Сы??ырла, со??ы ?о?ырау! сценарийі
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Өтетін күні: 25 мамыр 2013 жыл.
Өтетін уақыты: сағат 09.00.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар, қадірлі жас түлектер! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Және осыдан 10 жыл, 20 жыл, 40 жыл бұрынғы бір қауым мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық –
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық!
Кездесуге келген бүгін түлектерді
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық!
Осыдан 10 жыл бұрын 2003 жылы мектебімізді бітірген азаматтарды ортаға шақырамыз! Қол соғып қарсы алайық! (Музыка. «Армандастар»)
11 «А» сынып, сынып жетекшісі Бедішева Паршакүл, алғашқы ұстазы Сыздықбаева Анара.
1 Абданбаев Аслан
2 Әбілдаев Берік
3 Әміртаева Айгерім
4 Әкімбаев Данияр
5 Әлімбаева Салтанат
6 Әлтаев Ерлан
7 Әбдібаев Темірбек
8 Бедеева Альфия
9 Бұралқиев Жалғасбек
10 Базарбаев Медет
11 Добаева Гүлнар
12 Добаева Жұлдыз
13 Қилыбаев Бекназар
14 Қазығұлов Мардан
15 Мадьярова Анар
16 Мадьярова Жанар
17 Мамытбекова Мадина
18 Маншаров Данияр
19 Маримов Асылбек
20 Махатов Ғазиз
21 Нарынбеков Сәкен
22 Ормахаев Азамат
23 Райымқұлов Қайрат
24 Сейілханов Жасұлан
25 Сүлейменова Айман
26 Сүлейменова Шолпан
27 Саспақова Анара
28 Смағұлов Мейрамбек
29 Сүгірбаев Айбек
30 Иманқұлов Қамбар
31 Рақымжанов Жалғасбек
11 «Ә» сынып, сынып жетекшісі Смағұлова Зәуре, алғашқы ұстазы Естемесова Тамара.
1 Шарабасов Батырбек
2 Азаматова Шынар
3 Ақшабаева Альбина
4 Аманбаева Дина
5 Абдрахимов Рауан
6 Әлиев Сапар
7 Байтұрсынов Қуаныш
8 Байтұрсынов Тұңғыш
9 Бұрқыбаев Қанат
10 Естемесова Зарина
11 Ерменов Марлен
12 Касенова Айнұр
13 Каримов Ақжол
14 Көккөзов Мейрамбек
15 Қазығұлова Сандуғаш
16 Мүлкеманов Мади
17 Мүлкеманова Мадина
18 Мамежанова Әсел
19 Нұриев Серік
20 Насырқожаев Қанат
21 Нұрабаева Жадыра
22 Оразалиева Айман
23 Рақымжанова Арай
24 Сейілханов Нұрбол
25 Смайылов Ғани
26 Сарманбетов Диас
27 Смағұлов Қуаныш
28 Солтанбеков Әзілхан
29 Рысбек Жайдар
30 Хамитова Эльмира
31 Тұрлымбетов Данияр
Осыдан 20 жыл бұрын 1993 жылы мектебімізді бітірген азаматтарды ортаға шақырамыз! Қол соғып қарсы алайық! (Музыка. «Мектепке сағыныш»)
Сынып жетекшілері Қорабаева Гүлсара, Керімбаева Жексенкүл, алғашқы ұстаздары Көшеғұлова Кенжехан, Қайынбаева Рыскүл.
Абданбаева Айгүл
Абдрахимова Ажар
Әбдіқадырова Жайдарлым
Әлімбаева Гүлжауһар
Бейсенбаева Айгүл
Жабдықбаева Жанар
Исаева Майнұра
Құрманаәлиева Айнұр
Мұздыбаева Меруерт
Мүлкеманова Ақбөпе
Нүсіпбаева Жанила
Садабаева Тілеулес
Сартбаева Индира
Смағұлова Айгүл
Смайылова Динара
Сүлейменова Жазира
Солтанқұлова Гүлнара
Талқанбаева Гаухар
Тұрсынбаева Жәмилә
Шарабасова Гүлбайра
Шәйділдаева Динара
Ақшабаев Ерлан
Ақшабаев Нұрлан
Қапарбаева Жазира
Әйтенов Руслан
Семжанова Марина
Есімбеков Жеңісбек
Күшікбаев Дархан
Қазақбаев Сайын
Қоқамбаев Бақыт
Мұқашев Айдар
Оразалиев Армаен
Ормахаев Рауан
Семетаев Мұхит
Сүлейменов Жантөре
Төрегелдиев Рауан
Мүлкеманова Айгүл
Осыдан 40 жыл бұрын 1973 жылы мектебімізді бітірген азаматтарды ортаға шақырамыз! Қол соғып қарсы алайық! (Музыка)
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан-ұстаз баулыған құстары – бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,
Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!
- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар! (Музыка. «Ең соңғы қоңырау»)
11 «А» сынып.
Сынып жетекшісі – Әлиева Дина Байғазықызы.
Алғашқы ұстазы Жидебаева Орынкүл.
