?дебиеттік о?у. 4-сынып. Ашы? саба? жоспары: Максим Зверев. Суы?тор?ай.


Тексерілді____________
Күні 25.01.2016 ж
Сабақ 75
Пәніәдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы Максим Зверев.Суықторғай.
Сабақтың мақсаты а) оқушыларды Максим Зверевтің «Суықторғай» атты әңгімесін түсініп оқи отырып, құстардың қыстағы өмірімен
таныстыру;
ә) әңгіменің түйінді ойын ашып, талдауға үйрету; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули
отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;
б) мәтінді оқи отыра табиғатты сүюге, аң-құсқа қамқорлық жасап, күтуге баулу.
Сабақтың міндеті Көркем сөздерді меңгерту, жаңа сөздер арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту, тіл байлықтары мен сөздік
қорларын толықтыру, таным қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялдарын жүйелеуге үйрету, өз ойларын
тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге, сараптай білуге жетелеу.
Сабақтың типі жаңа білім
Сабақтың түрі аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, эссе, ассосоция, топтастыру.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: автордың суреті, құстар суреті, «Қыс» суреті
Күтілетін нәтиже: өз бетінше жұмыс істеуге, алған білімдерін тиімді пайдаланады.
автор туралы мәліметті біледі
өз ойын еркін жеткізе алады.
Сабақ кезеңдері Әдіс -тәсілдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Қолданған модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут) Психологиялық дайындық.
Өсіріп, ой сананы, Үйренеміз жаңаны.Бүгін бізде кезектегі, Ана тілі сабағы.
Құстардын суретін таңдау арқылы уш топқа бөлінеді
І топ Қырандар
ІІ топ Сұңқар
ІІІ топ Лашын Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілек айтады. Ауызша мадактау Көшбасшы лық
Үй тапсырмасы (10 минут) Автор орындығы Ж.Жұмаханов Ақ боран.
Оқушылар бөлім бойынша салып келген суреттерін әңгімелеп береді.
І. бөлім Қасымның ауылы.
ІІ. бөлім Қасымның ақ боранмен арпалысуы.
ІІІ. бөлім Қасымның атының белгі беруі. Үй тапсырмасын айтып шығады. Смайлик пен бағалау Жас ерекшелік теріне сай оқыту және оқу
Үй тапсырмасын бекіту
(3 минут) «Серпілмелі сауалдар» әдісі «Серпілмелі сауалдар» ойыны
1.Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген?
2.Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті?
3. Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не естіді?
4. Қасымның аты қандай белгі берді?
5. Автор боранды қандай боран дейді? Оның себебі недеп ойлайсың?
6. Қасымның жолда келе жатқан кездегі ішкі ойын айтып бер.
7. Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма?
8. Кейіптеу деген не?
9. Қасымның орнында сен болсаң не істер едің? Смайлик пен бағалау СТО
Жаңа сабаққа дайындық
(5 мин) Ойқозғау
Ой шақыру
- Әңгімеміз сонымен не туралы болды?
- Қыс дегенде ойларыңа не түседі? (бейнетаспадан құстар туралы көрсету)
- Егер сен қыс болсаң не істер едің? (балалардың пікірлерін тыңдау)
- Қалай ойлайсың, қыс мезгілінде құстар қалай
өмір сүреді? Өз ойларын айтып, жағдаятты талдайды СТО
Жаңа сабақ
(15 минут) Автормен танысу
Оқулық пен жұмыс
Түртіп алу әдісі
Түсінгендерін тексеру
Топпен жұмыс Ендеше біз бүгін қазақстандық жазушы М.Зверовтың «Суықторғай» әңгімесімен танысамыз.
(дәптерге күнді жазып тақырыпты жазу)
Максим Дмитреевич Зверов (1896-1996) Барнаул қаласында туған.Басты жазатын тақырыбы- табиғат құпияларымен көріністері. Бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанда өткізген ол «Ақ марал», «Індер мен ұяларда», «Таулы шыңның қожасы», «Жаңа қоныста» сияқты көптеген әңгіме повестері арқылы қазақ оқырмандарына кеңінен таныс.
