Научные работы для воспитательная работа на тему Армысы? ?з Наурыз (дошкольники) 
Тақырыбы: «Армысың, Әз Наурыз!»
Мақсаты: Аталған мейрамның  пайда болу тарихымен, қазақ  халқының  салт-дәстүрін  таныстыру.Ерте  кезден  келе жатқан  әдет-ғұрпын  жалғастыруға  баулу. Балалардың  танымық  қабілеттерін  дамыту, жеке  тұлғаны  тәрбиелеу.
Көрнекілік:   Нақыл  сөздер, плакаттар.
Тәрбиеші: Құрметті балалар, ата-аналар!  Сіздерді  қазақтың  жаңа жылы,  ұлыстың  ұлы  күні-наурыз  мерекесімен  құттықьтаймыз. «Балдырған» тобының бүлдіршіндерінің  дайындаған  мерекелік  шағын  ертеңгілігін  тамашалауға  шақырамыз.балаларыңыздың  мерейлі  мерекесіне,шаттық  тойына  сіздер  де  ортақ  болыңыздар.
Ұлыс  оң  болсын,
Ақ  мол  болсын,
Ұлыс  береке  берсін,
Пәле-жала  жерге  енсін,- дей  келе  кезекті  бүлдіршіндерге беремін.
Хор:  «Менің  Қазақстаным.»
Жасұлан : Ұлыс  күні  қар  еріп,
Сай-салалар  гүрілдеп.
Көк  шөбі  шығып  желпілеп,
Дүние  біткен  күлімдеп.
Толғанай: Қыс  өтіп,  қар  кетті,
Жырлайық  жаз  кепті.
Мейрамы  ежелен,
Құтты  болсын  бұл  Наурыз.
Ислам.У: Ұлыс  күні  қазан  толса,
Ол жылы  ақ  мол  болар.
Ұлы  кісіден  бата алса,
Сонда  олжалы  жол болар.
Есжан:  Ал,  халайық  тұрмайық,
Әндетейік  жырлайық.
Ырыс  тілеп  бұл  жылға,
Жырдан  шашу  шашайық.
Ән: «Қасиетті  домбыра» 
Орындайтын: Сембай Г
Би: «Қасиетті  домбыра» 
Орындайтындар: Ш.Мадина,М.Мәдина,Ақкүміс,Жаннұр.
М.Мадина: Күн  мен  түн  теңеледі,
Жер  шуаққа  кенеледі.
Қуанышта  ел  енді,
Наурыз  келді  салтымыз.
Көгерсін  деп  халқымыз,
Көшеге  тал  егеді.
Жанәділ: Наурыз  тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр, аңыз.
Қызық  дулы  мереке,
Қызық  думан  құрамыз.
Қанағат:Наурыз- шаттық  әніміз,
Салтанатты  сәніміз.
Ән  салып  жас-  кәріміз,
Би  билейік  бәріміз.
Ислам.Е: Салт-дәстүрмен  жараса,
Қайта  құрып  жаңаша.
Жарыса  өнер  көрсетіп,
Той  тойлайық  тамаша.
Орынбасар:Ұлыс  күні  кәрі- жас,
Құшақтасып  көріскен.
Жаңа  ағытқан  қозыдай,
Жамырасып  көріскен.
Тәрбиеші: Ұлыс  күні  дүниеге  сәби  келді,
Құт  береке  әр  үйге  енді.
Көрсетеді  балалар  бір  көрініс,
Бесікке  салу рәсімі  болмақ  енді.
Көрініс: «Бесікке салу»рәсімі.
Хор: «Қазақы дастарханым»
Айбол:Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе.
Ырысты боп жаңа жыл,
 Бақ дарысын бәріңе.
Еркебұлан: Ой қосылып ойыңа,
 Бой қосылсын бойыңа.
 Аман- есен жетейік,
 Келесі наурыз тойына.
Диас: Ұлыс оң болсын
Ақ  мол болсын
Ш.Мадина: Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Ән: «Ай дидарлы анашым»
Орындайтын: Бисенбаева.Ж
Би: «Әке толғауы»
Орындайтындар: Клара,Нұрайым,Қаракөз,Ақмаржан.
Нұрбек: Нарыз,наурыз-жыл басы,
Жасыл көктем құрдасы.
Төл мереке, кел мереке,
Наурыз,наурыз-жыл басы.
Клара: Кеңінен елге тараған,
Негізін ерте қалаған
Еңбек, шаттық жыл басы.
Наурыздан басталған.
Қаракөз: Күнғой бүгін жарылған,
Ақ түйенің қарыны.
Ақ дастархан жайылған,
Лаулап ошақ жалыны.
Тәрбиеші: Енді кезекті ұлттық ойыны «Қанталапайға» берейік.
Сұрақтары:
-Төрт түлік малды ата?
-Жыл мезгілдерін айт? Қазір қай мезгіл?
-Қонақ түрлерін ата?
-Бір аптада неше күн бар?
-Үш арсызды ата?
Ән: «Гүл көбелек»
Орындайтын: Сержанова.Т
Би: «Аққу»
Орындайтын: Тілепі. А
Нұрайым: Наурыз көже қауымды,
Дастарханға шақырған.
Шат көңіл мен, ақ пейілмен,
Жаңа достар табылған.
Ақмаржан: Наурыз құтты болсын,
Дендерің сау мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін,
Халық бақытқа кенелсін.
Тәрбиеші:  Халқымыздың марфалогиялық түсінігі бойынша 21 – наурыз күні түнде Қыдыр ата аралайды. Сол себебті осы түнді «Қыдыр түні» дейді.Ол түні «жалғыз сәуле шырақ болмас»-деп төрге қос шырақ жағып қояды.Наурыз түннің бір ерекшелігі: бұл күн көрісуден басталады. Ырыс атауларын «ырысқа» деп жетті түрлі тағамға толтырып қояды.
    Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп Қыдыр ата ортамызға келіп тұр.
-Армысысыз ата!
-Армысыңдар балалар!
«Бата мен ел көгерер, 
Жаңбыр менен жер көгерер»-демекші
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс ақ болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Әумин.
Тәрбиеші:  Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,
Бұл жайды айтамызба жаман болсақ.
Үирендік білмегенді осы жолы,
Тағыда үйренеміз осы жолы-деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.