Презентация по казахскому языку на тему Таби?ат аясында демалу ( 7 класс)


7 «Д» сыныбы
Қазақ тілі
Мұғалім: Успанова Г.Р.
Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында демалу Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:
Туынды сын есім туралы алған білімдерін пысықтау. Тапсырмаларды орындау арқылы
сұрақтарға сауатты жауап беріп, мәтін арқылы мазмұндай білуге үйрету. 2. Дамытушылық:
Әңгімелей білу дағдыларын қалыптастыру. Мақал- мәтелдер айту арқылы есте сақтау
қабілеттерін дамыту.Жұмбақтар жасырып, шешу арқылы ой өрістерін дамыту,
шапшаңдылыққа баулу. 3.Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, демалыстарын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жарыс сабағы. Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: баяндау,түсіндіру,сұрақ- жауап, жұмбақ жасыру,
мақал -мәтелдер айту, интерактивтік тақта. Жұмыстың түрлері: Ұжымдық және топтық. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, үлестірмелі қағаз,оқулық. Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, география. Сабақтың барысы: Сабақты топтарға бөлуден бастау. 1 – топ «Тапқырлар» тобы. 2- топ «Білгірлер» тобы. Бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, жарыс сабағы. Екі топ бір -бірлеріңмен білімдеріңді сайысқа салып,жарысасыңдар. Екі топқа дайындалған тапсырмалармен танысыңдар. (Слайд .) 1 – «Сөздік» жарысы. 2 – «Сөздерден сөйлем құру.» 3 – «Мәтінді әңгімелеу.» 4 – «Кім жылдам?.» 5 – «Мақал- мәтел айту.» 6- «Жұмбақтар жарысы.» 7- «Табиғат аясында демалу.» (Сөйлемді жалғастыр.) 8-«Сөзжұмбақ »шешу. 9- Септеу. 10 -Тәуелдеу. «Тапқырлар» тобы(слайд) Настоящий- Особенный- Разнообразный- Скучать- Успокоиться- Программа- Природа- «Білгірлер» тобы (Слайд) Устная речь- Традиция- Особенности- Языковая среда- Путешествие- Культурный- Известный- «Тапқырлар» тобы (Слайд) Табиғат, демалыс, дәстүр,мәдениетті, танымал, саяхат. «Білгірлер тобы» (Слайд.) Бағдарлама,сағыну, нағыз, тынығамын, түрлі,ерекше. 1-тапсырма бойынша әңгімелеу.(Слайд.) Екі топ кезек -кезек оқиды, аударады. Кезегімен сұрақтар қою арқылы әңгімелейді.
Жауап бере алмаса, сол топтың өзі жауап беру керек. Жазбаша жұмыс: 2-тапсырма бойынша.(Слайд.) Көкшетаудың табиғаты.... . Көкшетау өңірі асқақ тауларымен ..... . Ормандарда негізінен қайың мен терек..... . Көлдері балық пен жабайы құстарға ..... . Қазақстанның табиғаты..... . Қазақстан бай..... . 3-тапсырма. Берілген зат есімдерден туынды сын есімдер жасап, жұрнақтарын анықтау, түбір
мен қосымшаның үндесуін ажырату. Үлгі. (Слайд.) Сөздер: қазақ, орман, тарих, бой, бала, жаз, дала, сән, кек, ақыл, ой. Мақал мәтелдер жарысы. «Тапқырлар» тобы: « Туған жер», «Отан» туралы. «Білгірлер» тобы: «Оқу-білім», «Табиғат» туралы. Жұмбақтар жасыру: Мұғалім оқиды. Көтеріп орман,тоғай, тастың бәрін, Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарың. (Тау.) Жарқ етсе сабау қамшы, Нөсерлетіп жауар тамшы. ( Найзағай.) Алдымда әр түрінен жібек жіптің, Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. ( Кемпірқосақ.) Төгілген жерге ақ моншақ, Ғайып болды сол шақта -ақ. (Бұршақ.) Арыстан ақырады, Ормман жрқырады. (Найзағай.) Жұрттың бәрі сүйеді, Бірақ қарай алмайды. ( Күн.) Жылт-жылт еткен, Жырадан өткен. (Су.) «Табиғат аясында»тақырыбында әңгіме жазу. Топтық жұмыс. Екі топ осы тақырыпта әңгіме жазады,топ басшылары оқиды. Сөзжұмбақ шешу. (Слайд) Септеу. «Білгірлер»тобы: «Табиғат»сөзі. «Тапқырлар» тобы: «Көкшетау»сөзі. Тәуелдеу. «Білгірлер»тобы: «Өлке»сөзі. «Тапқырлар» тобы: «Орман»сөзі. Қорытындылау. Екі топтың жинаған ұпайларына қарай жеңімпаздарды анықтап, мақтау. Бағалау. Үйге тапсырма беру: Сұрақтарға жауап беру. 65 бет. 4-тапсырма.