Урок на тему К?ш. Ньютонны? екінші за?ы. Масса
Сыныбы: 9 «а»
Сабақтың тақырыбы:
Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға механикалық күштер туралы, олардың формуласын, бағытын түсіндіру; сонымен қатар, динамиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау; масса ұғымынығ физикалық мағынасын ашу;
Дамытушылық:жүйелі түрде ойлауға, ізденуге, өз ойын ашық түрде айта білуге үйрету; білімге деген құштарлығын ояту
Тәрбиелік: мұқияттылыққа, үйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға, өздерін еркін ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақты игерту, бекіту
Қолданылатын әдістер:оқулықпен жұмыс, кестемен жұмыс, есептер шығару, топтастыру стратегиясы
Көрнекіліктер:кесте, физикалық диктант, қарточкаға жазылған деңгейлік есептер
Пәнаралық байланыс:математика
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
амандасу, түгендеу, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру
Үй жұмысын тексеру
үйге берілген тапсырманы сабақ барысында тексеру
3. Жаңа білімді игерту
А) топтастыру стратегиясы
Анықтамасы
Қандай шама
Күш
Белгіленуі Өлшем бірлігі
түрлері
өлшейтін құрал
Жауаптары:
Анықтамасы: Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әркеттің өлшемі болып табылатын физикалық шама.
Күш – векторлық шама
Өлшем бірлігі: Ньютон
Өлшейтін құрал: динамометр
Белгіленуі:F
Түрлері: Ауырлық күші, үйкеліс күші, серпімділік күші, тіректің реакция күші
Ә) кестемен жұмыс (оқулықпен жұмыс)
Р/с Күштің түрлері Белгіленуі Формуласы Анықтамасы Бағыты
1 Ауырлық күші 2 Серпімділік күші 3 Үйкеліс күші 4 Тіректің реакция күші 5 Теңәрекетті күш § 12. Ньютонның екінші заңы. Масса
Күштің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп аталады.
Масса – дененің инерттілігінің өлшемі
Ньютонның екінші заңы: денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал.
a=FmНьютонның екінші заңының формуласын
F=amБұл теңдеу динамиканың негізгі заңы деп аталады.Бұдан теңәрекетті күш үдеудің шамасы мен бағытын анықтайтыны шығады.
Ньютонның ІІ заңының негізінде күш бірлігі енгізіледі.
Күш бірлігіне массасы 1 кг дене 1 м/с2 үдеу тудыратынын күш алынған. Си жүйесіндегі күш бірлігі Ньютон (Н) деп аталады. Сонымен,
1Н= 1 кг*м/с2
4. Білімді бекіту
(карточкада жазылған тапсырмалар)
5.Үйге тапсырма
1. § 11,12; 10 жаттығу
2. Күш туралы мақал-мәтелдер
6. Қорытындылау, бағалау
А) «Алты қалпақ» әдісі
Ә) Бағалау