Внеклассная работа на тему Р?міздерім — ма?танышым
Тақырыбы: Рәміздерім – мақтанышым. Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімзге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы жазылған плакат, шарлар. Барысы: I. Кіріспе сөз. Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Біздің мектебімізде патриоттық айлық өтуде. Бұл өтіп жатқан айлықтың мақсаты – Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Әр адам өз елінің қасиетті белгілерін құрметтеуге, тарихын білуге тиіс. II. Қазақстан Республикасының Гимнін орындау. Барша халық таныған, Біздің үміт, тілекті. Шырқалғанда Әнұран, Шаттық кернер жүректі. Жеңіс туын көтерген, Жарыстарда сан қилы. Жетіп бізге шет елден, Көкке Әнұран шалқиды. Шәмші атаның сазды үні, Жігер беріп қайратты Бәрімізді мәз қылып, Жаңғыртады аймақты. III. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, мемлекеттік Әнұранын қастерлеуге міндетті. «Тәуелсіздік» деген құрметті ұғым. Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөйлетер болсақ, ол сөз елдің өзіндік өмір салтын, арманын, ерекшелігін білдіреді. Қазақ халқы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқ. Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 20 жыл болады, ал 1986 жылғы 16 желтоқсанда қазақ жастары тоталитарлық режимге қарсылық көрсетті. Осы оқиғадан бері 24 жыл өтті. Осы оқиға жүрегімізде қалды. : Он екіде бір гүл ашылмай, қыршын кеткен Асанова Ләззәттің, Сыпатаев Ерболдың, Мұхаметжанова Сабираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары бұл күнде жүзеге асты. Қазақ өзінің тәуелсіздігін алды. Сол күні дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерліктеріне тағзым етейік. 1 минут тұрып үнсіздік жариялау. Тәуелсіздік - достығымыз, Тәуелсіздік ел бірлігі, Тәуелсіздік – ертеңіміз, Ұрпақтар жалғасатын, Тәуелсіздік – ата жолы, Болашаққа нық басқан. Ән: «Елім менің». 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемелекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жаңдарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элемент – шаңырақ. Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді. Уықтар - әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулесін еске салады. Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты – біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі. Бейнелеп сан ғасырды, Елтаңбасы елімнің. Таратады хас үлгі, Киесіндей жерімнің. Бабам тұлпар жартты, Құлынында танып – ақ. Тұлпар барда қанатты Шайқалмайды шаңырақ. Тәуелсіздік көркі ол да, Өркениет өрінде. Нұр төгеді Елтаңба, Ақ Орданың төрінде. : Жалау – Ту. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков. Тудың көгілдір бір түстілгі бұлтсыз аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолды ұстауға, бірлестікке шақырады. Ашық көк аспан бейбітшіліктің, аманшылық, тыныштықтың белгісі. Күн – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Сары түс – Алтынның түсі, байлықты білдіреді. Өрнек – ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші. Ал қыран – қырағылықты, қайырымдылықты, ой биігін көрсетеді. Ән: «Елтаңбасы елімнің» Бәрі болған қазақ сынды көне елде, Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнерде. Жаһандағы ең жауынгер халықта, Кім сенеді, Ту болмады дегенге ? Батырлыққа уызынан жарылған, Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар, Болмаған деп, - Әұран Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға, Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға. Қалай оның Елтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салса ең – таңба?! : Желбірейді шалықтап, Қазақстан Жалауы. Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады. Көк асапанда нұрлы Күн, Күлімдейді далама. Бақыт тілеп тұр бүгін, Ол барлық пәк балаға. Ұлттық өрнек мұрамыз, Адастырмас мұраттай. Нық көтеріп тұрамыз, Жалауды біз құлатпай. Ән: «Қазақстан жалауы» Әркім тілін сүйеді, Қадірлейміз мұны біз. Қазақ тілі киелі – Мемлекеттік тіліміз Қазына бар бұл тілде, Анам айтқан жыр - әнін. Жоғалуы мүмкін бе, Өлмейтұғын мұраның?! Өлмейді еш уақытта, Ата – баба аңсары. Қазақ тілі бақытқа Жеткізеді баршаны.
: Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың тұсаукесері болып өтті. 1998 жылы 6 мамыр күні Президет Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. Астана – елімнің бас қаласы! Астана - ән қала, Астана – сән қала! Еліммен егеменді өркендей бер, Ақ қала, Арман қала, Астана! Ән: «Атамекен» Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Осымен 2 «А» сынып оқушыларының дайындаған «Рәміздерім – мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз. Отанымыз гүлдене берсін, Қазақстанымыз туымыздағы қырандай самғай берсін!