Урок по казахскому языку на тему ?згеліе етіс, Ыры?сыз етіс, Орта? етіс(6 класс)


«Lesson Study» сабағы
Қазақ тілі пәні
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Кабдуалиева Арайлым Кадыржановна
Өскемен қаласы
2015-2016ж.Сабақ жоспары
А)Оқыту/оқудағы тәсіл Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, білім сапасын арттыру үшін топтық жұмысты пайдалану
Б)Тақырып(оқу жоспарының бөлігі) Өзгелік етіс
В)Әдіс-тәсілдер Конверттегі хат, Венн диаграммасы, жұптық жұмыс, жасырын жұлдызша
С)Күтілетін нәтиже -Тақырыпты толық меңгереді;
-Өзгелік етістерге мысалдар келтіреді,жұрнақтарын ажырата алады;
-Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады,өз бетінше ізденеді;
-Білімдерін жүйелейді,жетілдіреді;
Д)Сабақ жоспарының кезеңдері
1)Ұйымдастыру
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Жетондағы сандар арқылы топқа бөлу.
Алған сандары бойынша топтпрына барып отырады. Топ басшысы тағайындалады.
2) Үй тапсырмасын сұрау «Конверттегі хат» әдісі арқылы өткен тақырып жайлы теориялық білімдерін еске түсіру мақсатында топтарға сұрақтар құрату.
240-жаттығу. Өздік етістерді теріп жазу. Таратылып берілген конверттегі құрған сұрақтарын жазып, сағат тілімен бір-біріне беріп, жауаптары тыңдалады.
240-жаттығуды әр топтан 2-3 оқушы ауызша айтып өтеді.
3) Жаңа сабаққа кіріспе Өздік етістің ережесін естеріне түсіртіп,сызбаны көрсету арқылы салыстыра отырып өзгелік етіске ереже қорытып шығарту;
Үш түрлі жұрнақтар арқылы жасалатынын айта отырып, мысалдар келтірту;
М:тік+тір,жаса+т,отыр+ғыз.
Кітаппен жұмыс. Кітаптарын ашқызып,тақырыпты шолып оқытқызу,жұптасып бір-біріне айтқызу; Тақтада берілген сызбалар арқылы өз ойларын айтып,ереже қорытып шығарады.
Мысалдарды дәптерге жазады.
Оқулықты ашып,тақырыпты шолып шығады.
Жұптаса отырып тақырып бойынша оқығандарын бір-біріне айтады.
4) Бекіту 1. «Топпен тізбек» ойыны. Оқушылардың алдарына етістіктер жазылған стикерлер таратылып беріледі.
2.242 – жаттығуды орындатады.
3. «Бір айналым сөз» деген тапсырма орындатады. М.Домбыра
Етістің қай түрін қолданғандарын айтқызу
«Жасырын жұлдызша» әдісі Етістіктерге қажетті жұрнақтар жалғау арқылы өзгелік етіс жасайды да , интер белсенді тақтаға шығып жазады.Қалған оқушылар дәптерлеріне түсіреді.Жаттығуды орындап көршілеріне беру арқылы тексереді.Бірінші топ бастаса келесі топ тізбектей отырып жалғастырып отырады.
5) Қорытындылау Венн диаграммасы арқылы Өздік етіс пен өзгелік етіс сабақты қорытындылайды. Интер белсенді тақтадағы диаграмманы толтырады.
6) Үй тапсырмасын беру Өзгелік етіс.243-жаттығу Күнделіктеріне жазып алады.
7) Бағалау Топ басшысының бағалауы тыңдалып, мұғалімнің қорытынды бағасы қойылады . Топтардың бағасын ескере отырып , Мұғалімнің сумативті бағасы.
8) Рефлексия Кері байланыс.Сұрақ –жауап әдісі.Сабақ ұнады ма? Қай сәті ұнады? Стикерге жазып параққа жапсырады.


«Lesson Study» сабағы
Қазақ тілі пәні
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Кабдуалиева Арайлым Кадыржановна

