Психологиялы? тренинг: Маманды?ым, ма?танышым


Сабақтың тақырыбы: «Менің мамандығым,менің болашағым»
Сабақтың мақсаты: 1. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Көрнекілігі: мамандық суреттері, слайдтар т.б
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе: Басым көкке жетсін десең армандап,
Әр жұмысты бөліп істе, қарма оңдап
Барлық істі сарапқа сап істегін,
Қисаппенен қазынаңды үстегін.
.
Ж. Баласағұн
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, нан табудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Біздің мақсатымыз- оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндықлықтар туралы танымдылығына психологиялық- педагогикалық көмек көрсету.
Мақсаты: 1. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Жүргізуші:
«Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуы
Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір- біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.
Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды. Және қолда допты үш секундтан артық ұстамау керек.
Сұрақ: «Қиналған себептеріңіз не?»
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе »
Ж.Амауытов
Жүргізуші:
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек деп ойлайсыз?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
Қай уақытта адам өз жемісін көре алады?
Жүргізуші:
Ситуациялық сұрақ. (Оқушылар өз пікірін ортаға салады.)
Мен хирургпын
Шарты: Ауруханада 5 емделуші бар. Олар:
Бес айлық қыз бала
Алты жасар дарынды бала
Көп балалы ана (10 баласы бар, 70- тегі ана)
Қаңғыбас
Құрылысшы
Жүрек біреу. Осылардың қайсысына операция жасар едің. Біреуін ғана таңдауың қажет.
Әрі қарай ортаға өз еркімен бір оқушы (кейіпкер) шығады. (таңдаған мамандығына жетуге өзінің рухани дайындығын анықтайды)
Әрбір қатысушы басты кейіпкердің бағдарының табандылығын анықтау барысында бірнеше кедергілер ойластырады. Кейіпкер ойланбастан бірден жауап беру арқылы сол кедергілерден шығу жолын айтады. Кедергіні қоюшы (қатысушы) берілген жауаппен келісетінін немесе егер келіспесе өзі қандай әрекет жасайтынын мәлімдейді. Соңында жүргізуші кейіпкердің қатысушылармен бірге қай кейіпкердің табандылығы мен рухани дайындығы басым екендігін анықтайды.
Келтірілген кедергі, қиындық үлгісі төмендегідей.
Егер сенің ол оқуға түсуіңе ата- анаң келіспесе не істейсіз?
Емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?
Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған одан гөрі еңбекақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесің?
Оқуға түскен соң өзіңе ұнамай қалса не істейсің?
Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді»
Л.Н. Толстой
Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға
алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.
«Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»
Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған
байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.
Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару.
Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.
Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ.Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.
Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.
Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.
«Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысы
Алдын ала жүргізілген «Мен қаладым» атты сұрақнаманың қорытындысы интерактивті тақтада көрсетіледі. Мақсаты – оқушының бейімділігн және кәсіби қызығушылығын анықтыу. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім екендігі анықталады. (Салалар: табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем образдар, адамның өзі.)
«Мамандықты тап» (ойын)
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар
сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандыра мамандықты табу керек.

Мұғалім
Дәрігер
Банк қызметкері
Есепші
«Армандар» жаттығуы
Барлық қатысушы шеңбер бойымен отырып, 3-4 рет терең дем алып, көздерін жұмады. Өз тілектеріне көңіл аудара отырып, болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын, жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жағымды әуен ойнайды.
Берілген уақыт өткеннен соң тағы да 3-4 рет терең дем ала көздерін ашады. Топ өзінің алған әсерімен бөліседі. Жүргізуші әркімнің айтқандарын толықтырады, яғни әрқайсысының қол жеткізгісі келетін, алға қойған мақсат, армандарының бар екенін айтады.
Топ қатысушыларының күтетін және күдік алатын, қорғанатын нәрселері.
Әрқайсысы өздерінің жеке-жеке не күтетіндіктері мен қорқатын жағдайларын айтады. Қатысушылардың барлығы өз ойларын айтып болған соң, «дәл осы жерде және қазір» болатын жұмыстың мәні түсіндіріледі.
Қорытынды:
Сізге тренингте не ұнады?
Не ұнаған жоқ?
Тренинг- сабақ керек пе, ол мамандық таңдауда көмектесе ме?