?дебиет Та?ырыбы: Ж. Аймауытов ?нші Саба? жоспары 7 сынып


 Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіСабақтың мақсаты: Жүсіпбек Аймауытовтың « Әнші» әңгімесін талдауБілімділік: әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу, әнші бейнесін талдау;Дамытушылық: логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру;Тәрбиелік: әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа. өнерді сүюге, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: Түсіндіру, өзара талқылау, ізденушілік.Сабақтың типі: пысықтау сабағы.Сабақтың көрнекілігі: Слайд, видео ролик, тірек – сызба, түсіндірме күнделігі, инсерт кестесіСабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру.Сергіту сәті.Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалімнің айтқан сөзін оқушылар қимылмен бейнелейді. Слайд арқылы суреттері тақтадан көрсетіліп тұрады.Тегіс жолда келеміз деп елестетіңдер.Енді таулы, тасты аймақта келе жатырмыз.Өзенде жүзіп келеміз.Енді қолдарыңа дүрбілеріңді алып қараңдар.Не көрдік?- Қазақ елін.- Павлодар облысы, Баянауыл аймағын- Жүсіпбек Аймауытовты- Ендеше, балалар, біз өткен сабақта Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін өткен болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда осы әңгіме бойынша талдау жұмыстарын жасаймыз.Үй тапсырмасын сұрау«Егер мен жазушы болсам...» Ақтамақ хикаясын аяқтап жазып келу.Жаңа сабақ:- Жүсіпбек Аймауытовты біз кім деп танимыз?І. ТоптастыруЖүсіпбек Аймауытов кім?↓Ақын, оқытушы, драматург, әнші, сазгер, ғалым, директор, журналист, редактор1. Драматургия саласына қосқан үлесі қандай?2. Директорлық қызметті қай жерде атқарды?3. Сазгер әрі әнші ретінде қалай танылды?4. Қай жерлерде журналист, редактор қызметін атқарды?Топтық жұмыс1 - топ Қаламгердің шығармаларын еске түсіру«Елес»«Әнші»«Боранды болжаған әулие»«Бетім – ау, құдағи ғой»,«Қартқожа»«Ақбілек»«Күнекейдің жазығы»«Нұр күйі» поэмасы2 – топ Мәтінге сатылай кешенді талдауШығарманың аты: «Әнші» әңгімесіТақырыбы: ән, өнер, ғұмыры әнмен өткен өнер адамының өрелі биігі- Жанр түрі: проза (әңгіме)Идеясы: ән құдіретін танытуКейіпкерлері: Әмірқан, Шәкет, Ақтамақ, студент жастар, ұрыларБасты кейіпкердің прототипі: Әміре ҚашаубаевТуған жылы: 1888жӨнері: әншілік, актерлікӘміре Қашаубаев туралы деректер)1888 жылы бұрынғы Семей губерниясының Дегелең болысына қарасты Атан ауылында дүниеге келген. Әкесі Қашаубай мен анасы Тойған өмірлері кедейлікпен, жалшылықпен өткен адамдар болыпты.Әміренің сахнада жұрт алдында шығып ән айту кезеңі 1919 – 1920 «Ес – Аймақ» қоғамының сауық кештерінен басталған.Одан әрі Орынбор қаласына шақыртылып өнер көрсетеді. 1925 жылы Париж қаласында өнер көрсетіп, әлемге атағы әйгілі болады. Ол орындаған әндер: «Ардақ», «Ағаш аяқ», «Балқадиша», «Гауһар қыз», «Дударай», «Қорлан», «Қызыл бидай», «Үш дос». т. бӘміре ән шырқауымен қатар спектакльге қатысып, рольдерде ойнаған. 1928 жылы қазақтың музыка театрының солисі болды. 1934 жылы дүниеден өтеді.3 – топ Мәтінге композициялық талдауОқиғаның басталуы – - Жетішатыр қаласының тұрмыс - тіршілігіОқиғаның дамуы – - Қымыз ішкен жастардың Әмірқанмен кездесуіШиеленісуі – - Наурыз мерекесі. Әмірқан - театр сахнасындаШарықтау шегі – - Әмірқан басынан кешірген бір оқиғаШешімі – - Ән тәңірісінің құдіретті әні1 - топӘмірханның мінездемелік сипаты (мәтіннен тауып жазу)1. Қарапайымдылығы: Әмірхан студент жастармен сыпайы амандасып отыра кетеді.2. Орындаушылық шеберлігі: Ән айтқанда ұшатын құстай қомданып алады.3. Өнерге сүйіспеншілігі: Ән салса өзін – өзі ұмытады. Даусы көмейінен емес жүрегінен