?аза? тілінен ашы? саба? Жыл бойы ?ткенді ?айталау 2 сынып


Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау. Дыбыс және әріп.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жыл бойы өткенді – дыбыс пен әріпті қайталау, и,й және у
дыбыстарына байланысты жаттығуларды тиянақты, сауатты
орындауға үйрету.
Дамытушылығы: Ойын арқылы оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын,
сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды патриоттық сезімге , өз Отанын сүюге, табиғатты
аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ – жауап, «Сиқырлы тізбек» ойыны арқылы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, маркер, қима қағаздар, Үлестірмелі
қағаздар, интертақта, кубик.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Психологиялық дайындық:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
ә) Сыныпты қызыл, сары, жасыл, көк түстерге қарай төрт топқа бөлу. Әр топ бе-
рілген сөздерді оқиды, қай сөз табы екенін айтады.Сөз тапта-
рының ережелері мен сұрақтарын еске түсіреді.
II. Жаңа сабақ: Әр топ суреттер арқылытақырыпты ашады.
-Дыбыс деген не?
- Әріп деген не?
III. Дәптермен жұмыс:Күннің жадын тақырыпты жазу. «Жеңіс» сөзін көркем жазу.
IV. Оқулықпен жұмыс: 487- жаттығу (ауызша)
Мәтінді оқу. Мәтіннен у әрпі бар сөздерді тауып, кестеге орналастыру.
488- жаттығу (ауызша)
Сөздерді оқу,қай топтағы сөздерден мағыналы сөз шығатындығын анықтау.
V. Сергіту сәті:
«Сиқырлы тізбек» ойыны арқылы өткізу.
489- жаттығу (жазбаша)
Жұмбақты оқу,шешуін табу. Жатқа жазу. Әр топ жұмбақтан и,й, у дыбыстары
бар сөздерді табады. Дауысты , дауыссыз екенін ажыратады.
« Сен білесің бе?» - Интертақта арқылы кірпі туралы қысқаша мағлұмат беру.
VI. Сабақты қорыту: Топтық жұмыс.
Әр топ сюжетті суреттен и,й,у әріптері бар сөздерді жазып, тақтаға іледі,талдайды.
VII. Үй тапсырмасы: 175- бет 490- жаттығу
VIII. Бағалау.