?о?амда?ы м??алім ж?не оны? ролі коучинг сессия жоспары


Коучинг сессия жоспарыАрхабаева Жупар Копбаевна
Тақырыбы Қазіргі қоғамдағы мұғалім және оның ролі
Жалпы мақсаты Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу
Оқыту нәтижесі Ұстаздардың алдындағы ең биік меже - әр пәннің өз мазмұнынан туындайтын сан алуан әмбебап тәсілдерді рет-ретімен жүйелеп шәкіртінің санасына ұмытылмастай етіп сіңдіру, сонымен қатар оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік бередітінін түсінеді
Негізгі идея Өмір өзгереді, балалар өзгереді, педагогика өзгереді. Ескісі немесе жаңасы болсын, әрбір әдістеме өз шегіндегі жағдайларда жақсы, сол шекті жағдайлар өзгерсе, педагогиканың әдіснамасы да өзгереді, ал жақсарулардың шегі жоқ
Дереккөздер 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық І, ІІ, ІІІ деңгей
Қажетті құрал-жабдықтар Компьютер, проектор, экран, флипчарт, маркер, стикер, постер,
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"К.Д.Ушинский
Сессия кезеңдері
80-85 минут Коучтың әрекеті Қатысушылардың әрекеті
Сергіту сәті 3-5мин
(мұғалімдер арасындағы жағымды психологиялық ахуал орнату) Бірінші жаттығу «Құрт»
Қатысушылар бірінің артынан бірі бір қатарға тұрады, араларында ауа шары, бұл-құрт. Құрт қалай ұйықтайтынын, жылжитынын, керілетінін, жуынатынын көрсетуі керек.
2-жаттығу 5мин
(тренинг кезінде мұғалімдер жағымды эмоция алады , олардың жұмысқа ынтасы артады!) Тренинг (Көңіл күйді көтеру үшін) «АЙГҮЛ, АЛМА, АРЫС"
Бұл жаттығудың ерекшелігі. Адамның аты, тамақ атауы мен қаланың аты үшеуі бір әріптен басталуы керек және бірін бірі қайталамауы керек. Әр қатысушы үштіктің көмегімен өздерін таныстырады. Мұндағы:
- бірінші сөз – оның есімі,
- екіншісі – тамақ (мүмкіндігінше өзі жақсы көретін!),
-  соңғы сөз – қала атауы
Рефлексия 5 мин Қатысушыларға сұрақ:
- Осы жаттығуды орындаған кезде не сезіндіңіздер?
- Осындай жаттығу кезінде оқушылар өздерін қалай сезінеді деп ойлайсыздар? Қатысушы мұғалімдер өз ойларымен бөліседі.
Топқа бөлу
Шардың түсі бойынша Бір түсті шарға ие болғандар бір топқа топтасады
Таныстырылым Таныстырылым көру: «Сіздің мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі». Рефлексия (Сын тұрғысынан ойлау) 5 мин Жер шарындағы барлық мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері қандай? Мұғалімдер ойларымен топта ақылдасып, ұжымда бөліседі
Сергіту сәті Сергіту «Көңілді күн» Топқа бөлу
(Өлең шумақтары бойынша)
1-топ.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
2-топ.
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
3-топ.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
4-топ.
Нұр құйған бөбектердің зердесіне,
Білімнің сусындадым теңізінен.
Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,
Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.
 5-топ.
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!
Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөлінеді
Тапсырма
15 мин
«Қазіргі қоғамдағы мұғалім»
1-топ.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар2-топ.Мұғалім- адамтанушы мамандық3-топ.Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі4-топ. Мектептегі мұғалімнің орны мен рөлі. 
5-топ.Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі Топтық жұмыс .Қатысушы мұғалімдер топта ақылдаса отырып, ойларын постерге салады.
Бағалау Постерді қорғау, бағалау Бірін бірі бағалайды
Бейнеролик Өзіңді таны: «Мұғалімнің сүйікті сөздері» Қорытынды Кері байланыс:
- Осы сессиядан өзіңізге қандай пайдалы және жаңа мәлімет алдыңыз?
- Презентация мазмұны сізге пайдалы болды ма? Несімен?
- Осы әдістерді оқушылармен, әріптестермен жұмыс кезінде қолдануға болады деп ойлайсыз ба? Болса, қандай кезде қолдануға болады?
-Коучингтің жүру барысында нені жақсарту керек деп ойлайсыз?
Қатысушы мұғалімдер кері байланыс парағын толтырады.
Сәтті тұсы: Мұғалімдердің қызығушылығы уақыт өткен сайын артуда. Әрбір көрсетілген іс-әрекетті өз өмірлерімен байланыстырып, келешекте сабақтарында қолданатындығын айтты. Топқа бөлудің жаңа түрін үйренуі, қатысушы мұғалімдердің белсенділігі, үйренуге деген құштарлығы артты.
Сәтсіз тұсы: Бір жас мұғалім коучинг барысында жақсы тыңдап отырғанымен кері байланыс кезінде өз ойын толық жазбаған. Кейін себебін сұрағанда бұл жаңа әдіс-тәсіл оны қазақтырмайтындығын және бұл тек уақыт өткізуге арналған деді. Мен оған оның әлі көзқарасының өзгермегендігін, жас та болса оның бойында алға ұмтылушықтың жоқтығын айттым және тәлім алушым Мауленгүлді мысалға ала отырып оның осы іс-әрекетті бастағанға дейінгі және кейінгі кезін саластыра отырып дәлелдедім.
Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау: Мұғалімдердің әсіресе жастардың толық қатыспауы.Мұғалімдердің кері байланысты дұрыс бере алмауы. Ойларын жалпылама жазуы мені кері байланыс туралы коучинг немесе семинар өткіземін деген ойға келтірді.
коучингке мектеп әкімшілігінің толық қатысуы, олардың өздерінің де осындай үш айлық курстарға барғысы келетінін байқатты. Себебі олар өткізілген коучингтер арқылы деңгейлік курс бағдарламасы туралы көптеген мағлұматтар алды. Сонымен бірге мұғалімдерді де осындай курстарға көптеп жіберу мақсатында олардан сауалнамалар алып жатты.
2102485183515-10541076835
-30029151637665453707514662154703445-6350
48698151369060-30797562865
-307975130810
10668045720
9461558420
-29591020320
177736515875
4822190157480
-374015463550
399415177800