шығады.4. Адамға үйірсектігі: Кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын адам.5. Азаматтық тұлғасы: Өзінен бір нәрсе сұраса бере салады, кісіні алдауды білмейді.6. Махаббатқа адалдығы: Махаббатқа адал жан. Ол алғашқы махаббаты Ақтамақты есіне алғанда көзіне жас алады.2 - топСөз төркінін ашу. Түсіндірме күнделігін толтыруЖөпшеңді – анау – мынау жайОрамал тастау – ұлттық ойынЖанторсық – қымыз құятын ыдысҚош айтысу – өмірімен қоштасуҚоржынбасы – екі басты қоржынТаң асып тұрған – бабына келген3 - топМәтіннен теңеу сөздерді табуТеңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеуАтқан таңдай, шайдай, сыбызғының үніндей, асқар таудай, күзді күнгі дауылдай, тас бұлақтың суындай деген теңеулерді тауып тіркескен сөздерімен бірге оқып мағынасын түсіндіріп өтті.Мәтінмен жұмысӘмірханның ән өнері жайлы айтқан сөзін әңгімеден тапқызып сол туралы өз пікірлерін білу. Қазіргі таңдағы ән өнері мен әншілер туралы салыстыра отырып пікірлерін тыңдауМәтінӘншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады. Жақсы әнді бұзып жібереді. Бет – аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шығама? Ән салу көңілден ғой... Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқымда келмейді.Оқушы пікірлері:- Біз әңгімеден Әмірханның ән салу шеберлігін оқып тәнті болдық. Біздің қазіргі эстрадада жүрген әншілеріміздің көбі жанды дауыспен айтпай дауыстарын комьпютер арқылы қойып алып жатады. Ал Әміре домбырасын қолына алып ән салғанда бүкіл Париж халқы орнынан тұрып қол шапалақтап құрмет көрсеткен.- Әншілердің көбі түр шығарамын деп жақсы әнді бұзып жібереді деген екен ол қазірде кездесіп жатады. Халық әндерін эстрадаға саламыз деп бастапқы қалпынан өзгертіп айтып жүргендер туралы да теледидардан айтып, талқылап та жүр.- Зорланып айтқан ән дұрыс шықпайды деген екен. Ол рас, өз ана тілінде сөйлей алмай орысшаланып кеткен кей әншілеріміз қазақ әнін орындап жатқанда не айтып жатқанын түсінбейтін де шығар.Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Ағаш аяқ» әнін тыңдатуСұхбат сәтіЖазушының «Әнші» әңгімесін жазудағы түпкі ойы не?Әңгімеден қандай әсер алдыңдар?.ИНСЕРТ кестесін толтыруӘр оқушыға таратылып беріледіБілемінЖ. Аймауытов ақын, жазушы, драматург,журналист, аудармашы екенін білемінБілдім (мен үшін жаңа ақпарат)«Әнші» әңгімесіндегі Әмірханның прототибі Әміре Қашаубаев екен. Ол қазақ елін әлемге танытқан әйгілі әнші екен. Парижде ән салып алтынан алқа таққан.Білгім келедіӘміре Қашаубаевтың ұрпақтары жайлы толығырақ білгім келеді. Өлімінің не себепті құпия сақталғаны жайлы білгім келеді.Әміре Қашаубаев бейнесін айқындайтын эпитет сөздерДала бұлбұлы, ғажайып әнші, ұлт мақтанышы, дара тұлға, алтын мұраСабақты бекіту:Жүсіпбек Аймауытов бостандықта 39 жыл, абақтыда 3 жыл, әдебиет өміріне арнаған 16 жыл, тар жол, тайғақ кешумен 42 жасқа аттаған кезде қыршыннан қиылған өмір, нағыз кемел шағында мерт болып, 60 жыл бойы оқушы назарынан тыс қалып, қайта құру нәтижесінде қайта жаңғырып қазақ әдебиетіне қайта оралды. Қаламгердің тағдыры ауыр, өмірі қысқа болғанымен, әдеби мұрасы мол. Ол қазақ прозасын дүние жүзілік деңгейге көтерген қайталанбас ұлы суреткер. Жазушының шығармашылық шеберлігіне Б. Майлин: «Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін» - деп баға берген. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығын бейнелеу. Соның бір айғағы – осы «Әнші» әңгімесі болатын.Үйге тапсырма «Әміре – ән асқары» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.Бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысуларына қарай білімдерін бағалау