Ашы? саба?білім мен ?ылымны? ?о?амда?ы р?лі
Бекітемін:
Уақыты:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Білім мен ғылымның қоғамдағы ролі.
Сабақтың мақсаты:
-тақырып тұжырымдамасын түсіну.
Сабақтың міндеті:
-сабақ сатыларына арналған сұрақтар көмегімен талқылау, ойлы тұжырым жасауға мүмкіндік беру.
-оқушылардың тақырып тұжырымдамасын түсінуін бағалау,
-жекеленген оқушылардың қажеттіліктерін ескерту.
Күтілетін нәтижесі:
-тақырып тұжырымдамасын оқушылардың түсінуі;
-сөйлеу мәдениеті дамып, ойлау қабілеттерінің артуы;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, деректі видеороликтерСабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу; 2) Оқушының сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3) Ынта-зейінін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Адамдарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын күш?
( руханият)
Адамның рухани дамуы үшін не қажет?
( адамның дүниетанымының кеңдігі, санасының жоғарлылығы, ізгілік үшін белсенділігі, өзгелерге сүйіспеншілігі, адамгершілік қасиеттерінің болуы)
3. Рухани мәдениет дегеніміз не?
(жеке адамның білім қорын, меңгерген ғылымын, ақылын, шығармашылық қабілетін, ойлау тәсілін, біліктілігін айтамыз.)
Қорытынды: Адамның рухани дамуы мәдениетте үлкен рөл атқарады. Өйткені руханилығы жоғары адамдары бар қоғам ғана жоғары дамыған мәдениет жасай алады.
Видеоролик көрсетіледі: «Қазақстанда білім беру жүйесі өркендеуде»
Топтастыру: стикер арқылы оқушыларды екі топқа бөлу
білім
ғылым
Тапсырмалар көздері:
Жаңа сабақты меңгерту тапсырмалары:
1-тапсырма. Топтастыру стратегиясы. Бұл тапсырма бойынша оқушылар өздеріне берілген тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы топтастырады және ауызша түсіндіреді.
1-топ. – жастардың тиянақты, сапалы білім алуы, өздігінен білім алу.
2-топ. – білімді өмірлік пркатикада қолдана білу, жеке адамның көрсеткіші
2-тапсырма. «Сөздер банкі- біздің тақырып» стратегиясымен 4-тақырыпша «Білім – таусылмайтын байлық» тақырыбын кілт сөздермен жұмыс жасау арқылы түсіну жұмысы. Банкіге салынған кілт сөздер арқылы мәтін құрап әңгімелейді.
1-топ. Кілт сөздер: 1- ұрпақ, 2- келешегі жарқын, 3- білімсіз, 4- қоғам, 5- құра алмайды;
2-топ.Кілт сөздер: 1-жастар, 2-болуы керек, 3- деген, 4- білім, 5- құлшыныс;
Сергіту сәті.
3-тапсырма. « Ұлы ғалымдарды білесің бе?»
."Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов.
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
Ахмет Байтұрсынұлы
Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды.
А.П.Чехов.
4-тапсырма. Мақал табу сайысы.
«Білім – ағып жатқан бұлақ, бұрынғының сөздері – жағалай біткен құрақ»деген тақырыпта тақтада мақалдар тізбегі тізіледі. Оқушылар оқып болған соң, тақтаны жауып тастап, есте қалған мақалдарды қағазға түсірту. Ондағы мақсат –оқушылардың көргенін қаншалықты есте сақтайтыны мен өздері білетін мақалдарын білу.
«Ынтымақ түбі – игілік, тірлік түбі – игілік», «Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты асырар», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Ырыс алды – ынтымақ», «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп», «Теңге – тиыннан, ынтымақ – ұйымнан», Кітап - алтын қазына. Кітап - білім бұлағы,Білім - өнер шырағы. Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім. Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан. Кітап - қаймақ, білім - оймақ. Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі. Білім арзан, білу қымбат. Ғылым - теңіз, білім - қайық. Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. Ілім – бұлақ ,Білім - шырақ. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
5-тапсырма. «Менің пікірім»
Әр заманның өз данышпаны бар. Кезінде жоғары білім алмаған адамдардың арасынан да талай мықтылар шыққан. Мысалы, Әл-Фарабидің заманында қандай технология болды? Абайдың заманында да жоғары білім болған жоқ. Абай орта білім де ала алған жоқ.
Бұл туралы не айта алар едіңдер?
Сабақты бекіту:
Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?
Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтадыңдар?
Мақсаттарыңа жету үшін өз білімдерің
жеткілікті деп ойлайсыңдар ма?
Білімді шыңдау үшін не істеу қажет?
Қорытынды. Ел болашағы – білімде. Қазақстанның болашағы өздеріңсіңдер.
Білім нәрімен сусындаған білімді бала, сен де қоғамның мүшесісің,еліміздің болашақ азаматысың.
Туған еліміздің бай да, дәулетті болғанын қаласаң, өзіңнің де мұң- мұқтажсыз дәулетті өмір сүргің келсе, осы бастан білімді боп өсуге күш салуға тиіссің. Болашақ сені жетелейді.Қадағалап оқып жүрген шәкірттің білім аясының үздіксіз кеңи беретіні анық.Сондықтан, балалар талаптарыңа нұр жаусын!
Бағалау: Жеке бағалау, топтық бағалау.
Үйге тапсырма: «Адамды білім сақтайды» эссе жазу.