1 Алтай Наргиза
2 Әлімбай Мейрамкүл
3 Досжан Ерніс
4 Есенхан Мадияр
5 Жылқыбай Темірлан
6 Қазақбай Бегайым
7 Мәжит Ілияс
8 Мұхамеджан Нұржан
9 Мәлік Арайлым
10 Нұрқасым Ақбота
11 Райкұл Гүлмира
12 Сексенбай Әуез
13 Семетай Мейірбек
14 Спан Назерке
15 Тұратбек Айсулу
11 «Ә» сынып.
Сынып жетекшісі – Самақова Айнұр Сейдалықызы.
Алғашқы ұстазы Арышева Гүлзада.
1 Ағыбай Мөлдір
2 Байғазы Бекәділ
3 Бәзілова Мөлдір
4 Бейсенғазы Елдияр
5 Мақа Бағила
6 Оралқұл Гүлайым
7 Ошақбай Шыңғыс
8 Сағынбай Жансая
9 Серік Шолпан
10 Тасболат Арай
11 Тоқа Ақерке
Өзіңменен өлшеулі нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
Өлшеуі ар-намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыңдар, аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіндер халқымыздың.
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, әкелер мен аналарым.
Жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяндап қонақтарға келейін.
Салтанатты жиынға ортақ болған,
Қонақтарды таныстырып өтейін!
Бүгінгі салтанатты жиынның президиум мүшелерін өз орындарына шақырамыз.
1. Мектеп директоры Қалышева Бақыткүл Бүркітбайқызы.
2. Ата-аналар комитетінің төрағасы Жүнісова Эльмира Кеңесханқызы.
3. Мектеп директорының орынбасарлары:
Манапбергенова Гүлбадан Мұхаметжанқызы,
Нұрмаханбетова Асыл Жанғазықызы.
4. Ардагер ұстаздар:
Әлімжанова Жұмахан
Қорабаева Гүлсара
Байғабылова Ұлбосын
Сүгірбаева Сәуле
Темірқұлова Әсия
Естемесова Күлшаруан
Көшеғұлова Кенжехан
Асылбекова Рауия
Сүгірбаева Әсемхан
Қайынбаева Рыскүл
Мәмежанова Мадина
Барманбекова Әлия
Райқұлова Гүлнар
Смағұлова Зәуре
5. 40 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер
Салыбаев Сәрсебек, ....
6. 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер Күшікбаев Дархан, Құрманалиева Айнұр.
7. 10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер
8. Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары Қайынбаева Айхан, Жүгебаева Айнұр.
Жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер Әнұран.
ҚР Мемлекеттік Туын көтеру 11 сынып бітіруші аудандық олимпиада жүлдегері, үздік оқушы, «Алтын белгіге» үміткер Бәзілова Мөлдір және 1 «Б» сыныптың үздік оқушысы Сатқынбай Мерейге тапсырылады. (Гимн орындалады)
№ 14 Ә. Нүсіпбаев орта мектебінің 2012-2013 оқу жылындағы соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.
Жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Қалышева Бақыткүл Бүркітбайқызына беріледі.
Он бір жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Құрметті жас түлектер!
Орындалды ойыңыз.
Құтты болсын тойыңыз!
Сөз кезегі Қаракемер ауылдық округінің әкімі Әлиев Санатбай Байғазыұлына беріледі.
Жүргізуші:
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
Келесі сөз аудандық білім бөлімінің .............
Жүргізуші:
2012 – 2013 оқу жылының қорытындысы туралы мектеп басшысының бұйрығымен таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Манапбергенова Гүлбадан Махаметжанқызына беріледі. ( Мектептің үздік оқушыларын марапаттау кезеңі)
Жүргізуші:
Жақсы шәкірт Азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Құттықтау сөз мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары Қайынбаева Айхан мен Жүгебаева Айнұрға беріледі.
(Құттықтаудан кейін ата-аналар, қонақтар мектеп бітірушілерге және мектепке гүл шоқтарын, сыйлықтарын (ксерокопия) ұсынады. Музыка. «Әке толғауы».)
Жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
Сөз кезегі 1 сынып оқушыларында.
(9 оқушы шығып, тілек айтады. мектеп бітірушілерге сыйлық табыстайды.)
Жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Әліппемен ашып өмір есігін,
Тербетеді сені білім бесігің.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өсер алғашқы ұстаз есімін.
Мектеп бітірушілердің алғашқы ұстазы Жидебаева Орынкүлді ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан
Келіп тұр жолдап сәлемін!
Өмірдің ұғып тереңін,
Өркен жайған қауымым
Қабыл ал жүрек сәлемін,
Құлақта сенің әр үнің!
