Саба?ты? та?ырыбы: Мені? ?мірім. Жамбыл Жабаев


Садуакасова Базаркул Ертасовна
Бастауыш класс мұғалімі
№39 қазақ орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Жамбыл ЖабаевСабақтың мақсаты:Білімділік: бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт-дәстүрінің әсерін түсінуге жағдай туғызу.Дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.Тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.Әдіс-тәсілдері: араласып кеткен оқиғалар, топпен жұмыс.Көрнекілігі: Жамбыл ата және Сүйінбай портреті, слайдтарСабақ барысы:Қызығушылықты ояту.Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтады.Әр оқушы өз топтарына жайғасады.Почта жәшігінде 3 «В» класына хат келіп тұр. 1 оқушыға оқытуХат қайдан келіпті?Астана қаласынан.Тапсырма.1.Бала Тұрардың мұғалімі кім болды?2. Әлкей Марғұлан туралы оқыған мәтініміз қалай аталады??3.Ж. Жабаев кім?
(1846-1945)
Жамбыл Жабаев



Қазіргі Жамбыл облысында туған.
«Балама хат» т.б. өлеңдері бар.

Халық ақыны.

Болашақ ақын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім" – деген өлеңінде:Қақаған қар аралас соғып боран,Ел үрей — көк найзалы жау торыған.Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,Жамбыл деп қойылыпты атым содан, – дейді. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен.Жамбыл Жабаевтың «Балама хат»,«Балаларға»,«Бесік жыры» атты балаларға арналған өлеңдері бар.Хатқалтада жаңа мәтін абзац бойынша 4 бөлікке бөлініп берілген оқушылар мәтінді оқып мазмұнын жүйелі болатындай етіп әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады. Өнімді, сапалы болу үшін бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.Жұмыс нәтижесінде балалар мынаны басшылыққа алады.1. Мазмұнын оқып түсінеді.2. Бір-бірімен пікірлеседі.3. Өз бетінше жұмыс жасайды, неге осылай орналастырдың? ДәлелдейдіОқулықпен жұмысМенің өмірім. Ж. Жабаев.Оқушыларға оқыттыру.Мәтінді қалай оқып шыққандарын тексерді, әр бөлікке ат қою, жоспары жазылады.1-топ. Жамбыл тауы.2-топ. Менің отаным кең байтақ.3-топ. Бала Жамбылдың өнерге әуестігі.4-топ. Сүйінбаймен кездесуі.
Сүйінбай Аронұлы 1815-1898жылдар арасында өмір сүрген.Ол жыршы,қобызшы,күйші,ақын және Жамбылдың ұстазы.
Сөздік жұмысыЖарапазан – ораза айтында үй аралап жүріп айтылатын өлең.Әуес – бір нәрсеге үйір, құмар, құштар.
Мәтін ішінен іздеп табу.
Сергіту сәті.Елдің жырын жырлағанҚайғысын да толғағанДомбырасыз ешқашанЖүрекке ем қонбаған.Домбырасыз ән қайда?Домбырасыз сән қайда?Ән мен күй бар өмірде,Оттай лаулап жанбай ма.
Кестені толтыру.
Не үйрендім? Таңдадым Қандай ой түйдім?
Қорытындылау (топтастыру стратегиясы).
1.Жамбыл атында қандай атаулар бар?
2.Ж.Жабаевтың өлеңдері мен шығармаларын ата.
3.Ж.Жабаева кім?
4.Жамбылдың ұстазы кім?
Жамбыл облысы,Жамбыл атында өнер ордасы-театр бар.

«Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп,өлмес рухының алдында басымызды иеміз» деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен түйіндеймін.
Бағалау.Оқушылар өзін-өзі бағалау.Үйге тапсырма: мәтінді оқып,мазмұндау,Ж.Жабаев турралы мәліметтер жинақтау.