Саба? жоспары ?дебиеттік о?у 3-сынып Мені? ?мірім


Әдебиеттік оқу 3- сынып мерзімі_________
Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Жамбыл Жабаев
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт-дәстүрінің әсерін түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.
Тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, эссе жазу, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
-амандасу
-оқушыларды түгендеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
Психологиялық дайындық: жақсы көңіл-күй қалыптастыру үшін оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
Әр оқушы өз топтарына жайғасады.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
-үйге берілген үйге берілген мәтінді мазмұндату .
-қосымша сұрақтар арқылы толықтырғызу.
III.Жаңа сабақты түсіндіру.
Кіріспе
-Почта жәшігінде 3-сыныпқа хат келіп тұр. 1 оқушыға оқыту
-Хат қайдан келіпті?
-Тараз қаласынан.
Тапсырма.
1. Халық кегінің күйшісі.
2. Желтоқсан құрбандары.
Кімнің суретін жіберіпті?
- Ж. Жабаев кім?
Оқушыларға Жамбыл Жабаев туралы қысқаша мағлұмат беру үшін бірнеше бөлікке бөлінген мәтін бөліктері таратылады.
Хатқалтадағы мәтін абзац бойынша 3 бөлікке бөлініп берілген.Оқушылар мәтінді оқып мазмұнын жүйелі болатындай етіп әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады. Өнімді, сапалы болу үшін бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.
Өмірбаяны
Болашақ ақын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім" – деген өлеңінде:
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей — көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан, – дейді. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан. Ал оның руы – Екейлер туралы айтылатын ел ішіндегі:
Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп атын. Қобызы, домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққандай кешке жақын, – деген әзіл сөзде мол шындық бар. Жамбылдың ұстазы – әйгілі Сүйінбай ақын да осы Екей елінен шыққан. Бала Жамбыл ақындық жолын қууға рұқсат сұрағанда, әкесінің: "Екейде елу бақсы, сексен ақын" деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Ақынның түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын, жын жиып, бақсы болып ел кезгенше, мал бақ!" – дейтіні де Екей елінің өнер дарыған жұрт екенін көрсетеді.
Жұмыс нәтижесінде балалар мынаны басшылыққа алады.
1. Мазмұнын оқып түсінеді.
2. Бір-бірімен пікірлеседі.
3. Өз бетінше жұмыс жасайды, неге осылай орналастырдың? Дәлелдейді

Оқулықпен жұмыс
Менің өмірім. Ж. Жабаев оқушыларға оқыттыру.
Мәтінді қалай оқып шыққандары тексеріледі, әр бөлікке ат қою, жоспары жазылады.
1-топ. Жамбыл тауы.
2-топ. Менің отаным кең байтақ.
3-топ. Бала Жамбылдың өнерге әуестігі.
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмысы
Жарапазан – ораза айтында үй аралап жүріп айтылатын өлең.
Әуес – бір нәрсеге үйір, құмар, құштар.
Сергіту сәті.
Елдің жырын жырлаған
Қайғысын да толғаған
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған.
Домбырасыз ән қайда?
Домбырасыз сән қайда?
Ән мен күй бар өмірде,
Оттай лаулап жанбай ма.
Сабақты бекіту.
Кім алғыр?
1. Ақынның өз әкесін «көшпенді кедей болған» дегенін қалай түсінесің.
2. Жамбыл өз туған жерін қалай суреттеді?
3. Ақын өз өміріндегі бақытты кезін қандай оқиғамен байланыстырды?
4. Жамбылдың әкесі кім?
Сиқырлы ұяшық
1-топ Жұмбақ жасыру2-топ Сурет салу
3-топ Менің бақытты сәтім
4-топ Ұйқасын тап Ән тыңдау
Қорытындылау.
Оқушылардың алған білімдерін «Шығу парағын» толтыру арқылы бағалау.
Үйге тапсырма беру.
89-90-бет мазмұндау.