Саба?ты? та?ырыбы: «Мені? с?йікті ?й жануарым» Ша?ын орталы? тобы


Технологиялық карта
Сейсенбі: 27.01.2015ж
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Менің сүйікті үй жануарым»
Мақсаты: а) Жұмбақты шешу арқылы, балаларды өз тәжірибесінен әңгіме құруға, сөйлеу барысында сын есімдер мен етістіктерді (жануарға сипаттама беру арқылы, қайда өмір сүретіні, немен қоректенетіні) қолдана білуге үйретуді жалғастыру. Сұрақ – жауап арқылы жануарлардың түрлерін білуге, төлдерінің қалай аталуын, еркелету арқылы қалай атайтынын үйрету;
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғыну білігін дамыту;
б) Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу, жанашырлық сезімдерін ояту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Үй жануарларының ойыншықтары, бірнеше қалташалар, ішінде үй жануарларының суреті болу керек.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары
Билингвальді компонент: Үй жануары-домашные животный
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Жұмбақ
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағды. Бұл не? Жұмбақтың жауабын табады.Жауабы: түйе.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Қандай үй жануарларын білесіңдер?
-Түйе үй жануары ма, әлде дала жануары ма?
-Түйенің қандай пайдасы бар?
-Түйе төлін қалай атаймыз?
-Балалар, жануаларды тебуге немесе таяқпен ұруға болады ма?
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ие-ие-ие
Шөгіп жатыр түйе.
Құлындайды бие,
Табылар саған ие.
«И» дыбысының дауысты дыбыс екендігін айту.
Сергіту жатыгуы.
Мен өркешті түйемін,
Басымды жерге иемін.
Маң-маң басып далада,
Жантақ жеуді сүйемін.
Дәптермен жұмыс: Үй жануаларына жатпайтын жануаларды анықтап, оларды қорша» тапсырмасын орындау.
Дидактикалық ойын: Үй жануалары
Ойын мақсаты: үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету.
Шарты: хатқалтадан үй жануарлары бейнеленген суретерді алып, сол суреттегі жануарды атап, олардыі да уысын келтіріп,(мө-мө-мө, мяу-мяу-мяу) оларды адамдар қалай еркелетіп атайтынын айту. Мысалы: боташым құлыншағым т.б. -Жылқы, түйе, ит, мысық, қой, ешкі т.б.
-Түйе үй жануарларына жатады.
-Түйе сүті-шұбат және-тағам.
Жүнінен көрпе жасайды, киім тоқиды.
-Төлін –бота деп атайды.
-Жоқ ұруға да, тебуге де болмайды.
Дыбысты анық айтуға тырысады.
Балалар «н» дыбысынан басталатын сөздерді айтады.
Сергіту сәтін жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Балалар ойын шартын түсініп, ойынды ойнайды.

Рефлекциялық-түзетушілік Балалар соңынан оқу іс-әрекеті белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау. Балалар қуанышты сезімде болады.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: үй жануарлары қандай екенін, олардың қандай пайдасы бары жайлы білу;
Игереді: жан-жануарлардың қалай дыбыстайтынын;
Меңгереді: үй жануарларының төлдерін біледі.