Та?ырыбы «Наурыз –?лысты? ?лы к?ні»


№4 Хромтау орта мектебі
Тақырыбы; «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні»


Тәрбиешісі; Садыкова.А.С.
2014 оку жылы
«Наурыз –Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. - Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! - Балалар, күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз құтты болсын! Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! Мал біткеннің бал татыған уызды, Қуат болып қанымызға тарайды. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. «Аман ба» деп мал жаның? Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. - Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!
Ән «Наурыз» - 0 «В» м.д.т.Тақпақтар. 0 «Б» м.д.т. Тақпақтар. Би «Қамажай».
Жүргізуші: - Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа күн деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа күн деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. - Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) - Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. - Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады. ІІІ. Тақпақтар. 0 «Ә» м.д.т. Би «Бипыл»Жұмбақ - Ал енді балалар! Жұмбақтың шешуін табыңдар: Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан) Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан.
Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Қазақтың ұлттық тағамдары, Жасымнан жақын маған бәрі. Теңермес ем оларға мен, Ешбір асты ғаламдағы. - Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді апайымыз таныстырып өтеді.
ІV. Тақпақтар. 0 «А» м.д.т. Тақпақ. Би «Қыздар»
V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру - Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Алтыншаш апайымызға сөз береміз.
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Күляш апайға беріледі.
Тақпақтар. Қазақ биі. - 0 «В» м.д.т.
VI. Ұлттық ойын «Аударыспақ» - 0 «ә» м.д.т.
Тақпақтар. Би «Қазақ биі» - 0 «Г» м.д.т.
VII. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Соңын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тарту» т.б ойындар. 0 «Ә» мен «В» м.д.т. - Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады ) Рахмет! Отырамыз!
VIII. Қорытындылау Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Батаны 0 « » м.д.т. береміз. Рахмет!
Оқушылардың орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар! - Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!