Ж?сіпбек Аймауытов ?мірі мен шы?армашылы?ы
Күні: 7.03.17Пәні: әдебиетСыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы : Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты : Ж.Аймауытов шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;
дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;
тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс : тарих,география
Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,оқушы қатынасын анықтау,оқу құралдарын тексеру.
Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Өтілген тақырып бойынша білімдерін анықтаймын.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.
1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.
Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.
Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер
арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, "Көшу" өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, "Ұршық" өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.
"Нұр күйі" поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылады. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.
Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы — прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан "Қартқожа", "Ақбілек" романдары туды.
IV. Кітаппен жұмыс: Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.Оқушыларды үш топқа бөліп, Ж.Аймауытовтың өмір жолын,әңгімелерін,романын тапсырамын.Белгілі бір уақыт беремін.Кейін өзіне тапсырылған тапсырма бойынша әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды. Iтоп.Өмір жолын әңгімелейді. IIтоп.«Әнші»әңгімесі туралы түсініктерін жеткізеді. III топ. «Ақбілек»романы туралы түсінігін әңгімелейді.
Оқушылар ойларын бірін-бірі толықтырып, түсініктерін жинақтайды.
Семантикалық картаны толтырады.
романдары
әңгімелері
поэмасы
пьесалары
«Ақбілек»романы «Қартқожа»
«Әнші»әңгімесі
«Нұр күйі»
«Шернияз»
«Ел қорғаны» «Қанапия -Шәрбану»
«Мансапқорлар» «Рәбиға»
V.Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. «Жүсіпбек Аймауытов –аудармашы» деген тақырыпта не ойларың бар?
2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?
3. Егемен ел әдебиеті үшін Жүсіпбектің қалдырған мұрасының құндылығы қандай?
VI. Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Әрбір оқушы жаңа сабақ бойынша түсініктерін әңімелейді, бір-бірінің білімдерін толықтырады.
VII.Үйге тапсырма : Ж.Аймауытов шығармаларын оқып келу,өз ойларын еркін көпшілікке жеткізу.