?здік жарнама бай?ауыны? сценарийі


Аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өтетін «Үздік жарнама» байқауының
с ц е н а р и й і
Байқау өтетін орын талапқа сай безендіріледі.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және білімді шәкірттер. Бүгінгі «Мәңгілік Ел-мәртебелі тіл» атты «Дарын» бірлестігінің апталығы аясында өткелі отырған «Үздік жарнама» байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Талаптыға әрқашан серік болған,
Түрлі өнер іргесіне берік қонған.
Баршамызға нұрын төккен арайлы,
Оқушылар үйі-білімділер сарайы, - дей келе, оқушылар үйіндегі барша ұстаздарды келе жатқан мерекелерімен және 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жүргізуші: Бүгінгі байқауымыздың мақсаты да ана тіліміздің тұғырының мықты болуына, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталмақ. Олай болса, байқауға қатысушыларға жарнама туралы қысқаша түсіндіріп өтейін. Жарнама дегеніміз ( лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама, белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Жүргізуші: Ендеше, балалар, байқау барысында барлығымыз белсенділік танытып, уақытымызды қызықты әрі көңілді өткізелік. Бүгін сіздердің араларыңыздан «Үздік жарнама» жасаған топты анықтап, жұмыстарыңызға баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1) Н.Наурызбаева – қазылар алқасының төрайымы, Аудандық оқушылар үйінің директоры.
2) Р.Жаханова – қазылар алқасының мүшесі, Аудандық оқушылар үйінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
3) А.Әбдіреева – қазылар алқасының мүшесі, Аудандық оқушылар үйінің әдіскері.
Жүргізуші: Байқауға қатысатын топтар:
___________________________________.
___________________________________.
___________________________________. Сіздерге сәттілік тілеймін.
Жүргізуші: Құнарлы әрі пайдалы,
Жеміс-жидек алайық,
Ә-ә-ә-ә, жарайды, алдымен,
Топтарды таныстырып алайық.
І кезең. «Біз туралы мәлімет», таныстыру кезеңі.
Шарты: Байқауға қатысушы топтар өлең шумақтары арқылы, қара сөздер немесе т.б.
арқылы өз шығармашылықтарына қарай топтарын таныстырады.
ІІ кезең. Азық-түлік өнімдерін жарнамалау.
Шарты: Әр топ интербелсенді тақтадағы ұяшықтардың біреуін таңдап, сол таңдаған ұяшықтағы азық-түлік өнімін жарнамалауы тиіс. Жарнама жасайтын азық-түлік өнімдері - сүт, шәй, қаптамадағы кофе, айран. Берілетін уақыт – 5 минут.
ІІІ кезең. Қатесіз жарнама – уақыт талабы.
Шарты: Үш топқа қатемен жазылған және сөздері дұрыс ұйқаспайтын жарнамалар беріледі. Балалар жарнамалардың қателерін тауып, қағазға түсіреді. Берілетін уақыт 2-3 минут.
І топтың жарнамалары:

Дұрыс жауабы: Б.Момышұлы көшесі. Дұрыс жауабы: Ескіні жаңаға ауыстырамыз.
lefttop
Дұрыс жауабы: Барлық отбасы Дұрыс жауабы: дүйсенбі-бейсенбі
мүшелеріне арналған.

ІІ топтың жарнамалары:
lefttop
Дұрыс жауабы: «Ағылшын тілі» Дұрыс жауабы: Әйтеке би көшесі
пәнінің оқытушысы қажет
lefttop
Дұрыс жауабы: Тұрақтандыру Дұрыс жауабы: Автобөлшектер
қорының өнімдері
ІІІ топтың жарнамалары:

lefttop
Дұрыс жауабы: Әйелдердің сәнді Дұрыс жауабы: Байтұрсынұлы көшесі
киімдер дүкені
lefttop Дұрыс жауабы: Мүмкіндігі шектеулі Дұрыс жауабы: Жапония мен Корея азаматтарға арналған бос жұмыс тауарлары
жәрмеңкесі
ІV кезең. Дыбыссыз бейне арқылы ауызша жарнамалау.
Шарты: Әр топқа дыбыссыз бейне арқылы теледидардағы жарнамалардың біреуі көрсетіледі. Балалар жарнаманың барысында айтылатын сөздерді жазып, айтып берулері қажет. Берілетін уақыт – 3-4 минут.
V кезең. Сұрақ-жауап кезеңі.
Шарты: Жарнамаға қатысты сұрақтарға әр топтан бір оқушы жауап беріп, өз ой-пікірін білдіреді.
1.Қандай заттарды теледидарда жарнамалауға тиым салынған?
2. Жөнсіз жарнамаларға қандай жарнамалар жатады деп ойлайсың?
3.Жарнама беруші арнайы құжаттарды рәсімдеуі қажет пе?
VІ кезең. Байқаудың қорытындысын шығару.
Марапаттау. Естелік суретке түсу.