Статья Сын т?р?ысынан ойлау технологиясыны? ?діс-т?сілдерін ?олданып о?ыту
Астана қаласы
Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» республикалық мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
А.Ж.Мукушева
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданып оқыту
Қазіргі кезде мектепте жиі қолданылып жүрген жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.
Сын тұрғысынан ойлау – адам ойының негізгі тірегі, жеке ой мен ақпаратты байланыстыратын негізгі жол. Сын тұрғысынан ойлау деген – ойды бағалау, қорытындылау деген сөз. Бұл ешқандай қарсылықты қабылдамайтын, жаңа ақпаратты өзінің өмірімен байланыстырып дамытатын ашық ой. Аталған технологиямен оқыту барысында оқушылар жаңа ақпаратты қабылдай алуымен ғана емес, сонымен қатар сыни көзқараспен қарау арқылы ойлау және сөйлеу керек.
Жаңа тақырыппен танысқанда оқушылар оны ойлана –толғана, сыни тұрғыдан жан-жақты қарастырып, сол бойынша шешім шығарулары тиіс.
Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде қолданамын.
Қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды бұрыннан өткізіліп жүрген дәстүрлі сабақтармен салыстыра отырып, төмендегідей айырмашылықтарды байқадым.
Дәстүрлі сабақ
СТО технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданып өткізілген сабақ
Мұғалім тақырып түсіндіреді Жұптық, топтық жұмыс жүргізіледі
Мұғалім шығарма мазмұны айтады Оқушылар тақырыпты өздері қызығығып анықтауға мүмкіндік жасалады. (аудиожазба, сұрақ-жауап)
Шығарманың идеясын анықтайды, талдайды Оқушылар шығармадағы ең құнды мәселелері талдайды.
Кейіпкерге мінездеме береді Кейіпкерге толық, жан-жақты талдау жасайды. Оның орнына өздерін қойып көреді. Тақырыпты өмірмен байланыстырады.
Ереже сұрап, жаттығу орындатады Оқушылар әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындайды.
Мұғалім сабақты қорытындылайды. Оқушылар ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.
Сабақ барысы бойынша ойларын білдіреді.
Осы салыстырудан байқалғандай СТО технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалынып оқыту мұғалім және оқушы үшін де тиімді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдаланып өткізген ашық сабағымның үлгісі:
Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырауСабақтың мақсаты: ұландар Бұқар жыраудың өмірі және толғаулары туралы толық түсінік алады.
I. Үй тапсырмасын сұрау «Сәттілік дәңгелегі» 1) Жоғары қарап оқ атпа,Жуық түсер қасыңаЖаманға сырыңды қосып сөз айтпаКүндердің күні болғандаСол жаман айғақ болар басыңа. (Шалкиіз жырау)2) Қазтуған жыраудың қандай жырларын білесің? («Мадақ жыры», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір») Жылдар сөйлейді 1) 1723 жылы2) 1726 жылы3) 1729 жылы4) 1741 жылыБолған оқиғалар:1. Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне шабуыл жасады. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. II. Жаңа тақырып бойынша:
Ұландардың назарын сабаққа аудару үшін аудиожазбаны тыңдату
Ел бастау қиын емес,Қонатын жерден көл табылады.Қол бастау қиын емес,Шабатын жерден ел табылады.Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ ,– деген сөзді кім айтып еді? Ізденуге берілген тапсырма: 1) Бұқар Қалқаманұлының өмірі
Бұқар жырау толғауларын тақырыбы бойынша үлкен төрт топқа бөлуімізге болады.1. Өмір жайлы талғаулары.2. Адам өмірінің кезеңдері3. Ел бірлігі.4. Абылай ханға арнаған толғаулары IІІ. Сабақты бекітуБұқар жырау ел тағдырын, ел бүтіндігін, бейбіт өмірін, тәуелсіздігін өз жырына арқау еткен.
Поэзия минуты: Бұқар жырау толғауларын жатқа , мәнерлеп айту.
Үш ұлан жатқа айтады.
Үш топқа әр түрлі тапсырма (топтық жұмыс)
1-топ: Сатылай кешенді талдау:
«Қазақтың ханы Абылай» толғауын талдау
2-топ Екі түрлі түсіндірме күнделігі
Ерекше әсер еткен жолдар
Неліктен?
3-топ ВЕНН диаграммасы:
Асан қайғы Ұқсастығы Бұқар жырау
РАФТ
Р А Ф Т
ІV. Қорытындылау. 1.Тілек мұнарасы (ұландар 4 жолдан тұратын өлең немесе тілектерін жазып, мұнара құрастырады)2.Бағалау.
3.Үйге тапсырма. “Бұқар – ел бірлігі туралы жырлаған жырау” тақырыбында эссе жазу.