Жаз?ы сауы?тыру ала?ына арнал?ан мектеп психологіні? ж?мыс жоспары


Бекітемін:
Мектеп директоры:
Адамов Х.Б.
«____»_______2016ж.
Балтасап негізгі мектебінде «Балдаурен» сауықтыру алаңындағы мектеп психологінің жұмыс жоспары
2015-2016 оқу жылы
№ Тақырыбы Әдіс-тәсілі күні уақыты жауапты
1 «Танысу» тренинг 2.06 10-1030 Психолог
2 «Сыйлық» тренинг 3.06 10-1030 Психолог
3 «Бәріміз бірге» тренинг 6.06 10-1030 Психолог
4 «Керсіншелер елі» тренинг 7.06 10-1030 Психолог
5 «Орныңды тап» тренинг 8.06 10-1030 Психолог
6 «Ойлан да аяқта» тренинг 9.06 10-1030 Психолог
7 «Жаңа ертегі» тренинг 10.06 10-1030 Психолог
8 «Сиқырлы дөңгелектер» тренинг 13.06 10-1030 Психолог
9 «Қиял жалғасы» тренинг 14.06 10-1030 Психолог
10 «Ондай болуы мүмкін емес» тренинг 15.06 10-1030 Психолог
11 «Егер осылай болса...» Тренинг 16.06 10-1030 Психолог
12 «Жазғы сауықтыру алаңынан алған әсерім» Ой толғау 17.06 10-1030 Психолог

Мектеп психологі: Атыгулова А.С.
.

Тақырып атауы: « Танысу »
Өткізілген күні: 2.06.2016ж

Бөлмеде жүре бастайсыз, сол кезде әр адаммен қолмен амандасу керексіз. Амандасқан кезде қарапайым сәлемдесу сөздерін айтуға болады мысалы, «Сәлем! Қалын қалай? Қалайсың?» т.б. Бірақ, бұл ойынның ерекшелігі, амандасқан адамның қолын басқа адмның қолынан ұстаған кезде жіберуге рұқсат, сонымен бұл ойын кезінде сен топтағы адамдармен үзілмейтін қатынаста боласың.
Тақырып атауы: «Сыйлық».
Өткізілген күні: 3.06.2016ж
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Балалар сағат тілімен сол жақта тұрған көршісіне сыйлық сыйлайды. Сыйлықты ым-ишара арқылы көрсетуі тиіс. Нендей сыйлық жасап жатқанын түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды, үнсіз жасалынады. Соңында қандай сыйлық алғанын табу керек.

Тақырып атауы:«Бәріміз бірге».
Өткізілген күні: 6.06.2016 ж
Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.
Тақырып атауы:«Керсіншелер елі».
Өткізілген күні: 7.06.2016 ж
Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
Тақырып атауы:«Орныңды тап ».
Өткізілген күні: 8.06.2016 ж
Мақсаты: Зейінді тұрақтандыру
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан – жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі ). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
Тақырып атауы:« Ойлан да аяқта».
Өткізілген күні: 9.06.2016 ж
Мақсаты:
 – Ат шабады, ал қарлығаш…
– Ит үреді, ал қарға…
– Жылан жорғалайды, балық…
Тақырып атауы:« Жаңа ертегі».
Өткізілген күні: 10.06.2016 ж
Мақсаты:
Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.
Тақырып атауы:« Сиқырлы дөңгелектер».
Өткізілген күні: 13.06.2016 ж
Мақсаты:
Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: Құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.
 

Тақырып атауы:« Қиял жалғасы».
Өткізілген күні: 14.06.2016 ж
Мақсаты:
Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайдТақырып атауы: «Ондай болуы мүмкін емес».
Өткізілген күні: 15.06.2016 ж
Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады.
Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері,табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаялары туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім "ондай болуы мүмкін емес" деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы мараппатталады.
Тақырып атауы:«Егер осылай болса».
Өткізілген күні: 16.06.2016 ж
Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы:
- егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
- егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с.
«Тақырып атауы: « Жазғы сауықтыру алағынан алған әсерім»
Өткізілген күні: 17.06.2016ж
Жазғы сауықтыру алаңынан алған әсерлері жайында ой толғау жазу.