Ас ?орыту ж?йесі .ас ?орыту ж?йесіні? а?залары 3 сынып


Күні:7.10
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі .ас қорыту жүйесінің ағзалары 3 сынып
Мақсаты: Ас қорыту жүйесінің адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
Күтілетін нәтижесі: Жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтыру, ойлау, синтездеу, талдау, қорытындылау қасиеттері дамиды.
Әдістер: «Адасқан әріптер» ойыны, АКТ, «Қарлы кесек» стратегиясы, семантикалық карта.
Ресурстар: Оқулық, постер, интербелсенді тақта, маркер.
Блум таксономиясы Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
5 мин
left000
І. Білу.
10 мин. Сергіту сәті.
Музыка ырғағымен таңдап алған шарларын үрлейді.
-Тыныс алу жүйесі мен шар үрлеудің арасында байланыс бар ма?
(Үй тапсырмасын қорытындылау)
Топқа бөлу.
«Адасқан әріптер» ойыны
літ - тіл
іст - тіс
уазы - ауыз 1-топ Қызыл шарлар
2-топ Көк шарлар
3-топ Жасыл шарлар
Оқушылар орны ауысқан әріптерден сөз құрастырып, әр сөзге түсінік береді.(ас қорыту жүйесіне байланысты не білетіндерін байқаймын)
ІІ. Түсіну.
10 мин. Оқулық бойынша жұмыс.
«Қарлы кесек» стратегиясы
Мәтінді 3 бөлікке бөліп, оқушыларға таратамын.
Жеке оқиды.
Топта талдайды.
Әр оқушы өзіне берілген мәтінді басқа топтарға барып түсіндіреді. Оқушылар түсіндіреді және әр топта жақсы сөйлеген, яғни өз ойын жеткізе білген оқушыны таңдайды.
ІІІ. Қолдану
IV.Талдау
8 мин Семантикалық карта арқылы тақырыпты қалай меңгергендігін анықтаймын.(+,-)
Ас қорыту ауыз қуысынан басталады.
Тіс жұмсақ және қара түсті болады.
Жеген тамақ тістеледі, шайналады, сілекеймен шыланады.
Асқазаннан өңешке өтеді.
Ашішек ас қорытатын сөл бөледі.
Қорытылмаған тамақ тоқ ішекке өтеді.
Қорытылған заттар қанға өтеді.
Зиянды заттарды ұдайы бөліп шығаратын негізгі ағза – бүйрек. Оқушылар жеке картамен жұмыс істейді. Бүгінгі материал бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс болса +, қате болса – таңбаларын қояды.
3 мин Сергіту сәті. V.Жинақтау
7 мин. «Адам не үшін тамақтанады?» Берілген тақырып бойынша ассоциация құрастырады және қорғайды.
VI.Бағалау.
2 мин. «Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау
Күні:23.09
Сабақтың тақырыбы: Қан айналым жүйесі.Жүрек және оның қызметі. Сарамандық жұмыс
Сабақтың мақсаты: қан айналым жүйесіндегі негізгі мүше -жүрек және оның жұмысымен танысу; балаларды жүрек: жұмысын жақсартуға қажетті негізгі ережелермен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: «Жүрек және қан тамыр жүйесі» кестесі, резеңке, груша.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
Балалар өздерінің тамақтану тәртібі жайлы әңгімелеп береді.
Тамақтанудың адам денсаулығына әсері қандай?
Балалар даналығынан.
Бір дана адамнан: «Адамға байлық қымбат па, әлде атақ – даңқ қымбат па?» -
деп сұрапты. Ол: «Екеуі де емес, денсаулық қымбат. Дені сау қайыршының өзі сырқаттанып жатқан патшадан бақытты», - деп жауап беріпті.
Ол неге бұлай деді? Мағынасын түсіндір.
Ендеше біз де дана бабаларымыздың сөзіне құлақ асып, адам қажетдеп
қорытындылайық.
- Адамның дене құрылысы, ондағы ағзалардың жұмысын қандай ғылым зерттейді?
- Денсаулықты күту мен нығайту жөніндегі ғылым қалай аталады?
Тақтаға мынадай кестелер ілінеді:

II. Тақырыпқа кіріспе.
- Сонымен, біз бүгін жүрек пен оның жұмысын, қан айналым жүйесін оқып - үйренеміз.
- Адамның жүрегі қай жерде орналасқан?
Практикалық жұмыс.
Балалар өз жүректері қай жерде екенін тауып, ол көкірек қуысының сол жағынан орналасқанын айтады.
Мұғалім кестеден жүректі көрсетеді, сосын балаларға жұдырықтарын түюін өтінеді. Сол арқылы бала өзінің жүрегінің көлемін біле алады.
Жүрек деген не?
Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, білім тексереді. Содан соң жүрек
туралы әңгімелеп береді: Жүрек – бұлшықеттен құралған тығыз қалта, жүректің ішінде қан мен қан тамырлары болады. Жүректегі қан ірі қан тамырлары арқылы шығады. Жүрек насос сияқты жұмыс істейді: жиырылады, араға үзіліс салып қайта жазылады, соның нәтижесінде ондағы қан тамырлармен қозғалады. Тәжірибе жұмысы.
Қолдарыңа ішіне су толтырылған резеңке грушаны алып,қысыңдар. Оның
мойнынан су ағады. Жүрек жұмыс істегенде де осылай болады. Жүрек жиырылған кезде одан шамамен бір стақанның үштен бір бөлігіндей қан тамырға ағады. Ол адам денесіндегі қан тамырларын бойлай жүреді. Жүрек барлықдене мүшесіне қан береді. Адам өмірін қан айналымынсыз елестету мүмкін емес.
III.Жаңа сабақ.
Оқулық бойынша жұмыс.
«Қан айналым жүйесі» мәтінін оқу.
Бұл жұмысты бірнеше топқа бөлініп орындауға болады.
1-топ - жүрек туралы.
2-топ - қан тамырлары туралы.
3-топ - жүректі шынықтыру туралы.
Топтағы балалар мәтінді оқып, талдайды және пікірлерімен бөліседі. Содан соң әр топ мәтіннің өзіне тапсырылған бөлімін баяндап береді және бір-біріне сұрақтар қояды.
Оқулықтағы тапсырма бойынша зерттеу және салыстырмалы талдау жаса.
Қорытындыны балалар жасайды: сау жүрек - адам организмінің өмір сүруінің негізі.
Сөздік жұмыс.
Практикалық жұмыс. Қан аққан кезде алғашқы медициналық жәрдем
көрсету.
Қан айналым жүйесін сипатта (Тапсырманы орындауға қиналсаң,
досыңмен ақылдас).
IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.
Негештің сұрағы:
- Неге адам өз жүрегін сақтауы тиіс?
V. Үй тапсырмасы. «Қан айналым жүйесі» мәтінін оқу; қайталау үшін берілген сұрақтарға жауап беру; жүректі шын
Күні:14.10
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесі.Тұрғын жағдайындағы жарақаттың алдын алу ӨҚН
Сабақтың мақсаты: ми, жүйке жүйесінің құрылымы, оның маңызы мен атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету; жүйке жүйесін нығайту тәртібін талдау; балаларды өз бетінше бақылау, салыстыруға және талдау жасауға үйрету; сезім мүшелерін сақтауды үйрету.
Сабақтың көрнекідігі: «Ми және жүйке жүйесі» кестесі.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
Адамның қандай дене мүшелерін білесің? Олар қандай қызмет атқарады?
Мұғалім сезім мүшелеріне баса назар аударады.
- Барлық органдар жұмысын қандай мүше басқарады деп ойлайсың?
Балалар жауап беруге қиналып жатса, мұғалім көмектеседі.
II. Тақырыпқа кіріспе.
Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады, оқушыларға тапсырма беріп,
кестеден адам мүшелерін көрсетеді.
Осы сабақ арқылы балалар сезім мүшелерінің адам өмірінде қандай рөл атқаратынымен танысады. Сезім мүшелері - бесеу. Адам сыртқы дүниенің, өз денесінің жай-күйін де осы сезім мүшелерінің көмегімен біліп отырады.
Бабалар даналығынан: «Айналадағы дүниені көретін көз емес, дыбысты
еститін құлақ емес, иісті сезетін мұрын емес, ол ми!»
Мұны қалай түсіндіңдер?
Мидың жұмысы. Ол қандай қызмет атқарады? Миға ауырсыну, қарын
ашу сынды және т.б. белгілер келіп түседі.
III. Жаңа сабақ
Біз сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниемен байланысамыз. Сезім мүшелері өзара байланыса қызмет етеді. Олар бір-біріне көмектесіп, бір-бірін толықтырып отырады. Барлық сезім мүшелерінің жады (есте сақтау қабілеті) болады. Мәселен, таңқурай жеген адам оның дәмін ешқашанқарақат немесе басқа нәрсенің дәмімен шатастырмайды.
Барлық сезім мүшелерін ми басқарып отырады. Сезім мүшелері өздеріне келіп түскен дабылды миға жеткізеді. Ми келген дабылды қабылдап, мүшелерге бұйрық береді.
Алдымен мұғалім, содан соң балалар тақырыпқа қатысты мысалдар келтіреді.
— Бас миы қай жерде орналасқан? (Бассүйектің ішінде. Омыртқадағы жұлын содан бастау алады). Ми мен омыртқадағы жұлыннан адамның барлық дене мүшелеріне жүйке тамырлары таралады, одан жүйке жүйесі құралады.
1. Оқулық бойынша жұмыс.
