Саба?ты? та?ырыбы: А?ашты ?олмен ??деуге арнал?ан ??ралдар. 5 сынып 
Сабақтың тақырыбы: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдар.
Сабақтың мақсаты:  Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдармен         таныстыру. 
                                       Ағаш өңдеу құрал саймандары мен жұмыс істеу жолында ой-өрісін кеңейту. 
                                       Адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа және қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік:               Құрал саймандар:   ара ,сүргі,балға   және  т.б
Сабақ түрі:                Жаңа сабақ
Сабақ әдісі:               Түсіндіру, көрсету,істету.
Сабақ барысы:         І. Ұйымдастыру кезеңі
                                    1.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, түгендеу.
                                    2.Оқушылардың білімін тексеру.
Мақсат қою: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдармен жұмыс істеу жолын түсіндіремін  және  көрсетем.  
Жаңа сабақты түсіндіру: Ағаштан бұйым жасағанда әр түрлі аспаптар қолданылады. Оларға балта, қолара, балға, сүргі, қашау, ағаш балға, қол бұрғы, бұрыштық, стусло, бұрағыш, тістеуік пен қысқыш.
Балта- ағашты бөлшектеп жару немесе қашау сондай-ақ ағаш шабуға арналған құрал. Ағаштан бұйым жасаған кезде ағаш ұстасының және ағаш шеберінің балтасы жиі қолданылады. Ағаш ұстасының балтасы – ағашты бастапқы өңдеуге арналған. Ал ағаш шеберінің балтасынан кішірек. Оны ұсақ бөлшектерді өңдеуге арналған үшкір ұшы болады.
 Қолара – ағаш материалын кесуге арналған ара. Олар бойлай және көлденең кесуге арналған аралар деп бөлінеді. 
Балға - шеге қағу үшін, сондай-ақ басқа да жұмыстарға пайдаланылады. Балға екі бөліктен тұрады. Негізгі болып соққыш бөлігі саналады, ол ауыр металдар қорытпасынан жасалады. 
Ағаш бетін тегістеу үшін сүргіні қолданады. Сүрінің 3 түрі бар: Шерхебель - ағаштың бастапқы қатпар қабатын өңдеуге арналған, Әр-түрлі сүргілер – тазартып сүргілеуге арналған, Фуганок – ұзын ағашты соңғы өңдеуге арналған. 
Қашау – тазалап, өңдеу үшін қажет. Сондай - ақ ұста қашауының бірнеше түрі бар, оларды жүзінің еніне байланысты айырады.
Ағаш балға – ағаштан немесе резеңкеден жасалған болуы мүмкін. Ағаш балға қашаумен жұмыс істегенде қолданылады, оның сабы ұстауға ыңғайлы болады. Ағаш балғаны қолдану кескіш аспаптардың сабын бүлдіруден сақтайды.
Қол бұрғы – әр қилы диаметрлі саңылаулар бұрғылауға арналған құрал. 
Стусло – бөлшектерді тура және қисық бұрышта (45◦) кесу үшін қажетті жабдық. 
Түсінігін тексеру: 
Ағаш өңдейтін құрал саймандарды ата. Олардың бір-бірінен айырмашылығы және жұмыс істеу жолы. 
Сабақты бекіту: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құрал – саймандарды  және жұмыс істеу жолын білу.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:  Жазған конспектті оқып келу.