Саба?ты? та?ырыбы Ж.Аймауытов. «?нші» ??гімесі


Уақыты: Қазақ әдебиеті
Мұғалім: Сынып:
Сабақ тақырыбы: Ж.Аймауытов. «Әнші» әңгімесі
Жалпы мақсат: Ж. Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, шығарманың тілі мен мазмұнына талдау жасату, Әмірқан бейнесін жан-жақты талдау
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Оқушының ойын, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, өз көзқарасын әдеби, жүйелі тілмен жеткізе білу дағдыларын жетілдіру
Сабақта қолданылатын материалдар: Слайдтар, сурет, қанатты сөз
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Әсем гүлдер» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады. Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Талдау,жинақтау,қорыту
ІІІ. Жаңа тақырып Шығарманы талдау
- Балалар, біз сендермен өткен сабақта Ж. Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінің мазмұнымен танысып, шығармаға жоспар құрған болатынбыз. Бүгін осы шығарманы талдауды ары қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымызда: 
 16510922655Жүсіпбек - сегіз қырлы, бір сырлы дарын, жан-жақты талант иесі. Жүсіпбек – ақын, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы, публицист.
Жүсіпбек – новелла, повесть, романның айтулы шебері, психолог, тұңғыш оқулықтар мен педагогикалық мақалалардың авторы. Жүсіпбектің тағдыры ауыр, өмірі қысқа болғанымен, әдеби мұрасы мол. Ол қазақ прозасын дүние жүзілік деңгейге көтерген қайталанбас ұлы суреткер. Жүсіпбектің шығармашылық шеберлігіне HYPERLINK "http://u-s.kz/publ/ashy_saba_tar/ashyk_sabaktar/bejimbet_majlin_t_jebaj_gimesi/13-1-0-1529"Б. Майлин:
«Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін» - деп баға берген. Жүсіпбек шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығын бейнелеу. Соның бір айғағы – осы «Әнші» әңгімесі.
«Әнші » әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі арқылы жазушы өмірі мен өнері аңызға айналған әнші HYPERLINK "http://u-s.kz/publ/ashy_saba_tar/ashyk_sabaktar/mire_n_k_gini_ajnasy/13-1-0-1961"Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесін береді, сол Әміренің өнерінің бір сәтін өз әңгімесіне өзек етеді.
- Әміре Қашаубаев кім?
- Әміре Қашаубаев – атақты әнші, актер әрі музыкант, қазақ әндерін Парижде өткен сән көрмесінде орындап, күміс медальға ие болған. Қазақ әндерін шетелде орындаған тұңғыш қазақ әншісі. Ресейде, Германияда өз өнерін көрсеткен. (суреттерін көрсету)
-  Енді шығырманың өзіне тоқталайық. Ол үшін тірек –схемаға сүйене отырып, шығарманы еске түсірейік . Біз шығарманы 5 бөлікке бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Әр бөлімге 2-3 сөйлеммен шолу жасап кетеміз ( 5 бөлімді 5 оқушыға мазмұндатамын)
 - Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап өттік. Енді шығарманы әрі қарай толық талдау үшін әрі алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін мен мынадай 4 дейгейлік жұмысты таңдап отырмын. Сабақ соңына дейін 4 деңгейді де толық орындап, мақсатымызғы жетеміз деп ойлаймын.
Шығармашылық деңгей
Эвристикалық деңгей
алгоритмдік деңгей
оқушы деңгейі
Деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс:
1. Оқушы деңгейі Сұрақ-жауап әдісі
-  Автор Жетішатыр қаласының тұрмыс-тіршілігін қалай суреттеген?
-  Әмірқан әншілік өнерді кімнен үйренді? (әуелі әкесінен, сосын әнші Жұмабектен)
- Әңгімені тыңдаушыға Әмірқан әңгімесінің әсері қалай сипатталады?
- Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды? Өнерді қалай түсінеді?
- Әмірқанның әл-ауқаты, үй тұрмысы қандай?
2. Алгоритмдік деңгей Оқулықпен жұмыс
Оқулықты пайдалана отырып, шығарма тілімен Әмірқанға сипаттама беру Арсын-гүрсін
3. Эвристикалық  деңгей Дәптермен жұмыс
«Түсініктеме күнделігін» жүргізу
1-қатар:  Шығарманың тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау
Әңгіменің композициясы
Басталуы
Дамуы
Шиеленісуі
Шарықтау шегі
Шешімі
2-қатар:  «Әнші» әңгімесіндегі Ақтамақ туралы әңгіменің құрылысына, композициясына талдау жасау
3-қатар:  «Әнші» сөзіне «Бес жолды өлең» құрау
4. Шығармашылық деңгей
«Ақтамақ хикаясы» деген тақырыпқа өз қиялдарыңмен Әмірқан әңгімесін ары қарай жалғастырып, әңгімені аяқтау
- Міне, осымен біз алдымызға қойған мақсатымызға да жеттік.
IV.Шығармашылық жұмыс «Әңгіме кестесін» құру
Тақырыбы
Авторы
Кейіпкерлері
Негізгі идеясы
Қай кезеңді суреттейді?
Немен аяқталды?
Не үйретті? Оқушылар сұрақтарға жауап береді
V.Қорытындылау Семантикалық карта 1
58420233680  “Қымыз әкелейін бе?” – дегендей көзі күлімдей карадыШәуілі қаршығадай шап етер, киіктің  асығындай тап етер жігітСұлу, паң, үріп ауызға салғандай
  -Кәне, ән сал!
- Нағыз
жігіт екенсің!
 
Ұрылар
        +
Шәкет
  +      
Әмірқан
    +    
Ақтамақ
      +  
Дәулетжан
         
VI. Үйге тапсырмасын беру Шығарманы қайталап келуҮй тапсырмасын білу, түртіп алу
VII. Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
VIII. Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »