«Сы??ырла, со??ы ?о?ырау» салтанатты кеш
«Сыңғырла, соңғы қоңырау»
Фанфар
1-жүр: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер.
Асыл арман гүл атып санасында
2-жүр: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау,арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
1-жүр:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүр: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-жүр:Әр мектеп әдемі кең ашқан есігін,
Ұшырсаң тербеген сенің де есмінің.
Қияға ұшса да кешегі сан түлек,
Ұмытпас бұл үйді-қастерлі бесігін.
2-жүр:Мектебім –жұмбақ бағым,құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.
Анамның құшағындай елжіретер.
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?
1-жүр: Мектеп! Мектеп деген- мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен гауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып,өміріңе нәр беретін алтын ұя!
2-жүр:Дұрыс айтасың Гүлнар ,өйткені жарқын шақтардың елесі қалар,ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі соңғы қоңырау салтанаты басталғалы тұр.
1-жүр:Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан –ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр-деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!
(Түлектер алғашқы ұстаз бен сынып жет.шығады.Өлең жолдары оқылып отырады)
2-жүр:Сенен ыстық алтын ұя таппадым.
Сенде өтті балғын бала шақтарым
Қоштасамын қимастықпен мен енді
Бетке алған соң балалақтың бақтарын
1-жүр:Ақ жұлдыздай жарық шашқан түндегі.
Нұр сәулесін төгер ұстаз жүрегі.
Болашаққа сол жүректен от алып
Самғай берсін шәкірттердің тізбегі
2-жүр:Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі,
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені-демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар.
--------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүр:Мектептегі өмір енді өткеніміз,
Алаңсыз шақ, балалық көктеміміз.
Қуантады,біресе қорқытады,
Бір-ақ күнде есейіп кеткеніміз.
2-жүр:Болашағы бейне қызыл қыр гүлі.
Түлектерді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгінгі соңғы қоңырау сыңғыры.
1-жүр:Құрметті қонақтар,мектеп өміріндегі дәстүрге айналған
«Сыңғырла,соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүр:Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін елімнің көк байрағы
Енді ағайын,көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі әнұраны
1-жүр: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимі!
2-жүр:Ту көтеру құрметін тапсыру мектеп бітіруші түлегіміз облыстық ,аудандық «Ту ұстаушылар» байқауының жеңімпазы Тулемисов Шерхан мен Ту көтеру құрметін қабылдау 10-сынып оқушысы _______________________ беріледі.
(Гимн орындалады)
1-жүр: Ажырамай мектептен бір елі сіз ,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Түлектерге арналсын тілігіміз-дей келе отырып,соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына беріледі.
2-жүр:Ұлылықтың ұйтқысынан жаралған,
Өнегесінен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағаты шуақ сепкен ұстазым,
Өзіңізден бастау алар бар арман.
Құрметті Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызы ____________________________ орнындауындағы « » әнін қабыл алыңыз!
1-жүр:Қарлығаштай ұшқалы тұр шәкірт те бір,
Көктемдей сағынышқа батыпты өңір.
Шектелмей бәріңе де, бәріңе де,
Тілеймін сұлу ғұмыр,бақытты өмір!-дей отырып, бұйрық оқу үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ержанова Ажар Абатниязқызына сөз кезегін береміз.
2-жүр: Биік сенің ұстаздық қасиетің
Мінезің жоқ қиынға бас иетін
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған.
Жүрегімде әр кез айтқан қасиетің.
Құрметті Ержанова Ажар Абатниязқызы _____________________ орындауындағы « » әнін қабыл алыңыз.
1-жүр: « Сәт сапар!» тілек тілеп түлектерге ,
Мейірімге толы болып жүректері,
Құттықтау сөзбен бүгін келіп қалды,
Еліміздің бетке ұстар тіректері
Келесі құттықтау сөзді қонақтарға берейік.