Балалар «Жүйке жүйесі» мәтінін оқиды. Содан кейін мұғалім балалармен бірлесіп мәтінді талқылап, маңызды тұстарын белгілейді және сызба құрылады.

Жүйке жүйесі гигиенасы және күн тәртібіне назар аудару.
2. Практикалық жұмыс.
3. Зерттеу жұмысы.
4. Сөздік жұмыс.
IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.
Адамға сезім мүшелері не үшін қажет?
- Біз қоршаған әлемді қалай танып-білеміз?
- Жүйке жүйесінің негізгі орталығы қай жерде орналасқан?
- Жүйке тамырлары қандай болады?
Негештің сұрағы:
- Жүйкені не үшін сақтау керек?
V. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы мидың, жүйке жүйесінің жұмысы туралы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Спорт, шынығу туралы мақалдар, өлеңдер дайындау.
Күні:21.10
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері.Көз,құлақ,мұрын,тіл,тері Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға адамның сезім мүшелері туралы және адамға қоршаған ортаны бағдарлауға,көмекші көз екені туралы білімдерін кеңейту.Тәрбиелік: Оқушыларды көздің қадірін түсіне білуге,оның гигиеналық талаптарын сақтауға тәрбиелеу.Дамытушылық: Көзді сақтай отырып,ойлау қабілетін,ойы мен тілін дамыту.Сабақтың типі: Жаңа білім беруСабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,әңгімелеуСабақтың көрнекілігі: слайд, суреттерСабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңіа/Оқушыларды түгелдеу.ә/Психологиялық дайындық
Балалар-гүлім менің,
Балалар-күйім менің.
Балалар нұр сыйлайтын,
Бүгінгі күнім менің,-дей отырып,балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңемекпін.
Оқушылар:
Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын.
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын!
Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген «Жүйке жүйесінің гегинасы» тақырыбын оқытып, мазмұнын сұрау. Үй тапсырмасын бекітуге арналған тапсырмалар.Оқушылар тақтамен жұмыс жасау арқылы жауап береді.
1.Балалар қанша уақыт ұйықтайды?
8-9    10-12    5-6
2. Жүйке жүйесінің жұмыс істеу реттілігін тап.
Құлақ- ми – адамның іс-әрекеті
3. Жүйке жүйесі неден тұрады? Ми, жұлын, жүйке талшықтары
ІІІ Жаңа сабақты меңгерту
а/ Жұмбақ шешкізу.
Жақсы –жаман нәрсенің
Ол бәрін де көреді.
Жақсыларын ішінен
Саған айтып береді. (Көз) 
ә/  Көз туралы не білеміз?
көз
көреміз     кино қараймыз
кітап оқимыз       заттарды ажыратамыз
б/Оқушыларға сезім мүшелері туралы түсінік беру.
Миға ақпаратты жеткізетін қандай мүше? Сезім мүшелері
Сезім мүшелеріне нелерді жатқызамыз?
 
Сезім мүшелері
Көз Құлақ Мұрын Тіл Тері
Заттың пішінін,түсін,мөлшерін ажыратады. Кино қарайды,кітап оқиды.
  Дыбысты қабылдайды.шуды,сыбдырды,музыканы т.б Иісті сезеді, ажыратады. Дәмді ажыратады.қорғаныш қызметін атқарады. Қорғаныш қызметін атқарады. Сипап сезу мүшесі.
в/ Көз –көру мүшесі туралы түсінік беру.
Адам көзбен заттың пішінін,түсін,мөлшерін ажыратады.Айналадағы әлемнің әсемдігін көреді, кітап оқиды,теледидар қарайды.Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80-90 %-дан астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабақтан  тұратын шар тәрізді мүше.
Сыртқы қабық: Көзге пішін береді,жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабық:  қантамырлы нұрлы  қабық.  Ортаңғы қабықта қарашық орналасқан.Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Нұрлы қабық бояғыш заттарға бай. Бояғыш заты аздау көз-көк немесе боз түсті болып келеді.
Ішкі қабық: Торлы қабық та жарықты қатты сезетін жасушалар орналасқан.
Көздің қосымша мүшелеріне – кірпік, қас,қабақ, бұлшықеттер,жас бездері жатады.
.
-Көзді үшкір заттардан сақтау.Қолыңда ұзын ағаш,қайшы,пышақ болғанда жүгірме.
-Теледидарды ұзақ қарама. Экраннан 3-6 м алыс отыру керек.
-Көлікте келе жатып кітап оқыма. Көз тез шаршайды.Егер ұзақ оқу керек болса,әрбір 20 минут сайын көзді демалдырып отыру керек.
Көз аурулары
Глаукома Катаракта Көз қарығуы
Көз қуыстарындағы сұйықтық қысымының көтерілуі Көздің мөлдірлігінің көмескіленуі Көздің сілемейлі қабығы қабынады.
Көз ауруын емдейтін дәрігерді-окулист деп атайды.
Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем: