Тіл дамыту С?йікті ойыншы?тарым!
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНШЫҒЫМБілім беру саласы: Қатынас.Білім бөлімі: Тіл дамытуБілімділігі: Өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға үйрету .Дамытушылық :Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік қорларын дамыту .Тәрбиелік : Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , эстетикалық талғамдарын кеңейту , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .Әдіс тәсілі : ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ .Пән аралық байланыс : Қоршаған орта , көркем әдебиет .Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері , машина,доп,бүктеме, қуыршақ ,слайт.Ұйымдастыру кезеңі 1 . Шаттық шеңбері.2 . Қонақтармен амандасу.3 . Көтеріңкі көңіл күй.4 . Ертеңгілік жылы лебіздер5 . Өткен іс – әрекетті еске түсіру6 . Жаңа оқу іс – әректімен танысу7.Жыл мезгілдерін сұрау.8 . Сурет бойынша жұмыс9. Сұрақ - жауап10. Жұмбақтар11 . Дидактикалық ойын « Жалғасын тап »12 . Р . Тышқанбаевтың « Қуыршақ » өлеңін оқып беру13. ойын : « Ғажайып қорапша! » 14. Сергіту жаттығуы . 15 . Мазмұнды – рольді ойын : « Ойыншықтар дүкені » 16 . Шығармашылық жұмыс 17 . Қорытынды18 . Қонақтармен қоштасу . Балаларды ұйымдастыру . Тәрбиеші; Қайырлы таң балалар ! -Балалар , бүгін ерекше күн . -Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .Балалар; Үлкенгеде сіз, Кішіге де сіз. Үлкендерді құрметтеп , Бас иеміз біз!Тәрбиеші; Балалар , қане , бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.Балалар; шаттық шеңберге тұрады . Бәрі бірге қосылып айтады . Шаттық шеңбері; Біз ұқыпты баламыз , Айтқан тілді аламыз. Ойыншықтарды жинаймыз, Үлкендерді сыйлаймыз. Тәрбиеші; - Балалар өткен оқу іс- әрекетті еске түсірейікші . Өткен оқу іс- әрекетте біз « Қысқы киімдер » тақырыбын өткенбіз.Қысқы киімдерге тоқталып ,балалардан сұрау .Балалар бүгінгі жаңа оқу іс- әрекетіміз «Қатынас» білім саласы , тіл дамытудан «Менің сүйікті ойыншығым » тақырыбын өтеміз.-Балалар қазір қандай мезгіл ?Балалар; көктем мезгілі.Тәрбиеші ; дұрыс айтасыңдар ! -Көктем мезгілінде неше ай бар?Балалар : үш ай бар . Наурыз ,сәуір , мамыр .Тәрбиеші ; жарайсыңдар балалар !Сұрақ - жауап ; Сүйікті ойыншықтарың бар ма ? -Қандай ойыншықтарың бар ? --Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?- Ойыншықтарды қалай ұстау керек? Балалар; жауап береді. Тәрбиеші ; Балалар , мына үстел үстінде жатқан заттар не?Балалар ; Олар - ойыншықтар . Тәрбиеші ; Ойыншықтармен не істейді? Балалар ; Ойыншықтармен ойнайды . Тәрбиеші ; Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп,олар қандай әсем , әдемі ойыншықтар . Балалар мынау қандай ойыншық? Балалар; доп.
Тәрбиеші; доптың пішіні , түсі қандай ? Балалар ; жауап береді . Тәрбиеші ; Доптың қимылы қандай ?
-Қане бәріміз допша секірейікші ?
Кім доп туралы тақпақ біледі ?
Балалар; Топ –топ добым домалақ , Қайда кеттің домалап . Бір ,екі деп екі ұрдым , Шатырға сен секірдің . Тәрбиеші; Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды ?Балалар ; қуыршақпен .Тәрбиеші ; -Дұрыс айтасыңдар . Қуыршақпен . Балалар қуыршақтың әдемі шашы , әдемі көйлегі бар екен . Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай ? -Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді ? -Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды ? Балалар ; машинамен ойнайды . Тәрбиеші ; Ал, машинаның түсі қандай?-Кім машина туралы тақпақ біледі ?Балалар ; Үлкенмін ғой міне мен , Ойыншықтарды жинаймын . Машинаға мінер ем , Кабинаға сыймаймын .Тәрбиеші ; Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді . 1. Матадан жасалған .2. Пластмассадан .3. Резинадан жасалған ойыншықтар . Сипаттама беру .ЖҰМБАҚТАР ШЕШУ ;1. Аяғы бар , жүрмейді ,Аузы бар , күлмейді .Айнымайды бөпемнен ,Тек сөйлеуді білмейді . ( қуыршақ ) 2. Суға салсаң батпайды ,Түскен жерге жатпайды . ( доп )
Дидактикалық ойын ; « Жалғасын тап » . Ойын шарты ; Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалараяқтайды .-Менің ойыншығым ............. / әдемі /.-Мен қуыршақпен ................/ ойнаймын/ .-Допты жоғары .................... / лақтырдым / .Р . Тышқанбаевтың «Қуыршақ » өлеңін оқып беру . Сөйлемейсің сен неге , Тілің жоқ па , қуыршақ ? Жуынбайсың сен неге , Кірің жоқ па , қуыршақ ? Аяғың бар , сен неге , Жүре алмайсың , қуыршақ ? Жұмсағанда сен неге , Тіл алмайсың , қуыршақ? Біз күлгенде күлмейсің , Аңқаусың ба , қуыршақ ? Бізбен бірге жүрмейсің, Жалқаусың ба ,қуыршақ ?Сергіту сәті ; Ұзын құлақ сұр қоян ,Естіп қалып сыбдырды .Ойлы – қырлы жерлермен ,Ытқып –ытқып жүгірді .Қарап еді артына,Қиығын сап көзінің.Келе жатқан томпаңдап ,Көжегі екен өзінің .Ойын ; « Ғажайып қорапша ». ( ішінде асық) Ойын шарты ; көздеріңді жұмып қоржыннан кез -келген ойыншықты аласыңдар . Алған ойыншықтарыңның атын , түсін , қатты , жұмсақ екенін айтып , жақсы мейірімді тілек білдіресің . Мысалы ; мен асықты алдым, асық ойыны ұлттық ойын, асықтың түсі – қызыл, қатты және асықпен қалай ойнау керек екенін көрсеттім.Мазмұнды - рольді ойын ; « Ойыншықтар дүкені ». Мақсаты ; Сөйлемді толық құрауға үйрету , ойлау қабілеттерін дамыту .Мамандыққа баулу , яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету .Ойын шарты ; 1- бала –сатушы , 2-бала – кассир , 3-бала –тексеріп , қарап алушы . Дүкенге барғанда тәртіп сақтауымыз керек . « рахмет ! » , « қош келдіңіз ! »деген сөздерді пайдалану ( 2 – 3 рет балалардың орындарын ауыстырып ойнату ).Шығармашылық жұмыс. Қорытындылау .Күтілетін нәтиже ;Біледі; ойыншықтардың түрлерін , түсін , пішінін білу .Игереді; Толық сөйлем құрау .Меңгереді ; Ойыншықтарға жанашырлықпен қарап , достарымен бөлісіп ойнау