1--------------------------------------------------------------------------------------------
2--------------------------------------------------------------------------------------------
3--------------------------------------------------------------------------------------------
4--------------------------------------------------------------------------------------------
2-жүр: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс, береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір –думан, бақ әкелсін мереке!
Құрметті қонақтар түлектерімізге берген ақ баталарыңыз қабыл болсын. Өздеріңізге арналған « » биін қабыл алыңыздар!
1-жүр: Білімнің босағасын тұңғыш аттап,
Кірген кез есімізде гүл құшақтап.
Қуанып ертіп келген ата-анамыз,
Күлім қағып қарсы алған алғашқы ұстаз.
2-жүр:Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамыз,
Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық,
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.
Келесі құттықтау сөз алғашқы ұстаздар.
1---------------------------------------------------------------------------------------------- 2---------------------------------------------------------------------------------------------- 3---------------------------------------------------------------------------------------------
4---------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүр: Үйреттің өмір дағдысын,
Жақыннан бастап арғысын.
Алғашқы ұстаз аяулы.
Таусылмас сізге алғысым,
Құрметті алғашқы ұстаздар _____________________ орындауындағы « » әнін қабыл алыңыздар!
2-жүр: Жақсы шәкірт азамат атанады.
Халқынан,ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін ,
Ортаға шақырайық ата-ананы .
11 «а» сыныбының жетекшісі:
11 «ә» сыныбының жетекшісі:
1-жүр: Сіз –жетекші алып шыққан қиядан,
Ұшырасың түлектерді ұядан.
Жақын балып кетіп еді арамыз.
Өзіңізбен қоштасуға қиналам,
2-жүр: Құрметті сынып жетекшілер, Түлектердің орындауында хорды қабыл алыңыздар!
1-жүр: Аттанып барасың түлектер,
Өмірдің сан тарау жолына .
Сүрәнбей өте ақылмен,
Баршаның тілегі түлектері.
2-жүр: Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?
Жақсы ұрпақ – еліміздің шын тірегі.
Ортаға шығып қане тілек айтсын
Әр сыныптың мен, мен деген бір түлегі
1-жүр: Жүректері лүпіл қаққан , қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы қадамыңда тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.
11 «а» сынып оқушысы
11 «ә» сынып оқушысы
2-жүр: Алдарыңнан арман жолы ашылды.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен «Білімнің» алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады,-деген тілекпен ортаға «Білім кілтін тапсыру үшін Бітіруші Түлек Жұмамұрат Гүлхан мен 10 «а» сынып оқушысы Қасым Мақсатты шақырамыз.
11 сынып оқушысы Гүлхан
Білімге басқан жастарың ,
Ғылымды іздер үңіліп.
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күліп тұр үміт,
Білімді құйып санаңа
Шәкірт болыңдар білікті
Орнымызды біздің басар деп,
Тапсырамыз «Алтын кілтті»
10 сынып оқушысы Мақсат
Оқуды терең меңгеріп
«Білім» кілтін меңгеріп
Мектепті үздік бітіріп
Ел үмітін ақтаймыз –деп уәдемді беремін.
2-жүр: Абзал жандар,биік тұлға байсалды ,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды –деп биыл білім табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары сіздерді құттықтағалы келіп тұр. Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.
1-оқушы.
11жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған,
Ағалар мен апалар
Орындалды ойыңыз,
Құтты болсын тойыңыз.
2-оқушы.
Талай сыннан өттіңіз
Кәмілетке жеттіңіз
Қыран болып ұшыңыз,
ВУЗ-ға б арып түсіңіз.
3-оқушы.
Аға, әпке мен сіздерді сыйлаймын,
Өзіңізді қоштасуға қимаймын,
Оқуға түс , білім алып, еңбек ет ,
Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.
4-оқушы.
Кемелерді басқарып,
Көк жүзінде самғаңдар
Тауды бұзып, тас жарып,
Мұхиттарды жалғаңдар.
5-оқушы.
Қияға қанат қаққан қарлығаштар,
Керіліп келешекке ұшасыңдар,
Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Санасы биік, адал дос табыңдар!
