Зоология — жануарлар д?ниесі туралы ?ылым. ?МЖ


Күні: 06.09.2016ж Биология 7 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың таралуы. Жабайы және үй жануарлары. Жануарлардың табиғи бірлестіктеріндегі орны мен рөлі. Жануарлар дүниесін қорғау.
Сабақтың мақсаты: Зоология – жануарлар дүниесі туралы ғылым ретінде білімін қалыптастыру. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту
Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, миға шабуыл, сұрақ-жауап
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жануарлардың көптүрлілігі, олардың таралуы туралы оқып, білімдерін қалыптастырады
№ Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дереккөздер, көрнекіліктер
1 2 мин Сәлемдесу, түгелдеу, карталар таңдау арқылы топқа бөліп отырғызу, зейіндерін сабаққа аудару. «Шаттық шеңбері» 2 8 мин Жаңа сабақтың ашылуы
І. Білу.
Зоология - (zoon-грек тілінен аударғанда жануар дегенді білдіреді, logos-ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.
Биологиялық диктант:
Тірі табиғат дүниесі дегеніміз не?
Тірі ағзаның негізгі қасиеттері ата?
Өсімдіктер дүниесінің жануарлар дүниесінен айырмашылығын әңгімелеңдер
Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.
Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалып жүре алу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою. Жануарлар дүниесіне жататын ағзаларда осы қасиеттердің барлығы байқалады Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап береді, топпен ауызша бірін бірі толықтырады:

3 7 мин ІІ.Түсіну
Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология болып бөлінеді Оқушылар Зоология ғылымының салаларын талдайды оқулық
4 10 мин ІІІ. Қолдану
Оқушылар берілген тақырыптар бойынша топпен жұмыс жасайды.
Тақырыптық тапсырма:
1-топ. Тақырып бойынша әңгіме құрастыру
2-топ. Тақырып бойынша сурет салу.
3-топ. Өсімдіктер дүниесімен байланыстырып Венн диаграммасын құру оқулық
5 2 мин «Сергіту сәті»
Оқушылар бинероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен қайталайды. Бейнеролик
6 8 мин ІV. Талдау
«Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырылады. Берілген сұраққа әр оқушы жеке жауап береді, уақытқа орындайды, бір-бірінін жауаптарын тыңдап, (кателерін) талдайды. Дәптерлеріне кесте сызып, оны толтырады. оқулық
7 3 мин V. Жинақтау.
1.Зоология дегеніміз не?
2.Қазақстанда мекендейтін қандай жануарларды білесің?
3. Биология ғылымының қандай салалары бар?
4.Зоологияның ботаникадан ұқсастығы мен айырмашылығын атаңдар Оқушылар жаңа тақырыпты қорытындылайды 8 3 мин VІ. Бағалау.
1.Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті ме?
2.Түсінбеген, сендерге қиындық туғызған сұрақтар бар ма?
№ Аты-жөні Білу Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау
Топ басшылар топ мүшелерін бағалайды 9 2 мин Кері байланыс.
Не үйрендім? Не үйренгім келеді?
Үйге тапсырма:
§ 1 оқу, А, Ә, Б сұрақтарына жауап беру Күнделіктеріне жазып алады. Тексерген: ________________________