелдердің бөліктерін таратып, оларды құрастыру арқылы топқа бөлу.
І. Қызығушылықты ояту.
Ассоциация әдісі. Электронды кесте сөзіне ассоциация.
мәтін
диаграмма
жол
торкөз
Электрондық кесте
формула
ұяшық
сан
баған
автотолтыру
ІІ. Мағынаны тану. 4 оқушыдан тұратын топты қайтадан «Excel бағдарламасы», «Жұмыс кітабы», «Электрондық кесте» деп атап, үш «сараптау» тобына бөлінеді
ЖИГСО әдісі. Сараптау топтарына мәтін таратылады.
MS Excel бағдарламасы. Бағдарлама интерфейсі. Бағдарламаны іске қосу.
Жұмыс кітабы, жұмыс парағы. Ұяшықтар
Электрондық кестеге мәлімет енгізу.
Оқушылар сараптама топтарына бөлініп, өздеріне берілген мәтінді оқып, меңгереді. Мәтіннің күрделі жерлерін мұқият түсініп, өз жанұя мүшелеріне ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады. Өз жанұяларына оралып, бір-біріне сараптау тобында алған ақпараттарын баяндап, талқылайды, бір-біріне үйретеді. Әр топтан оқушылар ортаға шығып электрондық кесте ұғымы туралы, MS Excel бағдарламасының интерфейсі және кестеге мәлімет енгізу туралы айтады.
ІІІ. Рефлексия. Жаңа ақпаратты жинақтау және жүйелеу, оған баға беру, оқу материалына өзіндік көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Синквейн» әдісін қолдандым.
«Синквейн» әдісі – тақырыпқа сәйкес бес жол өлең жазу.
Бірінші жол – тақырыптың атауы (зат есім);
Екінші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім);
Үшінші жол – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік);
Төртінші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы;
Бесінші жол – бір сөз – тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
Оқушылар синквейнді дәптерге жазады. Мысалы:
MS Excel бағдарламасы
Электронды, көркем
Құру, редакциялау, пішімдеу
Excel есептеу жұмыстарын жүргізеді
Бағдарлама
Оқушылар бір-бірінің жазған бес жол өлеңін жұпта, топта талқылап, ең үздігі класта оқылады.
Практикалық бөлім. Компьютерде практикум тапсырманы орындау.
Оқушылардың жасаған жұмыстары Net Control2 желі басқару бағдарламасы арқылы тексеріледі. Оқушылар алдын-ала таратылған бағалау кестесі арқылы бір-бірін бағалайды.
Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану мұғалімнің оқытуды рефлексивті басқаруын мақсатты түрде жолға қойғанда ғана тиімді жүзеге асады.
Қолданылған әдебиеттер:
Имжарова З.У. Инновационная педагогическая технология «Дебаты», Актобе, 2007г.
Имжарова З.У., Ахметова А.У., Имжарова Ж.Н., Кушкимбаева А.С-«Сын тұрғысынан ойлау-білім алу үрдісінде», Ақтөбе қ.2012ж.
Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы 2004.
Федоров А.В. Развитие критического мышления в медиаобразовании: основные понятия//Инновации в образовании. 2007г.