Концерттік ба?дарлама Айг?лек — 2015
БҚО Ақжайық ауданының білім бөлімінің
«Балдәурен» МДҰ МКҚК
музыка жетекшісі Ж.Ш.Жакенова
«АЙГӨЛЕК» концерттік бағдарлама1 жүргізуші:Армысыздар, ағайын, құрбы - құрдас,Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,Сайыста көңілменен қол соғайық.2 жүргізуші:Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,Бармысыздар, жадыраған жас достар.Бүгінгі «Айгөлек» ән кешіне қош келдіңіздер.1 жүргізуші:Ал енді кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.2 жүргізуші:Ән де, күй де, би де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Әсем әуезді ән - адам өмірінің тамаша бейнесі. Ендеше алғашқы жас өренімізге жол береміз. Ортада «Барабан» биін қарсы алыңыздар.Бүлдіршіндерімізді қарсыламас бұрын экранға назар аударайық.
1 жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар,Жақсы ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті Сабина Жалғасқызының орындауындағы «Сылдырмақ» әніне береміз.- Сабина, бәрекелді, сен әніңді тамаша орындадың! Өнерің өрлей берсін.
2 жүргізуші:Жақсы әнші өнеге,Сегіз қырлы, бір сырлы.Өнерді үйрен бір - бірлеп,Әнде шырқап, би билеп.Халық айтса біледі,Талаптыға нұр жауар,Өнерлі өрге жүзер,Талаптылар құр қалма! - деп, кезекті жас бишілеріміздің өнеріне береміз. Ортамызда «Үнді » биімен Шахназ Хасанқызы Ендеше телебинеден Шахназдың «Айгөлек » концертіне дайындығы қалай болғанын тамашалайық.Шахназ , жарайсың, биді жақсы билеп шықтың, маған сондай ұнады. 1 жүргізуші:Әннің әсері де әр қилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті «Балапан» әнін орындайтын Мұрагерге береміз. Қошеметпен қарсы алайық ағайын!Алдымен экранға назар салайық.
2 жүргізуші:Алдымызда ұзақ жол,Ізденуден талмағай.Қиындыққа мойымай,Өнер жолын жалғағай - деп, тамаша өнер көрсеткен Мұрагер , біз сені өнердің биік белестерінен көрейік, 1 жүргізуші:Би десе барын салатын,Құмары содан қанатын.Биле, кәне, достарым,Кезекті сізге жолдадым - деп келесі кезекті «Жігіттер» биіне береміз.Экраннан жігіттеріміздің лебіздеріне назар аударайық.- Жігіттер, жарайсыңдар, билерің жақсы болды,
2 жүргізуші:Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық.Ата жолын жалғамақ,Ел дәстүрін сақтамақЕл намысын қорғамақ,Бақтияр шықсын ортаға,Бүгін әнші атанбақ – деп ортаға «Ел қорғауға әзірміз». әнімен Кәрім Бақтиярды шақырамыз. Қане, қошеметтеп қарсы алмас бұрын Экраннан Бақтиярдың тілегі тыңдалықӘдептілікті сақтаймын,Әнші Бақтиярды мақтаймын.Қамқор сыншы болайық,Деген сөзін жақтаймын.Бақтияр өнерде жолың ақ болсын! Тамаша орындадың,
1 жүргізуші:Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы кешімізді одан әрі жалғастыралық.Сән - салтанат жасайық,Күй сандықты ашайық.. Бұл мереке, бұл тойға,Оркестормен шашу шашайық - деп, оркестор орындаушыларын қабыл алыңыздар!
(Оркестор орындаушыларының тілегі тамашаланады.)2 жүргізуші:Әндер - әндер! Ұш әуемде,Ұш көгімде, күллі әлем,Көктем келсе гүл боп елге,Мен де бірге түрленем, - деп Ақниет Бірлесқызының орындауындағы «Құттықтаймын мама туған күніңмен!» әніне кезек береміз.
Ақниеттің тілегі тыңдалады.
1 жүргізуші:Уа, жараңдар, жараңдар.Бәрің бермен қараңдар.Бишілер кеп қалыпты,Бір сәт зейін салайық - деп келесі кезегімізді«Еркем-ай» тобы бүлдіршіндерімен «Балапан» тобы бүлдіршіні Мұрагердің орындауындағы «Спорттық» биін тамашалайық.. Қошеметтеп қарсы алайық! Экраннан бүлдіршіндердің лебізі айтылады.Жарайсыңдар, балалар, тамаша билеп шықтыңдар.
