?аза? ?дебиетінен 9-сыныптар?а арнал?ан емтихан билеттері


Қазақ әдебиетінен 9 - сыныпқа арналған
аттестациялау (емтихан сұрақтары) билеттері
І нұсқа
1-билет
1. Халық ауыз әдебиеті және оның туу, пайда болу жолдары.
2. Тұрмыс – салт жырлары.
3.Эссе дегенге түсінік беріңіз.
2-билет
1.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
2. Асан Қайғы толғаулары.
3.Аңызға түсінік бер. Мысал келтіріңіз.
3-билет
1. Лиро- эпостық жырлар.
2. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры мен «Қыз Жібек» жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
3. Нысанбай жырау толғаулары.
4-билет
1. «Батыр Баян» лирикасы.
2. Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі».
3.Психологиялық параллелизм деген не? Мысал келтіріңіз.
5-билет
1. Ыбырай Алтынсарин «Бақша ағаштары».
2. Бұқар жырау толғаулары.
3. Метафора дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
6-билет
1. «Кенесары Наурызбай» жырының көркемдік ерекшеліктері.
2.Төрт түлік мал және хайуанаттар туралы ертегілердің адам өмірімен байланысы.
3. М.Мақатаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыз.
7-билет
1. Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы.
2. .Эпопея дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
3.Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылығы неде?
Нақты мысал келтір.
8-билет
1. Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы.
2. «Ескендір» поэмасынан үзіндіні жатқа айт.
3. Эпитет дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
9-билет
1.Ы.Алтынсариннің табиғат лирикасына тоқталып, бір өлеңін жатқа айт.
2.Кейіптеу дегеніміз не?Мысал келтір.
3.Абайдың қара сөзін жатқа айт.
10-билет
1. Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы.
2. «Күй» поэмасы мазмұны және үзінді оқу.
3. Архаизм мен историзм дегеніміз не?
11-билет
1. Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы.
2.М.Жұмабаевтың бір өлеңін жатқа айт.
3. Тарихи жырлар дегеніміз не ?
12-билет
1. Ғабит Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы.
2. «Абай жолы» роман – эпопеясы.
3. Ұйқас түрлері дегеніміз не?
13-билет
1. Ғабит Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы.
2.М.Мақатаевтың бір өлеңін жатқа айт.
3. Эпикалық жанрлар.
14-билет
1. Ілияс Есенберлин өмірі мен шығармашылығы.
2.Метафора дегеніміз не?Мысал келтір.
3.Ұйқас түрлерін ата.Мысал келтір.
15-билет
1. Тәкен Әлімқұлов өмірі мен шығармашылығы.
2.Эссе дегенге түсінік бер.
3. «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді.

16-билет
1. Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы.
2. «Боранды түнде» үзінді.
3.Махамбет Өтемісұлының бір өлеңін жатқа айту.
17-билет
1.Тұрмыс-салт жырлары туралы не білесің?2. Орхон ескерткіштері. Күлтегін жазуы.3.Эпитет дегеніміз не?
18-билет
1. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы.2.«Беташар», «Жар-жар» жырларында қандай тәлім-тәрбиелік мәселелер сөз болады?3.Теңеу дегеніміз не? Мысал келтір.


19-билет
1.Ертегілер ж/е оның құрылымдық ерекшеліктері.2. «Патша әмірі тарылды» өлеңінен үзінді.3.Психологиялық параллелизм дегеніміз не? Мысал келтір.

20-билет
Айтыс. Айтыстың түрлері.
Әуелеп ұшқан алты қаз,Жерге неге қонбайсың?Сіздер-тірі, мен-өлі,Жатырсың неғып демейсің?Үзінді қай жырдан алынған? Жыр туралы не білесің?
Кейіптеу дегеніміз не? Мысал келтір.