Ханды? мемлекеттегі бас?ару ж?йесі
Күні: 24.01.17
Сыныбы: 10 «Ә»
ІІІ тарау. Қазақ хандығының және қазақ мемлекетілігінің қалыптасу тарихы
Тақырыбы Хандық мемлекеттегі басқару жүйесі
Мақсаты Қазақ хандығының басқару жүйесін, хандардыңел басқарудағы саясатын, әкімшілік-құқық нормаларының ерекшеліктерін білу.
Міндеттері Қазақ хандарының басқару құрылымдарын біледі
Қазақ хандарының ел басқарудағы саясаттарын салыстырады,баға береді.
Өзара пікір алмасады,ойларын жүйелі жеткізуге дағдыланады.
Күтілетін нәтиже Хандардың басқару құрылымдарын талдайды,тыңдайды, өзара пікір алмасады. деректерді салыстырады , қорытынды жасайы.
Типі Жаңа білімді меңгеру
Түрі Интербелсенді
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Tarsia, Модерация, әткеншек,РАФТ,ПОПС,Фишбоун.
Қолданылатын ресурстар маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер
Ұйымдастыру кезеңі
«Сөз тізбегі» әдісі
Оқушылар айнала шеңбер құрады және кезегімен сағат тілі арқылы бір оқушы бір сөз айтады. Кез келген сөздің соңғы буынынан жаңа сөз құрастырады.
Мақсат:оқушылардың ойлануға итермелейді және ойларын жинақтайды.
Оқушылар бірін –бірі қайталамай сөз құрастырады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Tarsia Үш топқа үш түрлі кескіндерді таратамын.
Мақсат: оқушылардың ойын жинақтау, сөздерді құрастыра отырып, анықтама жасауға бағыттау және жаңа тақырыпқа шығу. Кескінде берілген сұрақтарға оқушылар біріге отырып өз ойларымен бөліседі.
Модерация Тақырыпты толық қамту үшін жұптарға мәтінді үлестіріп беремін.
Менің түйінді ойым
Досымның тапқаны
Тұжырым, пікір, сұрақ
Мақсат:Барлық оқушылар өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, жұптар мәтінді оқып талқылап ойларын дәптерлеріне түсіреді.
Тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары қалыптасады.
Оқушылар мәтіндерін оқып болған соң өз ойын дәптеріне түсіреді және жұбының пікірін екінші бағанаға түсіреді.
Әткеншек Оқушылар үлкен ішкі сыртқы шеңбер жасап жайғасады.тақырыпты кең көлемінде түсіну үшін сағат тілімен сыртқы ішкі шеңберлер жылжи отырып бір бірлеріне өз мәтіндерін түсіндіреді. Ал тыңдаушылар айтылған мәліметтерді жинақтай отырып дәптерлеріндегі үшінші бағананы толтырады.
Мақсат: барлық оқушылар өз мәтіндерін сыныптастарына түсіндіреді, түсінеді, ойларын жинақтайды және дәптерлеріне жазып шығады. Барлығы түгел қатысады.
Оқушылар өз мәтіндерін сыныптастарына мысалдар келтіре отырып түсіндіреді, тереңінен түсінуге мүмкіндігі болады.
РАФТ
ПОПС
Фишбоун Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.
1 –топ. «РАФТ стратегиясы»
Р- рөл
А- аудитория
Ф- фармат
Т- тақырып
2 – топ. «ПОПС» әдісі
П – позиция (көзқарасы) – менің ойымша…
О – өз көзқарасыңды негіздеу - (себебі)…
П – дәлел (факты) - мысалы…
С –Шешім (қорытынды) – сол себепті.
3- топ. «Фишбоун» әдісі
Оқушылар сол кезеңдегі тұлғалар роліне ене отырып жазып шығады.
Бағалау критерийі
Мәтінді толық игеруі - 1 балл
картамен жұмыс жасай алуы 1 балл
Өз мәтінін жоғары деңгейде түсіндіре алуы - 1 балл
Талқылауға қатысуы - 1 балл
Бағаналарды толық толтырылуы - 2 балл
Өз көзқарасын айту және соған дәлелдер ұсына білу – 3 балл
Кем дегенде өмірмен байланысты екі дәлелдер келтіру – 2 балл
1-2 «2»
3-6 «3»
7-9 «4»
10-11 «5»
Кері байланыс Кері байланыстың 321 стратегиясы
1. Бүгінгі cабақтан есте қалған 3 нәрсені жазыңыз.
2. Сабақ барысында естіген 2 маңызды ұғым жазыңыз.
3. Талқылау барысында туындаған 1 сұрақ жазыңыз.
Үйге тапсырма
Беру Қазақ даласындағы заңдар жүйесі туралы мәлімет қарастыру.