2,4,6,7,9 сыныптар?а арнал?ан ?й жануарлары,Мені? с?йікті жануарым,Б?ркіт,Мемлекеттік тіл,Уа?ыт алтыннан да ?ымбат.


Қазақ тілінен бақылау диктанттары
2 класс
Үй жануарлары.
Мынау – үй жануарлары.Олар:жылқы,түйе,сиыр,қой,ешкі. Жылқының төлі –құлын.Бізде сиыр бар.Сиырдың бұзауы бар.Бұзау кішкентай. (20 )
4 б класс
Менің сүйікті жануарым.
Менің сүйікті жануарым бар.Ол –қоян. Қоян кішкентай. Ол қорқақ болса да,сондай әдемі, ақ.Қоян орманда мекендейді. Қоян секіріп жүреді.Қоянның құлағы ұзын,құйрығы қысқа.Қоян сәбізді жақсы көреді.Мен қоян туралы ертегілер оқыдым.Мен қоян туралы мультфильмдер көрдім.(40)
6 класс
Бүркіт.
Бүркіт- үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, бір—екі жұмыртқа табады. Бүркіт балапанын екі-үш ай баулиды. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп алады.
Бүркіті қолға үйретіп, баптап, саятшылықта пайдалану — қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері. Бүркіттің балапанын ұядан алу үшін үлкен тапқырлық керек. Бүркіт жылдан-жылға азаюына байланысты Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.(61)
7 класс
Мемлекеттік тіл.
Қазак тілі түркі тілдері тобына жатады. Ол халык тарихымен бірге жасап, ұрпактан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде кызмет етіп келеді. Қазір казак тілі — Қазакстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір мемлекетте мемлекеттік тіл – елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады.
Қазақ тілі — қазак халқының ана тілі. Ол мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. (75)
9 класс
Уақыт алтыннан да қымбат.
Уақыттың тез өзгеру заңдылығы бар. Біздің күнделікті жасап жатқанымыздың бәрі де өтеді,кетеді. Бәріміз білеміз, уақытты тоқтата алатын күш жоқ.
Уақыт алтыннан да қымбат. Неліктен олай айтылған? Өйткені адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне белгілі бір бағыт белгілейді. Халықтың тіршілігі, мәдениеті, тарихы, сол тарихтағы өзгерістер уақыттан тыс бола алмайды.
Адамзаттың дамуы да уақытқа байланысты. Уақыт кері жүрмейді, қаншама тарихи өзгерістердің бәріне куә - уақыт. Сондықтан біз «уақыт - алтынды» бағалай білейік.
Уақытты жоспарлап үйренген адам жинақы болады,тәртіпке үйренеді.Ол көп нәрсеге уақыт табады. Уақытты босқа өткізбеу керек,өзіне пайдалы іспен айналысқан дұрыс.Уақыттарыңды бағалаңдар! (95)