Спортты? ойын-сауы??кем, шешем ж?не мен
Тақырыбы: Әкем, шешем және мен (спорттық ойын-сауық)
Мақсаты: Балаларға өз жанұяларымен бірлесіп, ойнау арқылы ойын түрлерімен таныстыру. Оларды бейбіт өмірге деген сүйіспеншілігін арттыру, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Спорттық ойындар арқылы балалардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыру.
Қолданылатын құрал: дөңгелекшелер, терең тәрелке, доптар, ойыншықтар, тақтайшалар.
Жүргізуші: Қақпаға туралай
Теп допты оң аяқ
Қақпаға туралай
Теп допты сол аяқ
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Балалар ата-аналарымен бірге көңілді шеңбер құрады
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Ойын-сауық кешінде,
Күліп шықты күн бүгін.
Содан кейін жүргізуші 1-ші жанұяны ортаға шақырып, қызыл түсті шарды дөңгелене тұрып жаруды ұсынады. Шар жарылғанда ішінен ойын атауы шығады.
1-ші ойын түрі: «Буырқанған жел».
Ойынға әр жанұя қатысады.
Әрқайсысының алдында терең тәрелкеге салынған дөңгелекшелер бар. Әр жанұя одан дөңгелекшелерді үрлеу керек. Оны жылдам жасаған жанұя жеңімпаз болып саналады.
Жүргізуші: ал қанекей ортаға екінші жанұяны шақырамыз. Жасыл түсті шарды дөңгелене тұрып жару ұсынылады. Жарылғаннан кейін ішінен ойын түрі шығады.
2-ші ойын түрі: «Су тасушы»
Ойынға қатысушы жанұялар төбелеріне допты қойып, кезектесіп жүреді.
Тапсырманы 1-ші болып аяқтаған топ жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Кел балалар, кел бері
Қыздырайық денені.
Орнымызда тұрып-ақ,
Жүгірейік бір уақ.
Ортаға 3-ші жанұя шақырылып, дөңгелекке тұрып көк түсті шарды жару ұсынылады. Жарылған шар ішінен ойын түрі шығады.
3-ші ойын түрі: «Еңбектеу».
Ойынға қатысушылар алдарына қойылған 1м қашықтықта 5-5-тен кегли орналасқан. Кегли арасынан еңбектеп өтіп келіп, еңбектеп өтіп қайтады. Кім тез бұрын келсе, сол топ жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Жаттығу оңай-ақ,
Тік ұста бойыңды.
Соз қолыңды тағы да,
Жеткіз жираф мойнына.
Ортаға 4-ші жанұя шақырылып сары түсті шарды жару ұсынылады. Шар ішінен ойын түрі шығады.
4-ші ойын түрі: «Кенгуру»
Ойынға қатысушылар толтырылған үлкен доптың үстіне отырып жарысады. Қай топ 1-ші келсе жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Ойынған қатысқан жанұялардың ұпай санын анықтау.