Внеклассная работа Мені? отбасым


Сынып сағаты:
Менің отбасым

Сынып жетекшісі:Өнерхан А.
Сынып сағаты
Тақырыбы:Менің отбасым
Мақсаты: Жас ұрпақ бойында адамгершілік қасиетті насихаттау,үлкенді сыйлауға,құтметтеуге баулу,ата-анаға,аға-іні,әпке-сіңлілеріне қамқорлықпен қарауға,қарт адамдарға қол ұшын беруге даяр тұруға,отбасының қадірін білуге,тату-тәтті тұруға үйрету және инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Қанатты сөздер,белгілі адамдардың фото суреттері,мақал-мәтелдер кітабы,өзін-өзі тану оқулығы,слайдтар.
Кіріспе.
«Отан-отбасынан басталады», «Қарты бар ел-қазыналы ел»,Әке көрген - оқ жонар,шеше көрген - тон пішер», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың-тынысы бар» дейді халқымыз.Сондықтан сол қазынамызды қастерлей білу,олардың қарттығын мұңсыз өткізуге жағдай жасау,отбасында бір-бірімізге сыйластықпен қарау -біздің парызымыз.
Анам маған үлкенді сыйла деген
Анам маған:-Үлкенді сыйла,-деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра – ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп.
Адалдық - менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
М.Мақатаев
Оқушыларға сұрақтар қойып,олардың отбасы жөніндегі ойларымен,
пікірлерімен бөлісу.
Сұрақ-жауап:
1.Отбасы дегеіміз не?
2.Бақытты отбасы дегеніміз не?
3.Мерейлі отбасы дегеніміз не?
4.Өнегелі отбасы дегеніміз не?
5.Отбасында қандай ереже,тәртіп,салт-дәстүрлерді ұстанасыңдар?
6.Отбасы туралы қандай мақал-мәтелдерді,тақпақтарды,өлеңдерді білесіңдер?
7.Өз отбасың туралы айтып бер.
Оқушы:Отбасы туралы оқып береді.
Отбасындағы асыл адамдар
Отбасы-әр адамның алтын ұясы.Отбасы ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады.Жақсы дәстүр-отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі. Отбасында бала тәрбиелеуге үлкен мән беріледі.
Ата-елдің,отбасының ең сыйлы адамы.Ол отбасының,елдің бірлігін сақтайтын,көпті көрген дана қария.
Әже-әкеңнің,шешеңнің анасы.Отбасының,елдің сыйлы анасы.Балалардың тәрбиешісі,ақылшысы.
Әке-үйдің басшысы,асыраушысы.отбасындағы балалардың қамқоршысы.
Ана-өмірге бала әкелген,түн ұйқысын төрт бөліп,ақ сүтін берген ең аяулы жан.Ол-отбасының берекесі,ырысы,ақылшысы,негізгі тұтқасы.
Ұл бала-қазақ отбасындағы шаңырақ иесі,әке өмірінің жалғасы.
Қыз бала-елдің сәні,көркі,өмірдің гүлі,отбасының қуанышы.Ол-болашақ жар,ана.Оны мәпелеп,аялап,сыйлап жүруіміз керек.
Адам өмірінде өзінің туып-өскен,бойжеткен,ержеткен отбасымен ғана бақытты.Өз бойындағы жақсы қасиеттерді істерімен көрсете білген адам өмірдің мәнін терең түсіне алады.
Керек
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп,сыйлау керек.
Жастарға білім керек,
Бәрін де білу керек.
Азамат болсаң алғыр,
Анашың: «Күнім!»,-демек.
Сол үшін талмау керек,
Биікке самғау керек.
Бойыңда бар жақсыны
Халқыңа арнау керек.
А.Асылбеков
Қорытынды.
«Отан-отбасынан басталады»,-деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей,бала тәрбиесіне дұрыс көңіл аудару керек.Баланың өмірде түзу жолға түсіп,қоғамда орны бар тұлға болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты екенін ұмытпаған жөн.