Д?ниетану п?нінен Жануарлар ?ыста ?алай ?оректенеді та?ырыбына саба? жоспары


Тақырыбы: Жануарлар қыста қалай жылынады? Жануарлар немен қоректенеді?Мақсаты: а) Білімділік: Жануарлардың қысқы табиғат өзгерісіне бейімделуі жайлы түсінік беру;ә) Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, қыста жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.б) Дамытушылық: Оқушыларға жануарлардың қыста қалай жылынатыны жайлы мағлұмат бере отырып, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту;Сабақтың типі: жаңа материалды меңгертуСабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тестСабақтың көрнекілігі: оқулық, жануарлардың суреттері, интерактивті тақтаПәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулуСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.А) Оқушыларды түгелдеу.Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Б) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Жылу – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. Тақырыпты оқыту.Тест1. Жапалақ жемін қашан аулайды?а) күндізә) түнде -б) түсте2. Соқыр тышқан жемін қалай тауып жейді?а) тұмсығындағы майда сезімтал қылшықтарымен -ә) көзіменб) аяғымен3. Жануарлар тіршілігіне не қажет?А) ауа, су, жарық, жылу, қорек -ә) үйб) темір4. Топырақта ауа бола ма?А) болады -ә) болмайдыб) мүлдем болмайды5. Жануарларға жарық керек пе?А) ия -ә) жоқб) керек емесІІІ. Өткенді пысықтау.Кім зерек?(ойын)1. Ауаның негізгі қасиетін ата? Көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз болады.2. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?3. Топырақ дегеніміз не? Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты4. Күзде жапырақтар неге сарғаяды? Күзде ауа райы салқындағанда топырақ тоңазиды. Жапыраққа қажетті күн көзінің жылуы да азаяды. Сондықтан күзде жапырақтар сарғаяды.5. Тұқым нешеге бөлінеді? 2 Құрғақ және шырынды6. Жылдың неше мезгілі бар? 47. Жануарлар неше топқа бөлінеді? 3 Жыртқыш, өсімдікқоректі, жәндікқоректіV. Жаңа сабақ.А/ Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің індеріне тығылады. Өзің ауыл маңын аралағанда, кейбір індерді көрген шығарсың. Бұл індер тышқан, суыр, борсық сияқты жануарлардың баспанасы. Аюдың апаны, борсықтың іні, т. б. болатынын білсең. Ауа райы салқын суық кездерде олар соған кіріп жылынып жатады. Қоян түлкі, тиін, қасқырдың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі. Қыста аюдың апаны, борсықтың іні жылуды сақтап тұрады.Бұл қызық!Жорғалаушылар мен қосмекенділер, бунақденелілер сияқты жануарлар да жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскен соң ақ олар еш нәрсеге шамасы келмей, қимылсыз қатып қалады. Күн жылынғанда олар қайта тіріледі.Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ та қыстап, қысқы ұйқыға жатады. Кірпі тіпті жылдың жартысын ұйқымен өткізеді.Аю да қысқы ұйқыға тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан соң жатады. Сол сияқты жыл құстары да жылы жаққа азық жеткіліксіз болғандықтан ұшып кетеді.Шұбартышқан, суыр, саршұнақ та қыста ұйқыға жатады.ә/ тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқуДәптермен жұмыс. Жануарлар - ұя, ін, апан - мамық, жүнVІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.Сергіту сәті....Сурет бойынша жұмыс; жануарларды тану және олар жайында әңгімелеу.Жануарларды өз ұяларына қондыр: (ойын) тиін, аю, бұлан, түлкі, суыр, қоян, борсық, аламан, камшат.1) қысқа азық дайындайтын аңдар:2) қысқы ұйқыға жататын аңдар:3) қыста азығын табиғаттан іздейтін аңдар:VІІ. Жаңа сабақты бекіту.1. Кезбе тілшіТиін, тоқылдақ ұясын қайда салады? Ағашқа2. Қандай аңдардың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн шығады?Қоян, түлкі, тиін, қасқыр