6-оқушы.
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді,
Білімменен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар мектепті,
7-оқушы.
Жас қырандай қанат қағып қиялға
Арман қуып ағаларым қиялға
Жігерің мен сеніміңді алау ғып,
Самға биік, жалын атып жүр алда!
8-оқушы.
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Жақұтын жарқырап тұр нұр төге біл.
Аты тым жақын ұяң-мектеп болса,
Бақытың алдыңдағы үлкен өмір!
9-оқушы.
Сіздерге жалын жүректен,
Айталық достық тілекпен,
Әрқашан сәтті жол болсын,
Сапарларыңыз оң болсын!
1-жүр: Өмірге азық мол сыйың.
Құшағы құтты нұрлы ұям
Мектебім менің –өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.
2-жүр: Мектеп бітіруші түлектер 1сыныптарға өз аманаттарын тапсырады.Ортаға аманат тапсыру үшін бітіруші түлек Дулатбаев Арман мен 1 сынып оқушысы ________________ ортаға шақырамыз.
11сынып оқушысы Арман
Құрметті 1 сынып оқушылары біз сіздерге бүгін аманат тапсырғалы отырмыз.Осы аманатты 10 жылдан кейін осы алтын ұя мектебімізде бас қосып бірге ашып оқысақ дейміз .Аманатымызды көздің қарашығындай сақтайсыңдар деп сенеміз.Біз бүгін 11 жыл бойы білім алған мектебіміз бен ұстаздарымызбен қоштасып аттанып бара жатырмыз.Сіздерге тілеріміз осы мектебімізде ұстаздарымыздан үздік білім алыңыздар.Біз жасаған еркелік пен қателіктерді қайталамай жақсы тәрбие алыңыздар.
1-сынып оқушысы __________________________
Ұрпаққа кезеңімен білім берген,
Алтын ұя мектеп қой елім сенген.
Ұстаздардың үйреткен білімімен ,
Сапар шегіп біз «Білім»керуенімен
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
«Аманаттарыңызды сақтаймыз » деп ант етеміз!
1-жүр: Сабақта да алда бол,
Кілең бестік алыңдар.
Біздердей үлкен ұл-қыздай.
Ер жетіңдер таудай боп-деп түлектер 1 сыныптарға арналған сыйлықтарын тапсырады.
2-жүр:Мектебім,алтын ұям нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,
Мен саған мәңгілікке борыштармын,
Алыстап кетсек дағы сенен жырақ,-деп бүгінгі салтанатты жиынымызға осыдан он жыл бұрын осы алтын ұя мектепті бітіріп,соңғы қоңырау үнімен соңғы рет қоштасып өмір белестеріне аттанған түлектеріміз қонаққа келіп отыр екен. Ендігі кезекті 10 жылдықтарға берейік.
1-жүр: Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен
Әрқашан сәтті жол болсын,
Сапарларыңыз оң болсын!
Құрметті он жылдық түлектер сіздерге арнап түлектеріңіздің орындауында «Флэш-мобты» қабыл алыңыздар!
2-жүр: Мектепке айтар шексіз өрен алғысы,
Ұстаздардың толастамас мәңгі ісі,
Түлектердің тілектері үндесіп,
Жалғасады әуені мен ән күші.
1-оқушы . Мектебім, ыстықсың алтын ұям,
Ұшатын кез келді қалай қиям?!
Оң – солды танитын болдық бүгін,
Бала едік бір кезде нәзік ұяң,
2-оқушы. Бағыт сілтеп арманға ,
Қанат бердің ұшырдың
Өмір сырын ғажайып,
Сенде алғаш түсіндім.
3-оқушы. Болашаққа жетелеп,алды арман,
Балалық шақ бүгінгі артта қалған.
Самғаймыз біз сан тарау тараптарға,
Бата алып қадірлі ұстаздардан,
4-оқушы.Жақсы істі аңдаттың,
Сен мамандық таңдаттың
Қажымай тағылым үйретіп,
Қақтырып қанат самғаттың,
5-оқушы. Дән едім қауыздағы ашылмаған,
Бала едім құштар көңіл басылмаған.