- Ал балалар суықторғай деген не? (Құс)
- Табиғаттың бір бөлігі көркі, сәні, бақшаның әні болатын осы құстар
-Ал құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
Айта берсек құстардың түрлері өте көп. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен.
-Ал енді осы құстардың пайдасы бар ма? Болса қандай?
-Олар ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді.
Құстар табиғатқа сән береді.Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Құстардың жылы жаққа ұшып кететіні, қыстап қалып қоятыны болады. Соның ішіндегі Суықторғай қыстап қалатын құстарға жатады. Біз осы қалып қоятын құстарға көмек жасауымыз керек. Ол үшін не істеу керек. (оқушылар пікірін тыңдау)
Максим Зверев «Саусағымды бір нәрсе шым
еткізіп тістеп алғандай болды» дейді. Ол не нәрсе екен? Әңгімені оқып көрейік.
Оқулықпен жұмыс.түсініп, іштей, тізбектей оқу.
Таныс емес сөздердің астын сызу
Сөздік жұмыс.
Бедері – ізі, белгісі.
Сергіту сәті.
Қыс қандай, тамаша!
Ақ ұлпа қар жауды
Ағаштар, бұталар,
Ақ қарға оранды.
Ой тастау.
Мәтін қандай үлгіде жазылған деп ойлайсың
(хабарлау ма, сипаттау ма, дәлелдеу ме)?
- Суықторғайды тауып алған кісі оны қайда алып келді?
- «Аш өзегіне түсіп кетпесін» деген сөздің мән-мағынасын қалай түсінесің?
- Суықторғайдың аянышты халі суреттелген тұсты тауып оқы.
2. Сызбаны толықтыр.
64198510477500көздері қорқыныш тұнып тұр.
5948517307700жүрегі тулап алақанына ап-анық сезілді
64198511620500денесі қызғылт түсті, ұзын құйрық, салмақсыз нәрсе сияқты.
- Баланың орнында сен болсаң не істер едің?
- Торғайдың дәнді жеп болғаннан кейінгі әрекетін
сипатта. ( Рахаттанғаны сондай, ...). (Оқушыларды тыңдай отырып әңгіменің идеясын ашу)
Әңгіменің идеясы: Табиғатты сүюге. Ондағы аң-құстарға қамқорлық жасауға үйретіп отыр.
І топ. Қырандар тобы: Әңгіменің желісі бойынша суреттейді.
ІІ топ. Сұңқарлар тобы: Қыстап қалатын құстарды топтастыру. Құстарға қамқорлық көрсету туралы мақал-мәтелайтады.
ІІІ топ Лашын тобы «Құстар біздің досымыз» эссе жазу. Мәтінді оқып, жоспар құрады.
Сұрақтарға жауап береді.
Түсінбеген сөздердің мағынасын ажыратады.
Мақал мәтел айтып жарысады. Смайлик пен бағалау Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Көшбасшылық
Жаңа сабақты жинақтау
7 минут Автор орындығы Егер сен автордың орнында болсаң не істер едің?
(Оқушылар өз ойларын автор орындығына отырып оқып береді.)
Сонымен балалар құстар біздің досымыз екен. Оларды күтіп баптауымыз керек. Құстар табиғаттың сәні екен. Оларға қамқорлығымызды көрсетейік. Тапсырмаларды орындайды Бағалау
1 минут Бас бармақ Смайликтер арқылы топ басшылары топ мүшелерін бағалайды және содан жиынтық баға шығарып, жеңген топтарды мадақтау. Оқушылар өздерін бағалауды үйренеді. ОҮБ, формативті бағалау Қосымша білім Мәтінді түсініп оқу, сурет салу. Мәтіннің мазмұнын айтады.