Тема ?айдан келді? бауырса?


Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қайдан келдің, бауырсақ?
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Өлеңді оқып беріп, балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Диалогты сөйлеуге үйрету.
Бауырсақтың дастарқанға қандай еңбекпен келу жолдарын түсіндіру, нанды қастерлей білуге үйрету.
Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: диқан, наубайхана, дүкен.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Бауырсақ, қуыршақ, егіннің суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Педагог жұмбақ жасырады:
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында дәні бар. (Бидай)
- Бидайдан не жасалады?
- Бидайдан ұн жасайды, ұннан түрлі тағам, нан, бәліш, бауырсақ пісіреді.
Дәптермен жұмыс:
Педагог Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен таныстырады.
- Өлеңде не туралы айтылды?
- Бауырсақ қайда жатты?
- Қуыршақ не деп сұрады?
- Бауырсақ наубайға қайдан келді?
- Диірменге ше?
- Диқан бидайды қалай өсірді?
Балалардың жауабы. (Рөлге бөлініп ойнайды).
Сергіту сәті: Балалар бауырсақтың дастарқанға келу жолын қимыл арқылы көрсетеді.
Жерді жыртамыз, егінді себеміз,
Суарамыз, күтіп баптаймыз.
Бидай үлкен болып өседі,
Комбайнмен орамыз,
Машинамен қамбаға тасимыз,
Диірменде ұн етіп дайындайды.
Ұннан қамыр илеп, бауырсақ пісіреміз.
Дидактикалық ойын: «Не жасырынғанын тап.»
Ойын шарты: балаларға ұннан пісірілген нан түрлерін көрсету.
Балалар көздерін жұмады, бір суретті педагог алып қояды. Балалар қай сурет жоқ екенін табуы керек.
Нан - адамның тіршілік қорегі, дастарқанға үлкен еңбекпен келеді.
«Ас атасы - нан» мақалы елдің нанға деген қастерлі қарым-қатынасын білдіреді.
«Ас атасы - нан» - жоғары дауыспен
орта дауыспен
төмен дауыспен қайталау.
Сюжетті - рөлді ойын: «Дүкенші».
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сатушы, екінші топ сатып алушы болады. Ойын осылай жалғасады.
Қорытынды:
- Балалар, сонымен бауырсақ дастарқанға қалай келеді екен?
- Бауырсақ дастарқанға келу үшін кімдер еңбек етеді екен?
- Бауырсақтың қандай түрлері бар?
- Үйде аналарың қандай бауырсақ пісіреді?