Алдыңа бүлдіршін боп келгенімде.
Көрінген барлық ғалам тосын маған.
6-оқушы.Ұстазға онша көптің керегі жоқ.
Шәкірті жүрсе жайлап көңілі тоқ.
Жарықтап қанат қағып кетсе дағы,
Көңілінде тұрады екен кішкентай боп.
7-оқушы.О,мектебім, махаббатым, мақтанышым,
Сенде өтті ең бақытты бар шақтарым.
Өзің берген күш қуаттан нәр алып,
Мен өмірдің өрлеріне аттанармын.
8-оқушы.Өтті бізден балалық
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез –даналық.
9-оқушы.Ақылшы асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың.
Қасыма келіп қаншама,
Қамқор,боп қалам ұштадың.
10-оқушы.Сөйлеуді де әдепті нұрлы үмітпен,
Жазуды да үйреткен сырлы түптен .
Тек өздерің қаламды ұстатып,
Арылтқансың жиналған көңіл күптен.
11-оқушы.Мектебім алғаш қаққан есігін,
Тек өзіңнен жаңа сөздер естідім.
Білім нәрін құйған бойымызға ,
Ұмытпаймын мұғалімдер есімін.
12-оқушы. Жүрегімде ұстаз берген сабағы.
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын,ақылын
Мәңгі,мәңгі, мәңгі есімде қалады.
13-оқушы.Алдымды мегзеп таныттың
Сырыңа қамқор қанықтым
Семірсін деп шәкірттім.
Арнасын білім ағыттың.
14-оқушы.Өтіп кетті он бір жыл.
Қол бұлғайды балалық,
Балалықтан арылып,
Өсіп каппыз таралып.
Сан тарау жол,сан қиял
Шақырады қияға
Талпынамыз ұшуға біз.
Қимай қарап ұяға.
15-оқушы. Есігін қақтым мектептің,
Балапандайын қалпыммен
Ер жеттім сенде есейдім,
Танысып барша салтыңмен.
Бүгінде алтын ұямнан,
Ұшқалы тұрмын қияға.
Сан жолдар күтіп тұр алдан,
Сонда да жүрек қия ма?
16-оқушы. Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім, саған мәңгі басымды ием.
17-оқушы. Шаттықпенен шайқалтқанбыз, аспанды,
Сол күнді аңсап қара көзден жас тамды.
Бір ананың баласындай тел өскен,
Қоштасуға қимай тұрмыз достарды.
Ән :
1-жүр : Қоштасуға басты қостық бәріміз,
Жарасады әніміз бен сәніміз.
Әуенімен тербелейік вальстің,
Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.
(Түлектер мектеп вальсіне шақырылады)
2-жүр : Құрметті түлектер! Көгершіндей қанатарың талмай, биікке самғап ұша беріңіздер!
1-жүр : Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.
2-жүр : Гүлдерге толы омырау
Әркімдер әр кез ойлайды.
Соғылмақ соңғы қоңырау
Соққызбай өмір қоймайды.
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ.
1-жүр : Қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы __________________________
мен 1 сынып оқушысы _______________________ беріледі.
(Қоңырау соғылып жатқанда өлең оқылады)
2-жүр: Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау.
1-жүр : Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу үні. Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Осыдан 11 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы.... сендер де сондай тәтті едіңдер, бір сәт балалықпен қауышыңдар... Әне, олар сендерді үлкен өмірге аттандырғалы тұр ....
2-жүр : Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайнан сипап өтер көктемің.
«Сәт – сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
Құрметті түлектер! Ұлттық бірыңғай тестілеуден табысты өтулеріңізге тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
1-жүр мен 2-жүр: Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!
1-жүр : Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.
2-жүр: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары-жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарыңды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш – жігермен алтын ұя мектептеріңе оралуларыңызға тілектеспіз!