2 жүргізуші:Қуанып жасымыз да, кәріміз де,Саламыз шаттық әнге бәрімізде.Бүгінгі әншілерің ортамызда,Халқына ән арнайды шапалақтаЕндеше ортамызға «Әдемі» әнімен Шахназ бен Айеркемді шақырамыз.1жүргізуші:
Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,Әзірге үлпілдеген құндызымыз.Арасын жер мен көктің бағындырар,Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі кезекті Шаттық пен Наргизаның орындауындағы «Өзбек» биін тамашалауларыңызды ұсынамын. Экраннан биші қыздарымыздың биге деген дайындығына назар аударайық.Хор : «Айгөлек»
«Айгөлек » концертіне атсалыса қатысқаны үшін бүлдіршіндерімізді марапттайық
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,Ұстазым менің, достарым меніңБәрінде аман болыңдар!2жүргізуші:Осымен «Айгөлек» фестивалі өз мәресіне жетті.Күнде жиын бола бермес дәл осындай,Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.Ұл - қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,Алдымызда отырған «Балдәурен» МдҰ меңгерушісі Айман Серікқалиқызына сөз кезегін берейік.
Жаңа өмірдің жемісін теріңіздерБалалардың жақсылығын көріңіздерРахмет сіздерге жаны жомарт ата-аналарҰмытпай жиі - жиі келіңіздер –деп ата-аналарға сөз беріледі.
Осымен «Айгөлек» атты кешіміз аяқталды! Ат салысып қатынасқандрыңызға көп рахмет.Көріскенше, қош - сау болыңыздар! Бүлдіршіндер марапат сыйлықтарымен марапатталады.
Тақырыбы: «Айгөлек »
Мақсаты: Балалардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, хореографиялық талантын сынау. Өнерге біртабан жақындату. Жыл бойына үйренген әндерін көпшілік назарына ұсыну, сазды әуенге деген қызығушылықтарын нығайтып,мәдениеттілікке ұқыптылыққа тәрбиелеу. Анықтама
«Айгөлек» концерттік бағдарламасы «Балапан» және «Еркем-ай» тобы бүлдіршіндері арасында өтті.Концертке балалар жақсы әзірлікпен қатынасты.Бұл бағдарламаны жүргізуге « Балдәурен» МдҰ –ның түлегі Ұлту ат салысты.Ол бағдарламаны барынша қызықты жүргізді.Концерт «Барабан маршы» биімен ашылды.Шахназ «Үнді » биін нақышына келтіре биледі..
Ал Мұрагер жеке дауыста «Балапан» әнін билеп тұрып айтып шықты.Би билеуге қызыға қатысып жүрген «Балапан» тобы ұлдары «Жігіттер» биін биледі. Патриоттық тұрғыда Бақтияр «Ел қорғауға әзірміз » әнін айтты.Сонымен қатар ұлттық аспаптарды қолдана отырып, «Оркестор» ойнатылды. «Еркем-ай» тобы бүлдіршіні Ақниет «Құттықтаймын мама туған күніңмен » әнін тамаша орындады. Сонымен қатар «Спорттық» биде биленді.Биші қыздарымыз Шаттық пен Наргиза «Өзбек» биін билеп көрсетті.Бағдарлама соңында «Айгөлек» әні хормен айтылды.Бүлдіршіндеріміздің өз өнерлерін көрсету алдында барлығы бейнебаяннан концертке деген дайындығы мен тілектері тамашаланып көрсетіліп отырды.Бағдарлама соңында бүлдіршіндеріміз марапат сыйлықтармен марапатталды.Ата-аналар сөз сөйлеп өз тілектерін білдірді.
Алдағы уақытта бүлдіршіндеріміздің өнерге деген қызығушылықтары одан әрі артып, өздерін әр қырынан көрсетуге талпыныспен қарайды деп ойлаймын.
Анықтама беруші: Ж.Ш.Жакенова
«Балдәурен» МдҰ МКҚК
(Концерттік бағдарламасы)
Өткізген: Ж.Ш.Жакенова
2015-жыл