Т?л дамыту Мені? отбасым Саба? жоспары
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы «Қатынас»
Бөлім: Тіл дамыту
___________________________________
Тақырыбы : Менің отбасым.
Мақсаты : Балаларды отбасылық, еңбек қатынастар саласында белсенді тәжірибе мен білімге ие болуға үйрету. Отбасы туралы түсініктерін кеңейте түсу.
Кішіпейілділікке, ақылдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:Суреттер.
Іс-әрекетінің кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті (дәлелді)- ықпалды Жылулық шеңберіне тұру.
Анам- күнім, жүрегім,
Әкем- асыл тірегім.
Әжем- асыл ардағым.
Атам- қайсар бұлағым. Шеңберге тұрып,тілек тілеу.
Қайталап,жаттайды.
Ұйымдастыру- барлау Қ.Күзембай. «Осындай біздің отбасы» өлеңін оқимыз. Мазмұнын түсіндіру.
«Отбасы» жайлы әңгіме.
Суретпен жұмыс.Отбасы мүшелерін ата.
Кім немен айналысып жатыр?
Дидактикалық ойын: «Бізде былай, ал сіздерде ше?»
Тыңдайды.
Әр бала өз отбасы туралы айтады. Отбасы мерекелері,
әке- шешесінің, апа, атасының
мамандықтары жөнінде әңгі- мелеп береді.
Жауап береді.
Ұйымдастыру- барлау « Бақытты біздің отбасымыз» әңгіме оқу.
Мазмұнын түсіндіру.
Логикалық сұраққа жауап береді.
Атам,әжем,
Әкем, шешем,
Әпкем, сіңілім,
Ағам, інім және мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Рефлексифтік- қорытындылау Отбасы- кіші Отан.
Әдепті бала болу керек!
Менің отбасым- бақытты. Бағалау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үлкендерді сыйлау, кішіге қамқор болу керек.
Ата –ананы сыйлау керек, көмек көрсету керек туралы түсінігі болу керек.
Істей алу керек: Әке –шешені қуанту үшін жақсы оқу, тәртіпті, таза жүру.