Открытый урок по казахскому языку на тему Жа?а жыл.Мен шыршаны орнатамын. 5 класс


«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№12 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі-Рахимова Гульнар Советовна
Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл.Мен шыршаны орнатамын.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді,сөз тіркестерін,көптік,тәуелдік,септік жалғауларын меңгерту
Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып ойлау қабілеттерін,тіл байлықтарын дамыту.
Жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін түсіну.Жаңа жылды ұжымда қарсы алғанға үйретіп,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: Қ.Р. әнұранын орындау.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Түгендеу
Үй тапсырмасын тексеріп өту
Оқушыларға сұрақ: а)балалар қазір қай жыл мезгілі?
б) қай ай?
в) желтоқсанда қандай мерекелер бар?
г) жаңа жылды қарсы алу үшін біз не істейміз?
- Біздің бүгінгі тақырыбымыз: Жаңа жыл.Мен шыршаны орнатамын: 2,3,4-слайдтар
Қазір Сабина шыршамызды безендіреді. Шырша дайын. Сабина шырша өлеңін айтады
Жаңа жылда шыршаның қасында кім болу керек?(аяз-ата)
Ендеше аяз-атаны шақырайық (оқушылыр шақырады)
Аяз-ата мен ақшақар кіреді.Олар өлеңдерін айтады.Сабина аяз-атаға арналған өлеңін айтады.
Балалар мына шыршада жұмбақтар бар. Оларды шешу керек.
Оқушылар бір-бірден шығып жұмбақтарды шешеді. Аяз-ата оларға сыйлықтар береді.Оқушылар орындарына отырады.
Мұғалім шырша туралы қысқаша мәлімет айтады: 5,6,7-слайдтар
Оқушылар дәптерлерін ашып бүгін нешесі екенін жазады:8-слайд
Сөздік жұмыс : 9-слайд
Шырша-ёлка
Орнату-установить
Жаңа жыл-новый год
Сыйлық-подарок
Аяз-ата- дед мороз
Ақшақар – снегурочка
Аққала-снеговик
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау:10-слайд
Сұрақтарға жауап беру:11-слайд
Жаңа жыл мерекесі қашан болады?
Шыршаны қашан орнатады?
Шырша қандай?
Шыршада нелер көп болады?
Жаңа жыл мерекесіне кім келеді?
Аяз-ата сендерге не береді?
Сыйлықта не болады?
Сергіту сәті
Сөздерге көптік жалғау қосып жазу: 12-слайд
Сөздер -лар;-лер -дар;-дер -тар;-тер
Сыйлық -тар
Жел -дер Қырау -лар Қар -лар Шырша -лар Мұз -дар Аяз-ата -лар Кәмпит -тер
Мереке -лер Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бағанға бөліп жазу:13-слайд
Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын жазу:14-15 слайдтар
Мен шырша...ды орнаттым
Сен шырша...ды орнаттың
Сіз шырша...ды орнаттыңыз
Ол шырша...н орнатты
Өлеңді мәнерлеп оқу,сын есімдерін теріп жазу:16-слайд
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады-қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар-
Жауса,жаусын ақша қар.
«Сөзжұмбақты шешіп көр»:17-слайд

Сөздерді сөз таптарына бөлу:18-слайд
Сөз таптары Зат есім Сын есім Етістік
Қыс + Ақ + Жел + Суық + Жауды +
Қар + Келді +
Сабақты қорыту: жаңа жыл мерекесі туралы не білдіңдер?
Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайықҮй тапсырмасын жазайық.Бүгінгі алған білімді,Ұмытпай есте сақтап алайық.
Бағалау