Патриотты? ?ндер бай?ауыны? сценарийі
Бекітемін
Директордың әлеуметтік және
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
__________Б.Ж.Бахтиярова
«___»_______2015 ж.
Театрланған патриоттық әндер байқауының
ЕРЕЖЕСІ:
Мақсаты:
Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу. Өзінің және қоғамның болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуіне гуманистік дүние танымды қалыптастыру.
Өтетін орны: мәдениет залы
Уақыты : 13.00
Қатысатын топ– 1,2 негізгі, 2 қысқартылған топ студенттеріБайқаудың шарттары:
Байқауға әр топтан 1 үміткер қатыса алады. Әр үміткер 2 ән орындайды.
1. Үміткердің орындаушылық шеберлігі;
2. Орындалар әннің тақырыпқа сай болуы;
3. Кәсіби сүйемелдеуге көңіл бөлу (аранжировка);
4. Әнді жанды дауыспен орындау;
5. Сахна мәдениеті мен киім үлгісі;
6. Ән айту мәнері мен дауыс ырғағы;
Сайыста ескерілетін:
• Киімдердің үйлесімдігі
• Театрланған қойылымның әнге сәйкестігі
Жеңімпаздарды марапаттау: Жеңімпаздар дипломдар,мадақтама қағаздар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлдеге ие болған жеңімпаз қалалық байқауға қатысуға жолдама алады.
Жастар ісі жөніндегі менеджер ___________С.А.Карибжанов
Ерлік Даңқ мұражайына саяхат
Мақсаты:
Білімділігі : Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ұлы Отан соғысына байланысты ақпараттарды оқып ізденуге, батырлар ерліктеріне баға беруге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік : Оқушылар бойында адамгершілік, патриоттық сезімдер қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу. Батырлар тағзым етуге, құрметтеуге үйрету.
Түрі : саяхат.
Әдісі : түсіндіру, баяндау.
Көрнекіліктері: батырлар суреттері, гүл шоқтары, мұражай бұрышы, естеліктер, жер шары, кептерлер, т.б.
Өту барысы:
Сөз сөйлеу.
Соғыста Кеңес одағының басқа Республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қыздары Мәншүк пен Әлия қас дұшпанынан елін қорғаған еді.
4. Мұражайға саяхат. Балалар, осы Ұлы Отан соғысы туралы не білесіздер ? 1941 жыл 22 маусымда елімізге қауіп төніп, халғымыз адам айтқысыз қиын- қыстау кезеңге душар болады. Осы күні таңғы сағат 4 шамасында гитлерлік Германия әскері КСРО – ның батыс шекараларына ене бастады. Гитлердің соғыс жоспары « Барбаросса» деп аталды. Ол жоспар бойынша КСРО – ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат пен адам ресурсына айналдырмақшы болды.Жаудың 190 дивизиясы, 4 мыңнан астам танктері, 47 мыңнан астам артиллерия және миномет қондырғылары, 5 мыңдай ұшағы, 22- дей әскери кемесі соғысқа жұмылдырылды.
Ұлы Отан соғысы туралы деректерге сүйенсек : соғыстың алдында елімізде 6. 2 млн. Халық тұратын еді.Республикадан 1 млн 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикамыздан еңбек армиясына 700 000 адам жібелілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн 200 мыңдай адам сапқа тұрды. Соның жартысынан астамы, яғни халықтық шамамен 10- пайызы соғыстан қайтып оралған жоқ , – дейді тарихшылар.Соғыс жылдары республикамызда 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, соның ішінде 2 ұлттық атқыштар бригадасы майданға жөнелтілді. Бұдан бөлек, Қазақстанда 50- ге жуық полк пен батальондар жасақталған. « Сандар сыр шертеді» берілген ақпаратты қорытындылау. 1945 жыл 9- мамыр күні Жеңіске қолымыз жетті. Күйзелген көңілдер, жүдеген жандар Ұлы Жеңістен жұбаныш тапты. Жеңіс ! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге 4 жылдай теңселген дүниенің қайғы- қасіреті, ащы азабы, тәтті арманы, ой- қиялы сыйып жатыр. Содан бері біз жеңісті тойлап келеміз.
Қорытынды:
Міне, жеңіс оңайлықпен келмеген екен. Сондықтан біз « еліміз тыныш, халқымыз аман болсын» деп тілейміз. Сендердің, сендер секілді жер шары балаларының тілегін білдіретін « Мен соғысты жек көрем !» деген Қ. Жұмағалиевтің өлеңі бар. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 – жыл толып отыр. Бұл үлкен қуаныш!!!
Жастар ісі жөніндегі менеджер ___________С.А.Карибжанов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»РМҚК
Театрланған патриоттық әндер байқауы
Дайындаған: С.А.Карибжанов
2014-2015 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі«Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»РМҚК
Қалалық «Ерлік Даңқы» мұражайына саяхат
Дайындаған: С.А.Карибжанов
2014-2015 оқу жылы