Поурочный план по казахской литературе на тему Ма?жан Ж?мабаев «Са?ындым»


Қазақ әдебиеті. 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Сағындым»
Сабақтың мақсаты: М.Жұмабаевтың шығармашылығымен таныстыру, «Сағындым» өлеңі арқылы ақынның еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілігін,сағынышын түсінуге ықпал ету. Өлеңді оқыта отырып адамгершілікті үлгі ету,анаға, туған жерге,халқына деген махаббаттарын ояту. Өзіндік ізденуге, көркем мәтінмен жұмыс жасай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой салу, , талдау, салыстыру, дәлелдеу, сто
Сабақтың көрнекілігі: Ақын өміріне арналған кітаптар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ.
Поэзия минуты.
2. Қызығушылықты ояту.
-Сағыныш деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3. Болжау кестесі
Мағжанның сағындым деп отырғандары кімдер деп ойлайсыңдар?
4. Ақын өмірінен қысқаша мағлұмат беру.
5. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ақынның бұл өлеңді жазудағы себебін анықтау. Түрме дегенді ақын қалай жеткізеді?
Өлеңді оқығандағы өз сезімің?
Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?
6. 1.Ақын кімдерді, нелерді сағынды? (Кестені толтыру)
Ақын кімдерді сағынады? Ақын нелерді сағынады?
Өлеңде қайталанып отыратын «сағындым» сол ағайынды, анамды,жарымды,елімді, Сарыарқамды) сағындым» деген жолдардан ақынның қандай сезімін байқауға болады?
7. Өлеңді құрылысына талдау.
8. Ой толғаныс
Күнде көріп жүретін адамдарда сағыну деген бола ма? Себебі?
Үйге : Ақынның өмірі мен шығармашылығы, өлеңнен үзінді жаттау.
Бағалау.