Саба?ты? та?ырыбы : Ма?жан Ж?мабаев «Мен жастар?а сенемін» ?ле?і Саба?ты? ма?саты : а) білімділік: Ма?жан –Абай поэзиясын жал?астырушы, ?лтын с?йген а?ын екендігін таныту. ?ле?деріндегі ?лтты? рух, еліне деген с?йіспеншілікті? жырлануы. Жастарды? к


Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы : Мағжан Жұмабаев«Мен жастарға сенемін» өлеңіСабақтың мақсаты : а) білімділік: Мағжан –Абай поэзиясынжалғастырушы,
ұлтын сүйген ақын екендігін таныту.
өлеңдеріндегі ұлттық рух, еліне дегенсүйіспеншіліктің жырлануы. Жастардыңкелешегіне зор үмітпен қарауә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау , танымдыққабілеттерін қалыптастыру,
шығармашылыққа баулу
б) тәрбиелілік:Елжандылыққа , ұлтын сүюгетәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап, М О Т «Мені түсін»,
«жылдар сөйлейді», Деңгейлік тапсырмаменжұмыс, СТО « Екі жақты күнделік», «топтастыру»
Сабақтың типі : Жаңа ұғымды меңгерту сабағыСабақтың көрнекілігі: Мағжан Жұмабаев шығармашылығы,
ақынның өлеңдер жинағы, ақын туралыестеліктер (буклет), мультимедияСабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру(Сыныпты топқа болу. 3 топтың белсенді қызметі арқылы орындалатынын хабарлау)
2. Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
Бұл кімнің өлеңі?
ә) Мағжан кім? Ол қандай ақын, оның қандай өлеңдері бар?
Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында:
Мағжан – ұлы ақын, Мағжан – лирик, сыршыл ақынМағжан – эпик ақынМағжан Жұмабаевтың «Түркістан »өлеңін өткен болатынбыз.
Ақынның өлеңінің идеясы неде, оның өмірі, өлеңінде қандай тұлғалар туралы баяндалғанын ортаға саламыз.
Тапсырма:
“Білім” “Түркістан” өлеңі бойынша тапсырма1- топ “Түркістан өлеңінің тақырыбы мен идеясы неде?
2- топ “Жылдар сөйлейді”
( 1893. 1905. 1910. 1912. 1913-1916. 1919. 1923-1928.
1929.1936.1938)
( Оқушылар жылдар бойынша ақынның өмірінің басты оқиғасын айтады)
3- топ Өлеңдегі жалқы есімдерді ата. Қандай тұлғалар туралы жырлаған?
(Өлеңдегі жер-су аттары, адам аттарын айтады)
«М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақпоэзиясының арасындағыпоэтикалық көпір» (Ғ.Ибрагимов)
Ақынның «Түркістан »өлеңінің мазмұны мен идеясы туралы сұралып, талданғаннан кейін, жаңа сабақ түсіндіріледі.
Мағжан Жұмабаев“Мен жастарға сенемін” өлеңіАрыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты — Мен жастарға сенемін! 
Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! Жас қырандар — балапан, Жайып қанат, ұмтылған. Көздегені көк аспан, Мен жастарға сенемін! Жұмсақ мінез жібектер, Суттей таза жүректер, Қасиетті тілектер — Мен жастарга сенемін! Тау суындай гүрілдер, Айбынды алаш елім дер, Алтын Арка жерім дер, Мен жастарға сенемін! Қажу бар ма тұлпарға, Талу бар ма сұңкарға?! Иман күшті оларда, Мен жастарға сенемін!.. Алаш — айбынды ұраны, Қасиетті құраны. Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемін! Мен сенемін жастарға: Алаш атын аспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін!
Ақын өлеңінде жастарды қарсыласуға , өз дегенінен қайтпай ,шындық үшін өмір сүруді үйретеді.
Мағжан өлеңдерінен өзекті өртер қайғымен бірге асқақ арманды, үмітті қатар көреді. Ол толықтай уайымға берілмейді. Өкінішті айта отырып, жарқын болашаққа сенім артады.
Өлеңді 2-3 оқушыға мәнерлетіп оқыту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын оқушылардың біліктілік дағдысы арқылы айқындау.
Тапсырма:
“Түсіну”
1- топ Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңдар2- топ “Мені түсін” ( негізгі ұғым білдіретін сөздерді жаз)
3- топ Өлеңдегі көркемдеуіш сөздерді тап
“Бағалау”
Деңгейлік тапсырмалар3- деңгей Өлең мазмұны арқылы ақынның қандай мінезін тануға болады?“Топтастыру”
2- деңгей “Екі жақты күнделік”
(Оқушылар өлеңнен үзінді жазып, өз пікірлерімен толықтырады)
1- деңгей “Мен сенемін жастарға” ойтолғау жаз.
( Бүгінгі жастар, жастар ұйымдары туралы ой толғайды)
Қорытынды.
Ақынның жастарға деген сенімінің ақталғанын бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жастарының шыққан биігінен көруге болатынын,
Тәуелсіздік үшін күрес те қазақ жастарының арқасында нәтижеге жеткенін айта отырып қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау.