План урока по воспитательному работу на тему Наурыз – ?лысты? ?лы к?ні
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні
Жарияланды 2-11-2015, 08:23 Категориясы: Тәрбие сағаты
Кештің тақырыбы: Наурыз – Ұлыстың ұлы күніМақсаты: Бүкіл түркі халқының ұлық тойы - Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрмен, әдет - ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттырып, ынта мен ықыласты ояту, ой – өрісті кеңейту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.Тәрбиелік: Оқушылардың қазақтың салт – дәстүрін құрметтей білуге, оны өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.Әдісі: топтастыру, Венн диаграммасы, ой қозғау, ой толғаныс, шығармашылық жұмыс, көрінісТүрі: Эстетикалық тәрбиеІ. ҰйымдастыруПсихологиялық дайындықІІ. Оқушыларды топқа бөлу1 - Топ « Жауқазын»2 - Топ «Бәйшешек»3 - Топ «ҚызғалдақІІІ. «Наурыз» әніОрындалған ән бойынша өз ойларын ортаға салуІV. Венн диаграммасыV. ТоптастыруVІ. Ой толғанысҰлттық тағамдар қалай дайындалады?VІІ. Шығармашылық жұмыс1. Өлең құрастыру2. Әңгіме жазу3. Суретті қорғауVІІІ. Көрініс «Наурыз дастарханы»1. Ау, жарандар, жарандар!Қызыққа мына қараңдар!Ұлыс күні жаңаша,Болыпты бір тамаша.2. Түк татырмас Шығайбай,Тек Алдардан ығар бай.Мырза болып көл - көсір,Өнерді бір шығарды - ай.3. Оңға да, солға да шашылды, төгілді.Бүгінгі мейрамда Шығайбай көңілдіБұрынғы өмірмен шорт кесіп құйрықты,Бастамақ қайтадан жаңаша өмірді.4. Бұрынғы әдетпен,Алдауға, арбауғаБермесе байғұстыңӨңешін бұрауғаАлдарда кеп жетті5. Ал, енді қарасаБұл неткен тамаша!Шық бермес Шығайбай,Бәйбіше, қызымен,Қарсы алды таласа.Алдар: Уай, Кім бар екен! Құдайы қонақпын!Шығайбай: Қош келдің, қош келдің қонағым!Алдар: Ассалаумалайкум, байеке!Шығайбай: Уағлейкумассалам!Алдар: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, байеке!Шығайбай: Болсын, болсын, бірге болсын!Әй, бәйбіше, Алдекең келді, құтты қонақ келді. Қазан көтеріңдер, ас салыңдар!Бәйбіше: Е, Өзіміздің Алдаржан екен ғой. Жоғары шық, қарағым төрлет. Бізбикежан, Қонақ келді. Көрпе төсе, сусын әкел!Шығайбай: Ал, Алдеке, көптен көрінбей кеттің. Аман - саусың ба? Не жаңалығың бар, айта отыр?Алдар: Жаңалығым сол, жер - жерде жұрт Наурызды тойлап жатыр екен. Елдің еңсесі биік, соған қуанам.Шығайбай: Иә, Наурыз - құт - береке дарыған той ғой, лайым солай болғай. Міне сусын ала отыр, Алдеке.Шығайбай: Өзіңнің әзіліңді сағындым, бір нәрсе айтып, көңілімізді бір серпілтіп тастасаңшы.Алдар: Не жайлы айтсам екен? Өкпелеп қалмайсың ба?Шығайбай: О, не дегенің? Ұлыс күні өкпе - наз деген бола ма?Алдар: Ендеше, мына айран туралы болсын.Мынау тұрған айран,Кез болдың қайдан?Бәйбішеге жолығып,Айрылыпсың – ау майдан.Қанша сенің айран,Коммерческий бағаң?Шөліркеп отыр ағаң,Е, қайран айран?Шығайбай: Өй, Алдеке тілің әлі өткір ғой, шіркін! Түк өзгермепсің, ә! Бәйбіше, тезірек асты қамдаңыздар, қонақтардыңқарны ашқан шығар.Шығайбай: Дәм алыңыздар, қонақтар! Қош келдіңіздер!Бәйбіше: Наурыз - молшылықтың, берекенің тойы. Наурыз күні әр адам төріне дастарқан жайып, бар жылы - жұмсағын дастарқанға қояды. Шаңыраққа келген барлық қонақ дастарқаннан дәм татып, ақ батасын береді. Сондықтан да бұл күнді құт пен береке дарыған күн деп атайды. Міне, мынау таба нан.Қасиетті күшті қара нанӨмірдің нәрін сіңіріп,Мирас болған бабадан.Ауыз тисін алдымен,Бастайық үлкен қонақтардан.Бізбике: Құрт – бауырсақ тағы бар,Қызылы бар, ағы бар,Баласы қайда ьұл тойдың,Алыңдар қане, алыңдар!Алдар: Қазақта « қонақ кәде» деген болады. Мойнымызда қарыз болып қалмасын, содан құтылайық. Мына жолдасым жақсы ән айтып берсін.Шығайбай: Бәрекелді, жарайсыңдар жігіттер! Қызым, өнерден біз де құралақан емеспіз ғой. Сен де ауылдың алтыауызын шырқатып жібер.Бізбике: Мен ағалардың өнеріне тәнті болдым. Құрметті қонақтарға арнап, би билеп берейін. Қабыл алыңыздар!Шығайбай: Бәйбіше, бүгінгі дастарқанның ең үлкен асы – Наурыз көжең қайда? Әкелсеңдерші!Бәйбіше: Бұл - Наурыз көже - қасиетті ас. Бұған жеті түрлі тағам қосады. Ауыз тиіңіздер. Бұл көжеде елімнің ақ ниеті бар екен, бабаларымыздың киесі бар екен.Алдар: Уа, халайық, жылқы жылы жақсылықтар әкелсін.Барлығы: Еш жамандық болмасын!Қол жайып бата сұрайық.Қызыр бабам қолдасын!Қызыр баба:Уа, қолыңды жай ағайын,Кеудеңе от жағайынМәртебесі мектептіңАса берсін лайымӘдепті болып ұл - қыздарЖоламасын лайымЖылқы жылы әз НаурызТөрттік пенен бестіктіСыйласын деп сұрайынОқушылар озат болсынКүнделіктерге бестік толсынЕлбасымыз аман болсынТыныштық заман болсынАумин!Қорытындылау.