?аза? ?дебиеті п?нінен 7-сынып?а арнал?ан ашы? саба? жоспары Ж?сіпбек Аймауытов К?н менікі


Күні: 25.11.2014 ж. Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Күн менікі»
Сабақтың мақсаты:
Ж.Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» повестінен алынған «Күн менікі» бөлімімен оқушыларды таныстыру. Үзіндіде суреттелген көш, Күнікей салған әннің көпшілікке ұнауы туралы айту;
Оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру;
Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.
«Әміре – ән асқары» тақырыбында жазған мәтіндерін тексеріп талдаймын.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Ж.Аймауытұлының қандай шығармасын білесіңдер?
2. «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі?
3. Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?
4. Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?
5. Әңгімедегі Әмірханның прототипі кім?
Жаңа сабақты түсіндіру:
эпикалық проза жанрының бір түрі әңгіме мен романның
аралығындағы прозалық жанр
Повесть

Ж.Аймауытов оқиға тізбегін баяндау,
«Күнекейдің жазығы» хроникалық әңгімелеу тәсілі тән
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтан үзіндіні оқып, мазмұнын түсіндіру.
Ж.Аймауытовтың 1928 жылы жазылған «Күнікейдің жазығы» атты хикаятына сол кезеңдегі әлеуметтік әділетсіздік пен қазақ әйелінің трагедиялық тағдыры да арқау болды. Хикаяттың бас кейіпкері Күнікейдің тағдыры арқылы жазушы ел өмірін, көшпелі жұрттың еш нәрсеге бас қатырмай, жайбарақат кешіп жатқан тіршілігін көзге елестетеді.
Әңгіменің басында жүктерін түйеге артқан көш суреттеледі. Сол көшпен келе жатырған қыздардың салған әні, соның ішінде Күнекейдің салған әні барлығына ұнап, қыз-қырқынның бәрі оның қасына жиналып, мәз-мейрам болатындығы туралы айтылады.
Сондай көңілді өткен күніне риза болған Күнекей анасына: «Бүгінгі күн менікі болған жоқ па!» – деп қуанышын жасыра алмай, көште болған оқиғаны айтып береді.
Сөздікпен жұмыс.
Бедеуін – қысыр бойдақ мал, бұл жерде жылқы, ат
Пәуеске – күймелі жеңіл арба
Божы – арбаға, шанаға жегілген атқа бағдар беріп жүргізіп отыратын делбе
Қырсау – шабан, кежір, жалқау
Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы
«Әнші» әңгімесі «Күн менікі» әңгімесі
Қазақ халқының көшпелі
тұрмысы суреттеледі

Кедей-кепшіктің ауыр тұрмысы
суреттелген


Оқиға белгілі бір
қалада өтеді
Бас кейіпкердің
прототипі бар

Әншілік өнерді жоғары бағалау
Ән айтқандағы Күнекей мен Әмірханның бейнесі

Әңгімеде не бейнеленген?
Күнекейдің тұрмысы қандай?
Күнекейдің бойында қандай қасиет бар екен?
Әңгіме неге «Күн менікі» деп аталған?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Әңгімені оқып, мазмұндау.