10 жылдық түлектер атынан сөз ..., (Сыйлық – 40 000 теңгелік сандық фотоаппарат, 50 000 теңгелік видеокамера, спорттық киімдер)
20 жылдық түлектер атынан сөз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қордай ауданы бойынша аумақтық инспекциясының бас маманы Күшікбаев Дарханға және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұрға, (Сыйлық – 150 000 теңгеге дыбыс күшейткіш аппаратура және далада дыбыс күшейткіш – рупор)
40 жылдық түлектер атынан сөз Мемлекеттік автоинспекция ардагері, Қордай ауданындағы жол қозғалысы жас инспекторлары қозғалысының алғашқы ұйымдастырушысы, №14 орта мектеп жас инспекторлар командасының бас демеушісі, «За 15 лет безупречной службы в МВД», медальдарының иегері, отставкадағы полиция майоры Салыбаев Сәрсебек Сұлтаналыұлына ... беріледі. (Мектепке сыйлық – жолда жүру ережелерін оқытатын кабинет жабдықтары мен оқушылар демалатын рекреацияға «живой уголок»)
Жүргізуші:
Көтеріп жүктің салмағын,
Жолында өмір талмадың.
Мерейің қандай шуақты,
Ұстазым – асыл арманым!
Есімде мәңгі қалдың да,
Жүректе ән боп жандың ба?
Есейіп бүгін кетсем де,
Шәкіртпін ұстаз алдында!
10 жылдық түлектердің сынып жетекшілері Бедішева Паршакүл, Смағұлова Зәуре, алғашқы ұстазы Сыздықбаева Анараны;
20 жылдық түлектердің сынып жетекшілері Қорабаева Гүлсара, Керімбаева Жексенкүл, алғашқы ұстаздары Көшеғұлова Кенжехан, Қайынбаева Рыскүлді;
40 жылдық түлектердің алғашқы ұстазы .......... ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз-ғалым, толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Жүректер лүпіл қаққан, қимастықпен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте, шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек! Енді сөзді өздеріңізге береміз.
( 11 сыныптардың әдеби-сазды монтажы. 1 сыныптарға ескерткіш сыйлық. Вальс. Флеш-моб.)
Жүргізуші:
Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Мектеп туын түлектер нық сеніммен
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Ту тапсыру – қабылдау рәсіміне назар аударыңыздар! (Жауапты – Райқұлов Ә.)
Ту тапсырушылар: 11 сынып бітірушілер, ,«Ынтымақ Республикасы» оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Спорт министрі Бейсенғазы Елдияр, аудандық және облыстық олимпиада жүлдегері, үздік оқушы, «Алтын белгіге» үміткер Алтай Наргиза, аудандық олимпиада жүлдегері, үздік оқушы, «Алтын белгіге» үміткер Бәзілова Мөлдір.
Ту қабылдаушылар: 10 сынып бітірушілер, «Ынтымақ Республикасы» оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президенті – Ақбай Толғанай, Білім министрі – Әлиева Фарида, сынып басшысы – Тәтібекова Лунара. (Музыка)
11 сынып (Бейсенғазы Елдияр):
Атағың Алатаудай болсын биік,
Әрдайым төбең тұрсын көкке тиіп!
Сұранамын: әрқашанда тағзым еткін
Желбіреген көк Туға басыңды иіп!
10 сынып (Ақбай Толғанай):
Болыңдар сендер, жаңа ұрпақ,
Тәрбиелі ұл-қыздай.
Қарасын жұрт таңырқап –
Жарқыраңдар жұлдыздай!
Аяқтап бүгін мектепті
Тебірендің, толғандың.
Болашағың жарқын боп,
Сәт-сапар болсын жолдарың!
Жүргізуші:
Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан –
Сөз берейік жетекші ұстазына!
Ұстазсыз шәкірттерге бақ берген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі – жетекші бапкерлерде.
Мектеп бітіруші түлектердің сынып жетекшілері Әлиева Дина және Самақова Айнұрға сөз беріледі.
Жүргізуші:
Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау.
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың.
Соңғы қоңырау соғу құрметі 1 «Ә» сыныптың үздік оқушысы Есжан Бағилаға, аудандық және облыстық олимпиада жүлдегері, үздік оқушы, «Алтын белгіге» үміткер Алтай Наргизаға тапсырылады. ( Жауапты – Абдиманова Қ..)
Жүргізуші:
Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» -деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
Мына ұрпақ мақтануға болсын лайық –
Күн ертең осылармен мақтанайық!
Үлкендерден үлгі алып, кездесуге
Жылдар өтіп келгенде біз қарсы алайық!
Сәт сапар!
(Музыка. Мектеп бітіруші түлектер 40 жылдық түлектердің лимузиніне отырып кетеді.)
№ 14 Ә. Нүсіпбаев орта мектебінің 2012-2013 оқу жылындағы соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын.
Хабарландыру!
Тәрбие сағаттары келесі сынып бөлмелерінде өтеді:
11 сыныптар – биология кабинеті;
10 жылдықтар – информатика кабинеті;
20 жылдықтар – физика кабинеті;
40 жылдықтар – мультимедия кабинеті.
40 жылдық түлектердің сыйы ретінде жабдықталған жолда жүру ережелері кабинеті мен демалу орнының ашылу салтанатына президиум мүшелерін шақырамыз.
.
.
№ 14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектеп
Дайындаған: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Төреев Б.Қ.
2012-2013 оқу жылы