М?барактанудан саба? жоспары 1-сынып.Та?ырыбы: Тор?ай са?ан не керек?


Сабақтың тақырыбы: Торғай саған не керек?
Сабақтың мақсаты: 1. Ақын Мүбәрак Жаманбалиновтың балаларға
арналған «Торғай саған не керек?» атты өлеңімен
таныстыру.
2. Өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіріп оқи алуға үйрету.
3. Оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке сонымен қатар,
табиғатты, айналамыздағы қоршаған дүниені қастерлей
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Торғайдың суреті,маса,шыбынның суреттері.т.б
Сабақтың барысы:
Мотивациялық кезең: -оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
-партада дұрыс отыруларын қадағалау.
-үйге берілген өлеңді жатқа сұрап шығу.
Операциялық кезең: -Балалар осы құстар немен қоректенеді?
-Иә,құрт-құмырсқалармен қоректенеді.Ендеше балалар бүгін біз
сендермен Торғай саған не керек? атты өлеңмен танысамыз.
-Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.
Оқушыларға өлеңді
-іштей
-дауыстап
оқыту.
Өлеңнің мазмұнын суреттеу.
Торғай саған не керек?

маса

көбелек
сона

Жем шашсаң да теремін.
Бөбегіме беремін

lefttop

жем
бөбегім

-Өлеңнің мазмұны неде екенін түсіндіңдер ме?
-Торғай өз баласының қамын ойлап жатыр.Сондықтан балалар көрдіңдер ме, адамдар сияқты жан-жануар да,құстар да өз балаларының қамын ойлап жүреді.Түсінікті ме?
-Өлеңді рольге бөліп оқыту.
Рефлексия: -Бүгін біз сендермен қандай өлеңмен таныстық?
-Өлеңіміз не жайында?
-Өлең сендерге ұнады ма?