?аза? ?дебиеті п?нінен , та?ырыбы :М.Ж?мабаев «Са?ындым» ?ле?і


Қазақ әдебиеті Пән мұғалімі: Бисенова Динара Темирбековна 8- орыс сыныбыСабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Сағындым»  өлеңі
Сілтемелер «Қазақ әдебиеті» орыс тілінде білім беретін мектепке арналған 8-сынып оқулығы, авторлары: Қ.Әбдезұлы, С.Тұрсынғалиева,
Диалог (Мерсер,2008), Сыни тұрғыдан ойлау
Жалпы мақсаты: Ақынның өмір жолы мен шығармаларын таныстыра отырып, “Сағындым” өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру,оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой-өрісін, тілін дамыту, шығармашылыққа баулу, өлеңнің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: - Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталып, Мағжан өмірі мен “Сағындым” өлеңінің байланысын ашады.
-Өлеңді шығармашылық тұрғыдан талдауға машықтанады.
- Жұптаса, топтаса жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға үйренеді, тыңдауға үйренеді, өзін-өзі реттейді.
- Жақсы қасиеттерді, адами құндылықтарды бойына дарытады.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдістері: Жұптық, топтық, жеке, ұжымдық, диалогтік оқыту, СТО
АКТ,оқыту үшін бағалау
Сабақта қолданылатын материалдар: Бейнепроектр, флипчарт, маркер, суреттер, жұмыс дәптері , Мағжан портреті, оқулық, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу; «Шаттық шеңбері» құру,
бір-біріне жақсы тілектер айтып, жақсы көңіл-күй тілеу.
2. Оқушыларды пазлдар арқылы үш топқа бөлу: (2 мин)

Сабақ кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Орындалатын тапсырмалар ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. 5мин
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
-Үйге М.Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылығына байланысты хронологиялық кесте жасап келу берілді.
Сандар сөйлейді:
1893жылы- Солтүстік қазақстан облысы Ақмола губерниясында дүниеге келді.
1905жылы- Қызылжардағы медресені бітірді.
1912жылы-Алғашқы өлеңдер жинағы «Шолпан» деген атпен қазан қаласында жарық көрді.
1916жылы- Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясын бітіреді.
1929жылы- Қуғын-сүргінге ұшырайды.
1938жылы- «Халық жауы» деген жалған айыппен сотталып, атылды.
Зейін қою жауапкершілікті сезінуі
Жеке жұмыс жасау

ІІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылығын оятуОй қозғау 5 мин
«Сағындым» өлеңінде ақын не туралы жырлауы мүмкін деп ойлайсыздар? (оқушылардың жауаптары жазылады.) Білу, түсіну аясында сұраққа жауап берді.
Мадақтаулар: өте жақсы, жарайсыздар
2. Мәтінмен жұмыс. Мағынаны тану.
Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» тереңірек тоқталғанбыз, ақын лирикасының тақырыптары сан алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры , адамгершілік, шынайы махаббат т.б.  Бүгінгі жаңа сабағымыз туған жер, атамекен тақырыбына байланысты М.Жұмабаевтың «Сағындым»  өлеңімен танысамыз.
Бәріміз тақтаға назар аударайық.
Электронды оқулық. «Сағындым» өлеңін үнтаспадан тыңдау. 3мин
3.Сөздік жұмысы. Сөздердің қолданылу аясын анықтап, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру. (жұптық жұмыс)
Абақты- тюрьма
Жаңылу- запутаться
Жаны қас- враг
Ауыр иіс- тяжелый запах
Қара көлеңке – яерная тень
Жүйрік жел –быстрый ветер
Күңірену- предаваться безутешному горю
Жыл құсы- перелетные птицы
Сырласу-разговаривать по душам
4. Топпен жұмыс (постер қорғау)
1-топқа Ақынның идеясы, өлеңдегі көзқарасы?
2-топқа Ақын кімдерді , нелерді сағынды?
3- Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?
5. Зерттеу (постер арқылы қорғау) Екі жұлдыз, бір тілек. 7мин
«Сағындым» өлеңін талдап, өз ойларын постерге жазып қорғайды. Әр топқа әртүрлі тақырыптар беріледі.
І топ Ана- өмірдің тірегі
ІІ топ Туған жер-алтын бесік
ІІІ топ Доссыз өмір-тұссыз ас
6. Өлеңнің бір шумағына талдау жаса. 3мин
Абақтыда// айдан, күннен //жаңылдым, -а
Сарғайдым ғой,// сар даламды// сағындым. -а
“Қарашығым,// құлыным!” деп //зарлаған -б
Алыстағы// сорлы анамды// сағындым -а
Өлең жолдарында қандай сөз көп қайталанды? Өлең жолдарынан синоним сөздерін тауып жазыңыздар.
Сергіту сәті. «Көңілді күн» әуені 1мин Дәптерлерін ашып, күннің жадын,
сабақтың тақырыбын жазады.


Екі жұлдыз, бір ұсыныс. оқушылар ресурстағы мәтінді талдау жасайды,
Қорытынды 6. Шығармашылық жұмыс. 10мин
Ақын арманы- бостандық, тәуелсіздік.
(шағыншығарма)
«Екі бетті күнделік» стратегиясы бойынша кесте толтыру. 5мин
Өлеңнен алған әсерім Пікірім
Мұғалім: Сабағымызды қорытындылай келгенде, балалар, ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.
Мағжан бойындағы бүкіл қасиет – оның поэзиясында.
Ақын айтқан осы қасиеттің бәрі Мағжан бойында бар екеніне көзіміз жетті.
Иә, ақын аңсаған тәуелсіздікке де қол жеткіздік. Арыстарымыз ақталып, ел мақтанышына айналды. Биыл Тәуелсіздігімізге -25 жыл толып отыр. Еліміздің Тәуелсіздігі құтты болсын! Шығармашылық жұмыс арқылы өз ойларын жазады.

Смайликтермен немесе фишкалармен бағалау
Тақырыпты ашуы, Өзектілігі
Бағалау Топ басшылары бағалау парағымен бағалайды ;
Бағалау парағы. 3мин
1.Үй тапсырмасына дайындығы
2.Жаңа тақырып мазмұнының ашылуы
3.Қойылған сұрақтарға жауаптарының толықтығы
4.Пікір айту дағдысы
5.Топта өз идеясын қосуы
Неліктен мұндай баға қойғаны туралы өз ойларын айтып шығады.
Кері байланыс.
Рефлексия
Үй тапсырмасы Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 2мин
Қандай әсер алдыңдар.
1.М.Жұмабаевтың“Сағындым” өлеңінен үзінді жаттау.
Қысқаша сипаттама жазады.