Отбасы-ба?ыт мекені 5-11 сынып концерттік ба?дарлама
Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі
Бостанындық орта жалпы білім беретін мектебі
«Отбасы – бақыт мекені»
(Қорытынды кеш )
Ұйымдастырушы: Дтіжо,тәлімгер
2015-2016оқу жылы
Тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекені»
Мақсаты: қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, балалар мен отбасы мүддесіне мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күштерін біріктіру.
Түрі: концерттік бағдарлама Көрнекілігі: шарлар,гүлдер Құрметті: Ата аналар,ұстаздар,оқушылар және келген қонақтар! Отбасы-шағын мемлекет.Ата ана қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады.
Ата аналармен үнемі байланыста болып,түрлі шараларға қатыстыру арқылы бала тәрбиесіндегі ата ананың алатын орынының ерекше екендігін,баланың бос уақытын тиімді пайдалануына көп әсері болады. Осындай мақсатпен бүгінгі концерттік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз!
Сөз кезегі Дтіжо А.Б.Мұқановаға беріледі.
Әкем біреу,анамда біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер
тіреулерім.
Көрген емен қабақ шытқандарын,
Түнергенін.
Әке білек,саусағы балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана-тамыр,бойыменен бәріне,
Тіршіліктің жылуы таралады.