Өскемен қаласы
2015-2016ж.
А)Оқыту/оқудағы тәсіл Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, білім сапасын арттыру үшін топтық жұмысты пайдалану
Б)Тақырып(оқу жоспарының бөлігі) Ырықсыз етіс
В)Әдіс-тәсілдер Конверттегі хат; Галереяны шарлау; Венн диаграммасы; Сұқ саусақ стратегиясы;
С)Күтілетін нәтиже -Тақырыпты толық меңгереді;
-Ырықсыз етістерге мысалдар келтіреді,жұрнақтарын ажырата алады;
-Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады,өз бетінше ізденеді;
-Білімдерін жүйелейді,жетілдіреді;
Д)Сабақ жоспарының кезеңдері
1)Ұйымдастыру
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Таңдаған фигуралары бойынша топтарына барып отырады. Топ басшысы тағайындалады.
2) Үй тапсырмасын сұрау «Конверттегі хат», «Сұқ саусақ стратегиясы» арқылы мен саған сен маған өткен тақырып жайлы теориялық білімдерін еске түсіру мақсатында топтарға сұрақтар құрату.
243-жаттығу. Ырықсыз етістерді теріп жазу.
Таратылып берілген конверттегі құрған сұрақтарын жазып, сағат тілімен мен саған сен маған әдісі арқылы бір-біріне беріп жауаптары тыңдалады.
243-жаттығуды топта дәптерлерін бір-бірімен ауыстыра отырып тексереді де мұғалімнің жауабымен салыстырады.
3) Жаңа сабаққа кіріспе Сөзжұмбақты шешкізу арқылы сабақтың тақырыбын шығартады.
Ырықсыз деген сөздің мағынасын сұрайды.
Сызбаларды салыстыра отырып ырықсыз етісті түсіндіреді
М: Сөз айт+ыл-ды, үй сал+ын-ды
Арқылы өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсастығын айтып,шатастырып алмай айыра білу керектігін айтып өтеді.
Әр топқа мысалдар беріп тиісті жұрнақтар жалғау арқылы ырықсыз етіс жасатады.
1 топ – тазала
2 топ – сөйле
3 топ – шегеле
4 топ – қала
5 топ - бөл Сөзжұмбақты шеше отырып, ырықсыз деген сөздің мағынасын ашады.
Оқулықтарын ашып,тақырыпты шолып оқып шығады.
Топта бір-біріне айтып береді.
Берілген тапсырманы топта отырып орындайды.
4) Бекіту 1. «Галереяны шарлау»
Топтарға стикерлер таратылып береді. Сол стикерге етістерді жазып, қабырғаға жабыстыру керектігін айтады.
2.Топтарға суреттер таратып береді. Жасырын жұлдызшаны тапқан оқушы қабырғада жабысып тұрған етістердің ішінен ырықсыз етісті тауып,мысал келтіре отырып сипаттама береді.
Топ мүшелері өз мәтіндерін құрап,ырықсыз етістерді айтып өтеді.
5) Қорытындылау Ырықсыз етістерді қалай түсінгендерін көру мақсатында суретін салғызады. Өз түсінгендерін салған суреттері арқылы қорғайды.
6) Үй тапсырмасын беру Ырықсыз етіс.245-жаттығу
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Күнделіктеріне жазып алады.
7) Бағалау Топ басшысының бағалауы тыңдалып, мұғалімнің қорытынды бағасы қойылады . Топтардың бағасын ескере отырып , мұғалімнің сумативті бағасы.
8) Рефлексия Кері байланыс. Жетістік баспалдағына мынадай фигуралар 5 - жұлдызша,
4 - төртбұрыш,3 - үшбұрыш арқылы сабақтағы деңгейлерін байқайды. Тақтада тұрған жетістік баспалдағына оқушылар қай деңгейде болғандарын алдарындағы фигураларды жабыстыру арқылы көрсетеді.
«Lesson Study» сабағы
Қазақ тілі пәні
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Кабдуалиева Арайлым Кадыржановна
Өскемен қаласы
2015-2016ж.
Сабақ жоспары
А)Оқыту/оқудағы тәсіл Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, білім сапасын арттыру үшін топтық жұмысты пайдалану
Б)Тақырып(оқу жоспарының бөлігі) Ортақ етіс
В)Әдіс-тәсілдер Ыстық микрофон; Тест; сұрақ-жауап;
С)Күтілетін нәтиже -Тақырыпты толық меңгереді;
-Ортақ етістерге мысалдар келтіреді,жұрнақтарын ажырата алады;
-Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады,өз бетінше ізденеді;
-Білімдерін жүйелейді,жетілдіреді;
Д)Сабақ жоспарының кезеңдері
1)Ұйымдастыру
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Түрлі түсті ленталардан шаңырақ жасау арқылы топқа бөлді. Дөңгеленіп тұрып,кім қай түсті лентаны таңдады сол бойынша топтарына барып отырады.
2) Үй тапсырмасын сұрау «Ыстық микрофон» әдісі арқылы өткен тақырып жайлы теориялық білімдерін еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап алады.
245-жаттығу. Ырықсыз етістерді теріп жазу.
Стикердегі жасырын тұрған етістерді таңдау арқылы ережелерін айтып,сипаттама береді.
245-жаттығуды топ ішінде сағат тілімен ауыстыру арқылы бір-біріне беріп тексереді.
Топтан 2-3оқушы ауызша жауап береді.
3) Жаңа сабаққа кіріспе Тест (Руна) шешіп,өтілетін сабақтың тақырыбын шығарту.
Сызбаларды салыстыра отырып етістерді қайталайды.
Мұғалім өз сызбасымен салыстырады.
М:Сал-ыс-ты,жег-іс-ті,ақта-с-ты арқылы түсіндіріп өтеді.
Оқулықпен жұмыс (124 бетті ашып,көзбен шолып оқу,бір-біріне айту) Тестің жауабы ОРТАҚ екенін шешіп,ортақ сөзіне өз ұғымдарын білдіреді.
Тақырыпты оқулықтан оқып,жұптаса отырып бір-біріне түсіндіреді.
4) Бекіту 1. Етістіктер жазылған стикерді таратып беру арқылы орындатады. Сөйле,жүр,айт,тік,тара етістіктерге тиісті жұрнақ жалғау арқылы ортақ етіс жасап,сөйлем құратады.
2.Ым-ишарамен орындау тапсырмасын орындатады. 1.Таратылып берілген етістіктерге топтаса отырып,тиісті жұрнақтар жалғап сөйлем құрастырады да,топтан 2-3 оқушы шығып оқып береді.
2.Топ басшысы шығып,жасырын тұрған сөзді таңдап алады да топпен ақылдасады.
ЫМ-ишарамен көрсетеді .
Басқа топтар тауып,жауабын айтады.
5) Қорытындылау Постер қорғатады. Сабақты әр топ постер арқылы қорғайды.
6) Үй тапсырмасын беру Ортақ етіс. 248-жаттығу
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Күнделіктеріне жазып алады.
7) Бағалау Топ басшысының бағалауы тыңдалып, мұғалімнің қорытынды бағасы қойылады .
Топтардың бағасын ескере отырып , мұғалімнің сумативті бағасы.
8) Рефлексия Кері байланыс. Көліктер арқылы ұшақ,поезд,велосипед сабаққа кері байланыс жасатады. Өз деңгейлерін көліктерді жабыстыру арқылы көрсетеді.