?арулы к?штерді? мемлекеттегі орны
3-сабақ.§2 тақырып. Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.
Білімділік: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру.
Дамутышылық:Оқушылардың өз пікірін еркін жеткізу,сараптау,қортынды шығару дағдыларын үйрету.
Тәрбиелік:Ұлтжандылық,жауапкершілікке дәріптеу.
Сабақтың типі:аралас сабақ.
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: АӘД оқу кабинеті.
Көрнекі құралдар:АӘД оқулығы,Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары.
Өітілетін күні:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. ӨҚН.Дауылдар,бұрқасындар,қарлы-борандар. Қаралатын сұрақтар:1.Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ҚРҚК.2.ҚРҚК-отансүйгіштік және көпұлттылық мектебі.3.Әскери анттың әскери қызметкерлерге қоятын талабы . 4.ҚРҚК рәміздері,әскери бөлімнің туы. ә)Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі 8-минут -Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді қалай түсінесіңдер? -Армия дегеніміз не? Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны туралы айтып беріңдер?Әскери анттағы жауынгерлердің жауаптылығын айтыңыздар? б) Негізгі бөлім – 25 минут. 1.Қоғамның саяси жүйесінде мемлекет халық билігін жүзеге асырушы басты құрал ретінде жетекші орын алады.Қарулы Күштер-мемлекеттік механизмнің құрамдас бөлігі,ол қоғамдық құрылысты,аумақтық тұтастық пен елдің тәуелсіздігін қарумен қорғау үшін арнайы құрылған. «Армия саясаттан тыс тұрады».Армия қоғамның бір бөлігі,мемлекеттік механизмнің элементі бола отырып,саясаттан тыс бола алмайды,сондай-ақ оның субьектісі де бола алмайды,болуға тиіс те емес.Армия-мемлекеттің жоғары заң шығарушы және атқарушы органдары белгілеген саясатты жұзеге асыру құралы.Армия азаматтық бақылау жасау-өркениетті мемлекеттердің дұрыс өмір сүруінің басты шарты.ЕҚЫҰ аясындағы Копенгаген кеңесінің құжаттарында Қарулы Күщтер мен полиция азаматтық билік бақылауында болады әрі оған есеп береді деген арнайы нұсқау бар.Бұл принциптің әрекеті әлемнің барлық елдері Конституциясында заңмен бекітілген.Армияның қоғамдағы орны мен мақсатын есепке ала отырып,көптеген елдердің заңдары әскери қызметшілердің партияларға мүше болуына,саяси іс-әрекеттерге қатысуына мүлдем тыйым салады.ҚР Конституциясына сәйкес Қарулы Күштердің жауынгерлері толық құқылы азаматтар болып табылады,әрі біздің заңымыз бойынша,сайлауға және сайлануға ешбір шектеусіз құқылы. 3.Әскери антта қысқаша әскери қызметшінің бойында болуға тиісті моральдық-саяси,жауынгерлік қасиеттері жайлы баяндалады.Ең негізгі талаптың бірі-адал болу.Бұл кездейсоқтық емес.Адамнан адалдықты,шындықты талап ететін армиялық заң ғана емес.Әсіресе қазіргі күні,Қазақстан өз дамуының жаңа сапалы кезеңінде түрғанда,адалдықтың,шыныдықтың бұрмаланбауын талап ету-ерекше мәнге ие.Тек адал адам өз мемлекетінің қауіпсіздігін,оның қорғаныс қаблетілігінің нығаюы үшін күреске белсенді қатынасады.Жауынгерлер адалдықтың ұрыста ғана емес,күнделікті өмірде де қажет екенін түсінуі керек.Қазақстан армиясында біздің республикамыздағы барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері қызмет етеді.Мұнда олар жауынгерлік достық пен әскери туысқандықтың өзіндік мектебін өтеді.Республиканың Қарулы Күштері-Қазақстан аумағында тұрған бұрынғы одақтық армия құрамалары мен бөлімдерінің базасында құрылған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ НЫШАНДАРЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ТУЫ. ҚР ҚК-нің әскери нышандары ҚР Президентінің 1996 жылғы 18 шілдедегі №3068 Жарлығымен бекітілген.
ҚР ҚК-нің әскери нышандары мыналар: ҚР ҚК түрлерінің жалаулары, ҚР ҚК-нің әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары
ҚР-ның азаматтары, сондай – ақ ҚР аумағында тұрып жатқан адамдар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге міндетті.
ҚР-ның жауынгерлері, сондай – ақ әскери жиындарға шақырылған азаматтар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге, ұрыста жауынгерлік туларды жанқиярлықпен және ерлікпен қорғауға, қарсыластың оларды тартып алуына жол бермеуге міндетті.
ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары мен ҚР ҚК-нің нышанын қорлаған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жазаланады.
ҚР ҚК нышанының ортасында күн және бес жұлдыз астында шарықтаған бүркіт бейнесі салынған.
ҚР ҚК-нің нышаны екі түсті: қызыл қоңыр және алтын түсті, ол ҚР қорғаныс министрлігінің ғимаратында сақталады.
ҚР ҚК нышанының бейнесі: ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимаратында, ҚР ҚК түрлерінің штабтарында, ҚР ҚК –нің құрамалары, бөлімдері, бірлестіктері, әскери оқу орындары мен мекемелерінде; ҚР Қорғаныс министрі кабинетінде; ҚР Қорғаныс министрлігі алқасының мәжіліс залдарында және ҚР ҚК түрлерінің әскери кеңестерінде, офицерлер үйлері мен жауынгерлер клубтарының мәжіліс залдарында орнатылады.
Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы – оның ҚР ҚК –не жататындығын көрсететін ерекше құрметті белгі.
Жауынгерлік тудың өлшемі: ұзындығы 145 см, ені 115 см.
Матаның жоғарғы шетінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі шетінде «ОТАН ҮШІН» деген жазу тігілген. Матаның сыртқы жағында жоғарғы шетінде «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» орталығында күн мен сәулелері және қалықтаған бүркіт бейнеленген қызыл-күрең түсті жібектен бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың астында әскер бөлімінің нөмірі мен аталымы тігілген.
Жауынгерлік ту әрқашан өз бөлімімен бірге жүреді. Әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамы ұрыста өздерінің Жауынгерлік туын жан аямай қорғауға міндетті, оны қарсыластың тартып алуына жол бермеу керек.Жауынгерлік туды жоғалтқан жағдайда – мұндай абыройсыздыққа тікелей жауапты әскери бөлім командирі мен әскери қызметшілер сотқа тартылып, әскери бөлім таратылады.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны дегенді қалай түсінесіңдер?2. ҚР ҚК-нің әскери нышандары туралы айт. Олар неге арналған?3.Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы дегеніміз не? Әскери ұжым үшін оның маңызы қандай? Ол туралы түсінігіңді айтып бер.ҚР ҚК туларының түстерін суреттей отырып айтып бер.
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ Тойғанбеков С.Ж.